Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Николай Сковородько

1455
Бір суреттің тарихы. Николай Сковородько - e-history.kz
Адам қайтыс болғанда, оның есімі ұмытылмайды. Осы адамды білетіндер ол туралы тек жақсылықты ғана айтады.

Менің бабам Николай Алексеевич Сковородько 1924 жылы Балабаново ауылында дүниеге келді. Оның әкесі Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бабамның жүрегі адал болып, өзі де еңбекқор бала болып өсті. Басқа балалардай бір орында байыз тауып отыра алмайтын әдеті болған. Бір кезде анасының орамалын алып, биіктіктен секіргенде, оны пайдаланды. Гармонь ойнап жүріп, өз достарының ішінде белсенді болды. 

1942 жылдың тамызында Хамино ауылына Николай Алексеевичті майданға шақыру туралы қағаз келді. Ол кезде он сегіз жасар жігіт болды. Бірақ та соғысқа бірден қатыспаған: әуелі Орал қаласында «білімділер» тобы іріктелген, ал осы кезде жеті сыныпты бітіргендер жақсы білім алды деп саналған. Осы кезде қаламызда орналасқан Ленинград әскери байланыс училищесіне оқуға жіберілген. Училище қабырғасында «сызықша-нүкте», «сызыша-нүкте» деп тақылдап, мұнда рацияның құрылысын зерттей отырып, радиограммалардың шифрін шешіп отырған. Осының барлығы болашақ радист үшін маңызды болды. 

Радист болу үшін үш жылдай оқу қажет болды, сонымен бірге, лейтенант атағы беріледі. Алайда Орал пединституты ғимаратынан әр үш ай сайын «жылдамдатылған білім алған» курсанттар майданға жіберілетін. Бірнеше айдан кейін сержант Сковородько майданға аттанады. Жолдастарымен бірге оны Мәскеуге, ал осы қаладан майданға жібереді. Алайда ол соғысқа қайтадан тікелей қатыспады. Майданға келген қырық жаңа радист ішінде рацияны ең жақсы білетіндер іріктелген. Сковородько сияқты бойы биік, дене бітімі мықты болған жігіттер Иван түбінде орналасқан әскери лагерьлерге жіберілді. Олар парашютпен секіруді, атқыштық және қол күресті меңгеріп жүрген. Әрине, радисттердің ең басты міндеті — қандай жағдай болмаса да, бірақ байланысты орнатып, тапсырмасын абыроймен атқару. 

1945 жылы ғана майданда соғысқан. Осы жылдағы шайқастар өте ауыр болды, жауымыз бар күшімен күрескен. Веленце-Балатон өзендерінің аралығы есінде қалды. Бастапқыда Кеңес әскері қорғану тактикасын жүргізді. Күн сайын радисттер Сковородько және досы Ярыев (оның орнына шығатын қызметкер) Морзе азбукасын қолданып жүрді. 

48b28a3ce23987477a03bbd6f9987ffb.jpg

Жеңіс күні — 1945 жылдың 9 мамырын бабам Прага қаласының түбінде кездескен. Осы кезде кезекші болып, қолында рацияны ұстап отырды. Мәскеу қаласының жаңалықтарын тыңдады. Мәскеу Германияның капитуляциясы туралы хабарды эфирге таратып берді. Николай Сковородько құлаққапты шешіп, жұдырықтарын түйіп алып, қолдарын жоғарыға қарай көтерген. Бұрылып артына қарағанда, Савельевті көріп қалды: 

— Не болды, Сковородько? 

— Жеңіс, лейтенант жолдас, Жеңіс! 

Көптеген сарбаздар үшін соғыс 9 мамыр күні аяқталды, бірақ сержант Сковородько олардың арасында емес. Жолдасымен бірге Чехословакияда соғысып жүрген. Мұнда қару-жарақты өз еркімен тапсырмаған фашисттермен соғысты. Орал маңындағы туған өлкесіне 1947 жылы ғана қайтып оралды. 1942 жылдың жасында әскерге бір ауданнан шақырылғандардың ішінде үшінші болып, туған жеріне қайтып келді. Олардың өлкесіне барлығы 12 адам соғысқан. 

Соғыстан кейін бабам көп жұмыс істеді, басында Дарьинское ауылында, кейін Петров атындағы колхозда еңбек етті. Ол сан мыңдаған центнер нан өсірді. 

Осылай, әскер марапаттарына еңбекке сіңірген жылдары қосылды. Ол Кеңес Одағының ең жоғары ордендерімен марапаталған. Ленин ордені және Қызыл Ту орденінің иегері болып саналады. Бабам жұмысқа жауапты, өз қызметін сүйіп атқарып тұрды. Өз қолымен күректер, тырнауыштар, тәшкелер жасаған еді. Егер өзінің алдында бір мақсатты қойса, онда оған жетпей қалуы мүмкін емес. Осылай, үйімізде жүзімдік және үй қояндары пайда болды. Николай Алексеевич көп кітап оқып отырды, қосымша әдебиетті зерттеп жүрді. Сонымен бірге, бабамның өз бағы болды еді. Піскен егінді мектепке, бабақшаға беріп, көршілерге таратып беретін болды. 

Әруақытта бірінші болуға ұмтылған. Осы кезде теледидарымыз жоқ еді, ал ол «Старт» теледидарын сатып алды. Телидарды қосқаннан бері барлық көршілеріміз оған келетін болды. Бағдарламалар екі сағаттың ішінде ғана көрсетілге, теледидарды көретіндер қонаққа келген. Біреулер еденде, басқалар орындықтарда отырды. 

Николай Алексеевичтің бес баласы болды: Николай, Владимир, Александр, Ольга и Наталья. 8 немересі мен 12 шөбересін сүйіп көретін болды. 

Өз балалары үшін өнеге болып, ешқашан ерініп не жұмыс істемей жүрмеген. Отбасында әкесінің сөзі басты болды. Әке сөзіне қарсы ешкім шықпады. Балалары үшін өз қолымен кішкентай машина мен кішкентай вертолетті жасады, бірақ бір өкініштісі, вертолет ұшпай қалды. Бабамның өмірі ұзақ пен бақытты болды. Әріптестер мен көршілер оны ерінбей еңбек ететін қызметкер мен адам ретінде сыйлады. Ауылдағы барлық тұрғындары оны есіне ала отырғанда, тек жақсылықты айтады. Республикамыздың өсіп өркендеуіне бабам сенімді болды! 

Данил Петрушкевич, 

Макаров орта білім беретін мектебінің 10-шы сынып оқушысы, 

Батыс Қазақстан облысы, Макарово ауылы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?