Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Михаил Кузнецов

2210
Бір суреттің тарихы. Михаил Кузнецов - e-history.kz

4e013b601542ad248eb00bcc10381dec.jpg

                                                                                                                                                         23.04.15

Соғыс адамдардың тағдырын жалмап, әр отбасының омыртқасын опырды. Қара жамылдырды. Мыңдаған адамдар соғыста от кешіп, қайғы-қасірет шекті. Менің үлкен атам мен әжемді де соғыс зардабы айналып өтпеді.


Бірде әжеме қонаққа барғанда, отбасылық альбомдарымызды ақтарып қарадым. Олардың біреуінде кеудесі ордендер мен медальдарға толы үлкен атам - Кузнецов Михаил Александровичтің суреті бар.  Әжем көзіне жас алып: «Үлкен атаң Ұлы Отан соғысының шайқастарына қатысқаны үшін осы марапаттарға ие болды», - деген кезде, менің де көңілім құлазып салды. Атамның медальдарын қарап отырып, ол туралы толығырақ білгім келді. Әжемнің әңгімесін мұқият тыңдадым: «Ол соғысқа 17 жасында аттанған. Балтық майданындағы шайқастарға қатысып, жарақаттанды. Госпитальден кейін танк әскерлерінде соғысып, Курск доғасындағы шайқастарға атсалысты. Взводтағы жауынгерлер қатарында атаң ерліктің үздік үлгісін көрсетіп, ауыр жарақат алды. Оның әскери марапаттарының ішінде «Әскери ерлігі үшін» медалі бар. Бұл оған берілген соңғы марапат»

Интернет желісіндегі «Халық ерлігі» электрондық құжаттар банкінен үлкен атамның ерлігі туралы мәліметтер тауып алдым. 1943 жылдың 21 тамызында Семеновка ауылының түбіндегі шайқаста ауыр жарақаттанғанына қарамастан, пулеметтік атыс жүргізіп, жаудың позициясын талқандаған. Сонымен бірге, жарақат алған екі жауынгерді майдан даласынан әкетіп, ажалдан арашалап қалған.

Өкінішке орай, атам дүниеден өтті. Әжемнің айтуынша, атам соғысты есіне алғанда, бойын үрей мен қорқыныш билеп, мазасы қашады екен. Майданда алған жарақаты өмір бойы жанына батып өткен. Ардагер атам  соғыстан кейінгі бар ғұмырын техникумдағы оқытушылық қызметке арнады...

Атамды ешқашан көрген емеспін, шайқастар, қаза тапқан жолдастары туралы әңгімелерін де естіген емеспін. Менің ойымша, соғыс жеке бастың ғана қасіреті емес, бүкіл бір ұрпақтың трагедиясы. Сұм соғыстың жаңғырығы өткен жылдардың оқиғаларын ұмытуға болмайтынын ескертеді. Майдан даласынан оралмаған жауынгерлер — біздің жүректерімізде мәңгі қалатын батырлар. Ұлы жеңіске жету жолында қанша адам өз өмірлерін құрбан етті! Ондаған миллион адам ұрыс даласынан оралмады. Жеңістің құны өте жоғары. 

Үлкен атамды есімізге жиі алып тұрамыз. Ардагердің шөбересі болғаныммен мақтанамын, оның есімі біздің жадымызда мәңгіге қалады.Өскенде өзімнің балаларыма сұрапыл соғыс және үлкен атам туралы айтып беремін. Бүгін де бабаларымыздың басынан кешкен оқиғалары және қиындыққа толы уақыттар туралы ұзақ баяндап отырмын. Ардагерлер басына түскен сынақтарға төзе білген. Біз, жас ұрпақ олардың жарқын болашақ үшін күресі мен сенімінің жемісін көріп отырмыз. 

3c0a166b66d098b5c9b9d6f3e17abbe4.JPG

2dc639a6ba5b54516995ac5e00063a5f.jpg

Батырлар мәңгі ұмытылмайды!

Мацокина Татьяна, 

Шығыс Қазақстан облысы, 

Өскемен қаласындағы № 5 орта мектебінің 9-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?