Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Қасымтай Ізтілеуов

2498
Бір суреттің тарихы. Қасымтай Ізтілеуов - e-history.kz

a247502f2f4a9ebf6b754d77356af2ee.jpg

03.05.2016

Қасымтай Ізтілеуов 1908 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. Еңбек жолын Қармақшы ауданындағы «Ақбел» ұшымжарында бастап, 1937 жылы «Ақжар» МТС-ында механизатор, кейіннен трактор бригадасының бригадирі болды. 

1951 жылы қыс айында еңбек үстінде екі аяғынан айырылып, мүгедек болып қалды. Еңбекке құштарлықтың және қажырлы жаттығудың нәтижесінде механизатор мамандығына қайта оралды. Әдепкі кезде трактор бригадирі болып істеді. Кейіннен трактор руліне қайта отырды. 1956 жылы социалистік жарыстың жеңімпазы болып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. СССР Жоғары Советі Президумының 1949 жылғы 31 қазандағы Указымен М. Шалабаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 

3e467290ca227425352d14291837259d.jpg

Тыл ардагерлері де майдангерлерден бір мысқал кем еңбек еткен жоқ. Қызылорда облысы Қармақшы ауданның тумасы Қасымтай Ізтілеуов ауылында белді тракторшының бірі еді. Абайсызда тракторы екі аяғын кесіп түсірді. Тыл ардагері оған мойыған жоқ, аяғы жазылған соң, қайтадан трактор айдады. Сол үшін үкімет Социалистік Еңбек ері атағын берді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?