Мағазы Масанчи
Аты | Мағазы Масанчи |
Масанчи Мағазы(1885 – 1935) – мемлекет қайраткері. 1920 ж. М. бастаған Түркістан дүнген полкы құрылды. 1921 ж. ол 8-қазақ бригадасы құрамына енгізіліп, басмашыларды жою мақсатында Ташкент қ-на жіберілді. 1922 ж. Жетісу облысы милиция басқармасының бастығы болып тағайында Масанчи Мағазы (1885, Верный — 1935) — мемлекет қайраткері. 1917 ж.Ташкентте құрылған Түркістан Жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің мүшесі болды. 1920 ж. М. бастаған Түркістан дүнген полкі құрылды. 1921 ж. ол 8-қазақ бригадасы құрамына енгізіліп, басмашыларды жою мақсатында Ташкент қ-на жіберілді. 1922 ж. Жетісу облысы милиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. М. Алматыдағы алғашқы дүнген мектебінің және “Кеңестер елі” дүнген ұжымшарының негізін қалады. Өмірінің соңына дейін ол Қазақстан мен Өзбекстандағы кеңестік органдарда жауапты қызметтер атқарды. Алматы қ-нда М-дің құрметіне ескерткіш орнатылып, көше аты берілген.
Түпнұсқа: wikipedia