Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Суреттердегі тарих

2406
Суреттердегі тарих - e-history.kz
ҚР Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған картиналардың сериясы таныстырылды

2015 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Мәңгілік Ел» триптихының таныстырылымы өтті. 

Триптих — бейнелеу өнерінде жалпы идеясы бойынша біріктірілген үш картина. «Мәңгілік Ел» триптихы үш секцияға бөлінеді. Жобаға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі қылқалам шебері Ерболат Төлепбай жетекшілік етті. Отандық суретшілердің шығармашылық ұжымы картиналарды бірнеше жыл салды. 

b8b256079a45e5e3febd1d0e66d0d9f5.JPG

Сериядағы әрбір туындының мәні ерекше. «Мәңгілік Ел» триптихының бірінші бөлігі Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек хандардың бейнелерін негізге алады. Тарихи сюжетке құрылған туынды күрделі һәм көп бейнелі композициясының ауқымдылығымен, шығармашылық шеберлігімен ерекшеленеді. 

4d36b8a45c808829c2c46543d5a38410.JPG

Триптихтың орталық тұсында — ХХ және ХХІ ғасырларды түйістірген тарихи шекара аясындағы кеңестікке қадам басқан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бейнесі. Шығарманың басты мақсаты — елді дағдарыс пен күйзелістен сақтай отырып, халықты өз төңірегіне біріктіріп, соңынан ілестіре алған Ұлт көшбасшысын бейнелеу. Туынды авторлары Тұңғыш Президенттің көркем образын оның жеке қасиеттері арқылы емес, бірінші кезекте тұлғаның әлемдік деңгейдегі тарихи масштабын көрсету негізінде ашуға тырысқан. Кескіндемелік туындының ашық және қанық түстері біздің заманымыздың қажырлы да қайратты қарқынын білдіреді.

cc861cefdb2d20e47dfcfa427716cd56.JPG

cb1242fd226ed504c46edc9e196be8d5.JPG

Триптихтың үшінші бөлігі қазақтың дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы «Жеті жарғыға» арналады. Тәуке хан мен қазақтың әйгілі билері басты бейнелер ретінде орындалған күрделі композициялық туындыда көптеген кейіпкерлердің әрекеті біріктіріледі. Тарихи сюжеттің мазмұны сол дәуірге тән этнографиялық, архитектуралық элементтер арқылы ашылады.

578d0f74c5ddc69f4cb673efb30ca2c7.JPG

11ba4a45f7e4bfb07e858a44db4fb372.JPG

Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Суретшілер одағының мүшелері мен өнерсүйер қауым қатысты. 

ecdd327334ad91ebf6aa400e81302603.JPG

— Әркезде картиналардағы тарих қоғамдықтың үлкен қызығушылығын тудырған... Мен «Мәңгілік Ел» триптихының салыну кезеңдеріне өзім куә болдым. Оған жетекші тарихшылар мен суретшілер жұмысқа тартылды. Олар өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, баға жетпес тарихи мазмұндағы символдар және әртүрлі тұлғалардың бейнелерін салды. «Мәңгілік Ел» триптихы — Қазақстан тарихында алғаш рет атап өтілетін Қазақ хандығының мерейтойына арналған құнды тарту, — деп атап айтты өз сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?