Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Асау Барақұлы

Асау Барақұлы - e-history.kz
Аты Асау Барақұлы
Туған күні 1763
Қайтыс болған күні 1866
батыр, Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі

Кіші жүздің Жетіру тайпасының Табын руынан шыққан. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірттің Сам құмында дүниеге келген.

Жері мен елі үшін қасқая күресіп, қаһармандықпен өмір кешкен ерлердің бірі. Қазақ жеріне көзін алайтып, ұлын құл, қызын күң еткісі келген қалмақтарға қарсы тұрған баһадүр.

Халық арасында ерен ерліктері аңызға айналған әкелі балалы батырларды «Асау-Барақ» деп күні бүгінге дейін қосарланып аталып келеді. Естігені көп - көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Асау батыр дүниеден өтер шағында: - Менің атым әкемнен бұрын аталып кеткен. Дегенмен, мен әкемнен озып қайда барамын. Менің қабірім әкемнен төменде болсын деп, аманат еткен деген сөз бар.

Өткен тарих деректеріне жүгініп, ел ішіндегі айтылып жүрген әңгімелерге құлақ түрсек, әкелі-балалылардың ерліктері ұрпақтарына жалғасқан дәстүрлі ерлік.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?