Бауыржан Момышұлы
Аты | Бауыржан Момышұлы |
Туған күні | 1910 жылдың 24 желтоқсаны |
Туған жері | Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылы |
Қайтыс болған күні | 1982 жылы 10 маусымда |
Қайтыс болған жері | Алматыда |
Бауыржан 1910 жылы 24-ші желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әжесінің тәрбиесінде болып, кейін көрші ауылдағы әкесі Момыштың тамыры Иванның үйінде жатып оқып, орысша тіл сындырады. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұлсол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша, ақша алатындығын және сол, ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.
1928–1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.
1932 — 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М. Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты үздік бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына, аға консультант ретінде тағайындайды.
1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
1941 жылы ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал — майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, лейнтенант шенінде жүріп, ақ, полк командирі қызметтерін атқарды.
1942 жылдың 6 маусымында «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.
1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.
1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек «Соғыс психология» деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде-де жарық көрді. Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.
1941 жылдың 16–18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде, аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волокаламское шоссе» повесін жазды. Бұл повесть бүгінде, Израиль, Никарагуа, Куба елдерінің әскерилері оқуы тиіс оқулықтардың бірі. Соғыстан кейін ол, Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясында сабақ береді.
1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмысымен айналысады.
1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады. «Кеңсай» зиратына қойылды. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталған. 1990 жылы қайтыс болған соң, Кеңес Одағының батыры атағын алады. Медаль номері 11637. Алайда бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Бауыржан Момышұлы сондай-ақ көрнекті жазушы, шығармаларын қазақ және орыс тілінде жазған. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары шықты. Бауыржан әңгіме, повестермен қатар өлең толғаулар да жазған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Қаһарман Бауыржан Момышұлы. — Алматы. «Өнер» баспасы, 2008.