Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Лейла Әуезова

Аты Лейла Әуезова
Туған күні 1929
Қайтыс болған күні 1993
Тарихшы, жазушы М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші маман, оның ғылыми-зерттеушілік қызметін зерделеді

 

Әуезова Лейла Мұхтарқызы  - тарихшы, жазушы М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші маман, оның ғылыми-зерттеушілік қызметін зерделеді, қазақ кеңес әдебиетінің жетістіктерін насихаттаумен айналысты, тарих ғылымдарының кандидаты (1958), тарих ғылымдарының докторы (1975).

Л.М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультеті, шығыстану бөлімін тәмамдады (1952).

КСРО ҒА Шығыстану институтының аспиранты (1955),

ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет атқарды(1956),

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында,

М.О. Әуезов атындағы әдеби-мемориалды мұражай үйінің меңгерушісіқызметін атқарды (1962).

ҚазКСР ҒА құрамында алғаш тек жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу, жинау, оның шығармашылығының ғылыми жарияланымдарын зерделеу бойынша ғана емес, сонымен қатар қазақ кеңес әдебиетінің жетістіктерін насихаттаудағы маңызды әдістемелік орталыққа айналған М.О. Әуезов атындағы әдеби-мемориалды мұражайын құру бойынша үлкен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жүргізді. Қазақ әдебиеттануындағы жаңа сала – ауезовтанудың қалыптасуына зор үлес қосты.

1980 ж. «М.О. Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихы мәселелері» және жазушының шығармашылығы туралы жүргізген көлемді жұмыстары үшін ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері атанды. Мәскеу қаласында «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген М. Әуезовтың 5томдық шығармалар жинағының алғашқысын, жазушының қазақ тіліндегі 20томдық шығармалар жинағын, жазушының жарыққа шықпаған бірнеше еңбектерін, ол жайында жазылған замандастарының естеліктер жинағын, оның еңбектері жөнінде библиографиялық көрсеткішті және т.б. даярлауға және басып шығаруға атсалысқан.

Негізгі ғылыми еңбектері:

·  Валиханов Ч.Ч. Избранные произведения. Алма-Ата: Казгослитиздат, 1958. 643 с. (Одна из сост.).

·  Вали­ханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961, т. I; 1962, т. 2 (Одна из сост.);

·  Библио­графический указатель по творчеству М.О. Ауэзова. Алма-Ата: Наука, 1972.Т. 1, 254 с. (на каз. и рус. яз.) (Ответ. ред., одна из сост., авт.предисл.).

·  Мухтар Ауэзов в воспоминаниях современников. Алма-Ата: Жазушы, 1972. 359 с. (Член редкол., сост. авт. вступ. статьи и коммент.).

·  Ауэ­зов М.О. Собрание сочинений. В 5-ти т. М.: Художественная литература, 1973-1975 (Одна из сост., член редкол., авт. при­меч.)

·  Наш Мухтар: (Воспоминания о М.О. Ауэзове). Алма-Ата: Жазушы, 1976. 431 с. (на каз. яз.) (Авт. коммент.).

·  Земледелие у казахов. Пересе­ление уйгуров и дунган. Развитие земледе­лия в Семиречье. - В кн.: История Казах­ской ССР: (с древнейших времен до наших дней). Алма-Ата, 1979, т. 3, с. 268-290.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?