Иван Горохводатский
Аты | Иван Горохводатский |
Туған күні | 1906 |
Қайтыс болған күні | 1978 |
Горохводатский Иван Степанович – тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты (1950).
Бастауыш сынып оқушыларына ұстаздық етуден алғаш қызмет жолын бастады (1922),
орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, Аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі (1928-1933),
ОК Еңбек Одағының ТОМ бөлімінің меңгерушісі (1933-1938),
Қызылорда пединститутының тарих факультетін тәмамдады (1941),
Орта мектеп директоры, Қызылорда пединститутының оқытушысы (1939-1943),
Мединституттың марксизм-ленинизм кафедрасының аға оқытушысы (1944-1948),
КОКП ОК жанындағы МЭЛСИҚазақ филиалында аға ғылыми қызметкер, партия тарихы секторының меңгерушісі, 1950 ж. наурыз айынан бастап директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары (1945-1953),
ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының директоры (1953-1956),
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының ректоры (1962-1971).
Негізгі ғылыми еңбектері:
· «ҚазКСР тарихының» бірінші томының редакциялық алқа мүшесі.