1917 жылғы Қазан революциясынан кейінгі жағдайда әрекет ету бағдарламасын әзірлеу үшін 1917 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында Орынборда Екінші Бүкілқазақтық съезд өтті. Оның жұмысында бүкіл Қазақстан: Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Самарқанд облыстары, Алтай губернесінен делегаттар қатысты. Оны ұйымдастырғандар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, І.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов болатын. Съезд төрағасы Б.Кұлманов болды. Съезд ашылуы кезінде делегаттар жер-жерде болып жатқан жаңалықтарымен бөлісті, негізінен Қазақстан оңтүстігін ашаршылық жаулағаны туралы суық хабарлар айтылды. Халық кедейленді, жергілікті билік басы тәртіп орната алмады. Осы хабарламаны талқылап съезд резолюцияның бірінші пункті ретінде «халықты партиялық күрестен арылып, бірігуге» шақырды. Күн тәртібіндегі мына мәселе қаралды: Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одағына деген қатынас; қазақ облыстаравтономиясы; милиция; ұлттық кеңес; білім беру; ұлттық қор; муфтиат; ұлттық сот; ауылды басқару; тағамдық мәселе. Съездегі басты мәселе Қазақ автономиясын құру болатын. Автономия туралы баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады, оның баяндамасы мен қазақ автономиясы туралы мәселе арнайы комиссияда қарастырылу үшін жолданған болатын. Комиссия атынан X. Ғаббасов сөз алды. Баяндама талқыланып болған соң, «Қазанның соңында Уақытша үкімет құлады, сенім әрі моральдық беделі болған Ресей Республикасы биліктен арылды, кез келген биліктің болмауына орай елде азаматтық соғыс туындау қаупі болуы мүмкін еді, анархия ірі қала мен ауылдарды қармай бастады, анархия күн санап өсіп жатты. Туындап қалған күрделі жағдайдан шығатын жалғыз ғана жол қазақ облыс тұрғындары үнемі мойындайтын күрделі билікті құру болатын», съезд бір ауыздан Қазақ облыстарының автономиясын құру және оны «Алаш» деп атау қажет деп шешті. 25 мүшесі бар «Алаш Орда» уақытша халықтық кеңесі құрылды, оның 10 орны орыс және аймақтың басқа ұлтына бөлінді. Алаш Орданың орналасуы Семей қаласы деп анықталған болатын. Үкімет басшысы лауазымы – Бүкілқазақтық халықтық кеңес төрағасы болып балама негізде Ә. Бөкейханов [ http://e-history.kz/kz/publications/view/776 ] тағайындалды, одан басқа бұл лауазымға Б.Кұлманов және А.Тұрлыбаев та ұсынылған болатын. Алаш Орда басшылары Кеңес Үкіметімен байланыста болды, X. және Ж. Досмұхамедовтар В. И. Ленин және И. В. Сталинмен, X. Ғаббасовта ұлттар ісі туралы нарком ретінде И. В. Сталинмен үнемі байланыста болды. Алаш Орда басшылары Орынбор қаласындағы Кеңес үкіметін құлатқан А.Дутовпен, Самарадағы Құрылтайшы жиын Комитетімен, Омбыдағы Уақытша сібір үкіметімен қатынаста болды. Кеңес үкіметімен байланыс пен компромистен алашордашылар соңғылармен Кеңес үкіметімен күресу мақсатында достасты. 1918 жылғы маусымда Алаш Орда қаулысы шықты,онда: "Алаш автономиясы аймағында басылып шыққан Кеңес үкіметінің бар декреті заңсыз деп танылсын» делінген болатын. Тамызда Семейде тұңғыш Алаш атты полкы құрылды. 1918 жылғы 11 қыркүйекте Ж.Досмұхамбетов басшылығымен Орал облысы Жамбейліде Батыс бөлімшесі құрылды. Шығыс бөлім орталығы Семейден Жаңа Семейге ауыстырылды.
Бүгін тарихта
КСРО конституциясы қабылданды. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы одақтас республика болып аталды
Екінші Бүкілқазақтық съезд жұмысын бастады, Қырғыз (Қазақ) «Алаш» автономиясы құрылды