Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Атамекен» - Қазақстанның шағын көшірмесі

2229
«Атамекен» - Қазақстанның шағын көшірмесі - e-history.kz
«Атамекен» Қазақстан картасы» - бұл ТМД елдері арасында ашық аспан астындағы жалғыз этно-мемориалдық кешен. Бүгін мұрай кешеніне - 13 жыл.

90-шы жылдардың соңында Президентімізге Қазақстан жерінің макетін құру идеясы келді. 2001 жылы 1,7 га алаңда еліміздің 14 облысы мен ең ірі екі қаласы — Алматы мен Астана пайда болды. Кешенде экспозициялар облыстардың шекаралары мен орналасу аумақтары сақталып берілген, әрбір аймақтың ең маңызды көрікті жерлері мен мәдени-тарихи ескерткіштерінің дәлме-дәл көшірмелері қойылған. Президентіміздің ойлағаны жүзеге асқанын атап өту керек: ашық аспандағы Қазақстанның шағын көшірмесі кім-кімді болса да таңқалдырып, мақтаныш сезімін оятады.

6e0766fabb3103766804d2bdd4ebcad2.jpg

«Атамекен» Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешеннің ашылуы сәті

Музей-картадағы автокөлік және темір жолдарды жаяу аралап жүріп, 30 минуттың ішінде Қазақстанның батысынан шығысына дейін жетуге, Астананың сәулетті сол жағалауын тамашалауға және бес минуттан кейін Алматының әдемі Көк Төбе тауына баруға болады.

7c33682dbafbc81c401419074be28ee2.JPG

Маңғыстау облысы

ac9058be934ca01172ce63b00d29dd56.JPG

Астана

4dc9eebf5bbb786bb7af03c854094c6f.JPG

Алматы маңындағы Іле Алатауы таулары

Атлас картасының мұндай шағын көшірмесі әлемде үшеу ғана, олар: Италия, Франция және Австрияның шағын көшірмелері. «Атамекен» Қазақстан картасы — ТМД-да тек біреу ғана. Ал, әлемде барлығы 25 ашық аспан астындағы музей бар, Қазақстан картасы олардың арасында үздік ондыққа кіреді.

Әр макеттің қасына барып, жақыннан қарауға және қолмен ұстауға болады. Олардың барлығы нақпішіндерді даярлауға арналған заманауи материалдардан жасалған, соның арқасында еліміздегі көрікті жерлердің көшірмелеріне жаңбыр да, жел де әсер ете алмайды. Макеттерді Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы өнер Академиясы мен Астана қаласындағы суретшілер Одағының шеберлері, суретшілері және сәулетшілері дайындайды. 

Президент Н.Ә. Назарбаев бұл музейге жиі барып тұрады, жуырда ғана ол «Қазақстан. Мыңжылдықтар кезеңдері» атты елдің тарихына арналған павильонды және «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» мұражайлық панорамасын ашты. Ол елордамыздағы сол жағалау құрылысының нақты көшірмесін көрсететін павильонға да барып тұрады. Этно-мемориалдық кешеннің директоры Алма Алтыбаеваның айтуынша, осы панораманың макеттері жаңа қаланың құрылысымен бірге жаңарып отырады.

Посткеңестік кеңістікте «Атамекен» этно-мемориалдық кешеніне ұқсас кешен жоқ. Сонымен қатар, бұл кешен заман ағымына өзі ғана ілесіп қоймай, еліміздегі барлық мұражайлардың ширақ болуына себепкер болып отыр. Кешен директорының ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары Батырхан Жұмабаев айтып өткендей, кешен базасында ай сайын тренингтер мен ұсталық-дәрістері өтізіліп жатады. Экскурсия жетекшілері ҚР еңбегі сіңген мәденит қайраткерлері, тарихшылары және Қазақстанның үздік экскурсия жетекшілерінің дәрістерін тыңдап, өз біліктіліктерін арттырады. «Үздік экскурсия жетекшісі» атты сайыс жыл сайынғы республикалық сайысқа айналды.

413872349aad36d195cd2e2a444acb59.JPG

d56fe3458d8db2c7f83c6084b8ef0a4e.JPG

e804fb4f0882d901208c716b7ebe6cb2.JPG

0b27b6910af570a1ab9fcfe5dc49acef.JPG

Алматы

a9828eb2f35b37efc0a60dd92c439dbe.JPG

Каспий теңізі

fea69f1688db2449b65e8a57e6ab09c1.JPG

Семей қаласы

37ad9e9d1364d24f079c413382befe70.JPG

Маңғыстау

0be8264e94226f36ac6deb3db8a242a9.JPG

6b8719bb69a63580e5c40008a987058c.JPG

Шығыс-Қазақстан облысы

«Атамекен» — мектеп оқушылары ресми түрде экскурсия өткізе алатын еліміздегі жалғыз мұражай. 2007 жылы алғаш рет этно-мемориалдық кешеннің базасында мектеп оқушыларына арналған жазғы еңбек лагері ұйымдастыру тәжірибесі пайда болды. Сол кезден бастап ол сәтті жұмыс істеп келе жатыр. Ұл балалар мен қыздар күніне төрт сағат экскурсия жетекшісі болып жұмыс істейді, шай-пұлы мен ай сайынғы сыйақыларын алып отырады. «Осындай жазғы еңбек демалысын өткізгеннен кейін ол оқушылар ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен география пәндері бойынша ең жоғары балдарды алады», — дейді Батырхан Жұмабаев бізге мониторинг нәтижелерін көрсеткен кезде.

Бүгін мұражайда ашық аспан астында еліміздің тарихы, мәдениеті, географиясы және экономикасы туралы әңгімелейтін 500-ден астам макет бар. Жыл сайын «Атамекенге» 15 мыңнан астам адам барып тұрады. Мамыр айынан бастап қазан айына дейінгі аралықта мұражайдың есігі барлық келушілер үшін ашық, ол күн сайын 9.00-ден 21.00-ге дейін еш демалыссыз жұмыс істейді.

c3185c626be09adfa0af9016a8791c9b.JPG

Макеттердің масштабы: 2,5 млн-ға 1-еу.

«Дүниенің 100 кереметі» кішірейтілген көшірме және экспозицияларымен тез толтырылуда. Бүгін мұражайда олардың 27 түрін көруге болады. Еліміздегі EXPO-2017 және Қазақстан халқының Ассамблеясын өткізуге арналған макеттердің екі жаңа экспозициясын құру — этно-мемориалдық кешеннің алдағы жоспары болып табылады. 

aa55e26200651c8a2833d05f6efcfc1a.JPG

Солдан оңға Бәйтерек, Отан-ана

e109d83afab1b88ca5eff932554c9567.JPG

Ақ үй

Людмила Выходченко

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?