Көшелер тарихы - Сарайшық
2023-05-19 14:42:10
1262
Көшелер тарихы жобасының кезекті саны - Сарайшық көшесіне арналады.
Сарайшық көшесі – Елордамыздың сол жағалауында орналасқан. Көше алғашында шартты түрде 12-ші көше деп аталған. Ол Бауыржан Момышұлы даңғылынан басталып, Тұран даңғылында аяқталады. Сарайшық көшесі Мәңгілік ел даңғылын, Түркістан көшесін, Ақмешіт, Мұқағали Мақатаев, Арай, Әлімхан Ермеков, Жиембет жырау, Қараөткел, Елубай Тайбеков көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3 210 метр.