Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Жаңа астана – жаңа ел»

1681
«Жаңа астана – жаңа ел» - e-history.kz

«Жаңа астана – жаңа ел»

1994 жылғы 6 шілдеде ҚР Жоғарғы Кеңесінің пленарлық мәжілісінде Н.Ә. Назарбаевтың «ҚР Астанасын көшіру туралы» баяндамасы тыңдалды

1994 жылғы 6 шілдеде «ҚР Астанасын көшіру туралы» ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы қабылданды

1995 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы астанасы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

1996 жылғы 9 қазанда Ақмола арнайы экономикалық аймағын (СЭЗ) құру туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты

1996 жылғы 23 мамырда «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

1997 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасы астанасы етіп жариялау туралы» ҚР Президенті Жарлығына орай өткізілген Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымы Парламенті Палаталарының біріккен отырысы кезінде сөйлеген сөзі

1997 жылғы 8 қараша – Қазақстан Мемлекеттік рәміздері эталондарының Ақмолаға келуі

1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы астанасы ресми түрде Алматы қаласынан Ақмолаға көшірілді

1997 жылғы 10 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

1997 жылғы 13 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне және Ақмола қаласын Қазақстан Республикасы астанасы етіп жариялауға орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасы

1998 жылғы 6 мамырда «Ақмола қаласының атауын Астана деп өзгерту туралы» ҚР Президенті Жарлығы шықты

1998 жылғы 6 мамырда «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласында Сарыарқа және Алматы аудандарын құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты

1998 жылғы 9-10 маусым – Астананың ресми халықаралық тұсау кесері

1998 жылғы 10 маусым – Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласының ресми тұсау кесу салтанатты рәсіміндегі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа астана – жаңа мемлекет – жаңа қоғам» тақырыбындағы баяндамасы

1999 жылғы шілде айында Астана қаласына «Әлем қаласы» ЮНЕСКО сыйлығы берілді

1999 жылғы 6 тамыз - Астана қаласына «Әлем қаласы» ЮНЕСКО сыйлығының берілуіне орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың баяндамасы

2001 жылы «Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ) құрылды

2001 жылы «Астананың гүлденуі – Қазақстанның көркеюі» атты Астана қаласының 2005 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму мемлекеттік бағдарламасы туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты

2001 жылғы 15 тамызда «Астана қ. Бас жоспары туралы» ҚР Үкіметінің № 1064-ші Қаулысы қабылданды

2001 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Президентінің бастамасымен «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені ашылды

2002 жылғы 29 тамызда Астана қаласында «Астана-Бәйтерек» монументі ашылды

2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І Съезі өтті

2004 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа ордасы – «Ақорданың» салтанатты ашылуы өтті

2005 жылғы 9 маусымда Ақордада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабының тұсау кесері өтті

2006 жылғы 17 наурызда «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуының стратегиялық жоспары» туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты

2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ Съезі өтті. Съездің өткізілуіне орай арнайы түрде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтті

2007 жылғы 21 мамырда «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет астанасы – Астана қаласы туралы бап енгізілді

2007 жылғы 3 шілдеде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен астананың индустриалды саябағы территориясындағы «General Elektrik Kompany» локомотив жинау жөніндегі өндірістік кәсіпорынның капсуласы салынды

2007 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды

2008 жылғы 6 мамырда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасы астанасы 10-жылдығын атап өтуінің мерейтойлық медалі туралы» № 581 Жарлыққа қол қойды

2008 жылғы 5 маусымда Астана қаласы мәслихаты депутаттарының 16-шы кезектен тыс сессиясында Қазақстанның жаңа туы мен елтаңбасы бекітілді

2008 жылғы 25 маусымда «ҚР мейрамдары туралы ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес елдің жаңа мемлекеттік мейрамы – 6 шілде – Астана күні мейрамы бекітілді

2008 жылғы 5 шілде – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астананы көшірудің 10-жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі

2008 жылғы 5 тамызда «ҚР астанасы – Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы» ҚР Президентінің № 637 Жарлығы шықты

2009 жылғы 1-2 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ Съезі өтті.

2010 жылғы 20 қазанда «Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

2010 жылғы 28 маусымда ҚР Президенті халықаралық дәрежедегі жаңа университет – «Назарбаев Университеті» ашты

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында ЕҚҰЫ Саммиті өткізілді

2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» және «Назарбаев Қоры» ҚР заңдарына қол қойылды

2011 жылғы 30 қаңтарда Астанада VІІ Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

2011 жылы Астана қаласы «ТМД жән ЕурАзЭҚ үздік қаласы» конкурсының жеңімпазы атанды

2012 жылы Астана ТМД және түркі әлемінің мәдени астанасы атанды

2012 жылғы 22 қарашада Астана «EXPO - 2017» Халықаралық арнаулы көрмені өткізудің орны етіп таңдап алынды

2012 жылғы 14 желтоқсан – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

2012 жылғы 3 мамырда ҚР Президенті Жарлығымен «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жер көлемі 7562,3 га-ға дейін кеңейтілді

2012 жылғы 30-31 мамырда Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІV Съезі өтті.

2013 жылғы 22-24 мамырда «G-GLOBAL форматында экономиканың теңдестірілген экономикалық өсімін қамтамасыз ету» VI Астана экономикалық форумы өтті

2013 жылғы 21 маусымда «Астана-Опера» театрының салтанатты ашылу рәсімі өтті

2013 жылғы 6 шілдеде «Казахстанская правда»газетінде Астананың 15-жылдығына орай Елбасының «АСТАНА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫ ДӘУІРІ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ВЕКТОРЫ» атты құттықтау сөзі жарияланды


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?