Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Александр Шелестов

1521
Бір суреттің тарихы. Александр Шелестов - e-history.kz

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады... Қан майданда от кешкен батырларымызға, ардагерлерімізге зор құрмет көрсетіп, оларды үнемі еске аламыз.

Соғыстан уақыт өте келе осындай батырлардың саны азайып барады. Осылай, бүтін бір дәуір аяқталып жатыр, бірақ та оны ұмытуға ешқандай құқығымыз жоқ еді.

Біздің ауылымызда, 2011 жылы Жеңіс үшін қан майданда соғысқан соңғы сарбаз қайтыс болды.

Александр Васильевич Шелестов тып-тыныш осы дүниеден озған. Осылай, өз елінің қорғаны болған батырмен тілдесу мүмкіндігінен айырып қалғанбыз... Біздің мектебіміздің балалары ардагердің қонақжай үйіне жиі баратын болды. Оның басына түскен қиыншылықтар жөнінде ештеңе білмедік. Александр Васильевич 1920 жылдың 5 қарашасында Омбы қаласында дүниеге келген. Оның отбасында тоғыз бала болған, барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, әке-шешесіне үй шаруашылығына көмектесіп жүрген. «Прииртышский» кеңестік шаруашылығына көшкеннен бері, отбасының басы әртүрлі бөлшектерді қалпына келтіретін цехті ашты. 1937 жылы әкесі тұтқындалды, сондықтан да Александр Шестаков мектебін тастап, жұмыс істей бастады. 1938 жылы әкесі босатылған, ал 1940 жылы әскери комисариаттан шақыру қағазы келді, әрине, ол жас Александрға арналған.

Алғаш рет соғысты ол Жамбыл қаласында көрді. Ал маусымның басында Смоленск түбінде жас сарбаз алғашқы шайқасқа қатысқан.

Александр Васильевич былай деп есіне алады: «Немістер қатты бомбалады. Әсіресе Днепрдің жоғары жағында, Ярцев қаласының жанындағы өткелдегілерге бомбалаудың зияны көп тиді. Ал Вязьманың түбінде сондай абыр-сабыр болды, тіпті қазан айының басында әскери құрамамыз қоршауға алынған». Ардагердің сөзіне қарағанда, олар өздерінің танктерін қорғаусыз қалдырып, одан маңызды бағыттардағы шайқастарға қатысқан. Қалыптасқан жағдайда олар өз машинасын өрттеп жіберіп, өз әскерлерін іздеп, жаяумен барған. Ал орманға жеткенде, тура осындай жағдайға түскен басқа адамдарды кездестірді. Командирлер сарбаздарды біріктіріп, қоршаудан түнде шығуды жоспарлаған. Осы шайқаста Александр Шелестов басынан зақымданған, оның үстіне мина сынығынан қолына жарақат алған еді. Осындай дәрменсіз күйде тұтқынға алынып, Витебск қаласының түбінде орналасқан концлагерге көшірілген.

Ардагер айтқандай, мұндағы жағдайлар өте ауыр болды, сондықтан да өзінің тұтқыннан қашуын өте сәтті әрікет деп санаған; екі жас теңізшімен бірлесіп, қарауылда тұрған сарбазды ұрып есінен тандырған. Бір ғана түнде жаяумен 25 шақырым жүрген еді. Үш тәулік бойы жаяумен жүрген.

Ақырында қашқындар бір ауылға жеткен, мұндағы адамдар оларға көмектесіп, тамақ берген. Бірақ та аштықтан жаңа ғана құтылған адамға бірден көп тамақ жеуге болмайды еді, ал олардың біреуі осыны біле тұрып, шыдамай көп жеді, және таңертең тұрмай қалған... Олар байғұсты баудың арт жағында жерлеп, енді екеу боп қалып, қайтадан жолға шығады. Өздерінің алдында партизандарға жету деген мақсатын қойған.

1942 жылдың наурызынан бастап 1943 жылға дейін Александр Шелестов партизан бөлімшесінің командирі болып қызмет еткен. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі үшін Екінші дәрежелі «Отандық соғыс партизаны» медалімен марапатталған.

87bdec5cdcb4ba59c8f8ca95ad6b1ae0.jpg

Кейін Александр Шелестев 119-шы атқыш дивизиясының сарбазы болған, ал 23 ақпанда жамбас буынан жарақат алды. 4 ай бойы әртүрлі госпитальдерде емделген, бірақ оның жарасы жазылмай қала берген. Сарбаз Жеңісті Румынияда қарсы алды, ал оның әскери қызметі 1946 жылдың мамырында, Молдова елінде аяқталған еді.

8b18ab1fb64a44cc58a3d7a3a0f10724.jpg

0bada6c644c48715f6b02baaed9fd01b.jpg

Соғыстан кейін Александр Шелестов туған ауылына қайтып келді. Бірақ та оның демалысы ұзаққа созылмады, өйткені елге жұмыс күші қажет болған. Өмірдің соңына дейін өз ауылы мен халқының игілігіне жұмыс істеді.

b9b1656dfe9b8a4f83e983919a96b7f3.jpg

852b6b6f59c7b07fb031e197fb27fb70.jpg

Мен өз жерлесімен мақтанамын! Ол құрметті азамат ретінде өз ғұмырын кешкен, сондықтан да есімі халық жадында мәңгі сақталады. Бүгін мен оған алғысымды білдіріп жатырмын. Бейбіт өміріміз бен ашық аспанымыз үшін алғысымды білдіремін!

Виктория КАЗАНЦЕВА, Павлодар қаласының Прииртышск ауылындағы Т.Т. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?