Әйтеке Би
Аты | Әйтеке Би |
13.02.15
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы.
Байбекұлы Әйтеке Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында ең беделді билерінің бірі бола отырып, «Жеті жарғы» заңдарын жетілдіруге қомақты үлес қосты. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайтуға бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке би ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене атсалысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттілігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы, Ақша ханның төрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-кари» (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан. Әйтеке бидің шын есімі Айтық.
Әйтеке би 25 жасынан бастап алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрған. Тәуке ханнан бері дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін боған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен дейді.
Ол ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында жерленген.
Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене аралысып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жылдары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.
XVII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілерімен бірге көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбе би Қытай жағына мүлде қарсы болған. Ол Абылайды Цинь империясымен қарым-қатынас жасамауға шақырған.
Ел ішінде Қазыбек биді Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Б.Тоғысбаев, А.Сужиков. «Тарихи тұлғалар»/ — Алматы. «Алматыкітап» баспасы, 2011. — 105 бет.