Астана жастары әскери-патриоттық шара өткізді
16.06.2017 1780
2017 жыл бойы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған жастар әскери-патриоттық акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты: ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Акция барысында 50 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне арнайы әзірленген әлеуметтік пакет табысталып, Астана қаласы мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері арасында «Жеңіс!» атты суреттер байқауы өткізілді. Байқауға жалпы, 120-дан астам жұмыс қатысты.

Бұл акция жыл сайын өткізіліп отырады. Бұл акцияның негізгі мақсаты жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Осы жылы 50 ардагермен тыл еңбеккерлерін мекен-жайлық құттықтап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жеңіс!» суреттер байқауын өткіздік. Бұл жұмысты одан әрі жетілдіріп, жасай беретін боламыз – деді, Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Ербол Рыспаев.