Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Терсек қоғамының негізгі өмір тіршілігі

12987
Терсек қоғамының негізгі өмір тіршілігі - e-history.kz
Қоғамның өмір тіршілік жүйесі алуан түрлі. Ол өзіне керамикалық өндірістің қару-жарақ қызметін, үй салуды, киімді, тағамды және экономиканы қамтиды.

Қоғамның өмір тіршілік жүйесі алуан түрлі. Ол өзіне керамикалық өндірістің қару-жарақ қызметін, үй салуды, киімді, тағамды және экономиканы (шаруашылық қызметтің базалық түрлерін) қамтиды. Маңызды құрамдас бөлігінің бірі қару-жарақ қызметі болып табылады. Терсек халқындағы қару-жарақтың негізгі массасы кварцтан және кварц топырағынан жасалған. Кремний жанартас шығатын жерлерде (Оңтүстік орғай ескерткіші) олардан жасалған қару-жарақтың үлесі көрініп тұр (Қалиева, 1997 40-47 б.; Қалиева, 1998). Кварцтардан және жанартастардан бір үлгідегі қару-жарақтар жасалды. Негізгі түрі ретінде қашап дайындалған тастар болып табылады. Қару-жарақ жиынтығында қырғыштар басымдыққа ие, олардың қару-жарақтың жартысын құрайды.

9a7aeb094c5fa10bb2d786f854d786b7.jpg

Саны жағынан екінші орынды пышақтар мен ұштамалар құрайды. Кремнийден жасалған өзге қару түрлері (қырғыш, қайқы пышақ, кескіш аспап, жүзді аспап, тескіш) онша көп емес. Шабатын қарулар айтарлықтай көп (1-1,5 %). Жаттығу сипатына қарай ірі даналары жер жырту жұмыстарына арналған. Көптеген сүйек қаруларының ішінде кочедкалар мен остриялар басымдыққа ие. Т.А. Даниленконың қорытындысына сәйкес, сүйектен жасаған кезде темір қарулар қолданылған. Темір қарулардың өзі екі табыспен ұсынылады. Ливановка тұрағында – 2 ірі (ұзындығы 129 мм, ені 10 мм) найзалы қару табылды (Қалиева, 1997, 62,67 б.). осыған ұқсас қарулардың сынықтары Қожайда табылды – 1. Қожай – 1 және Құмкеш – 1 қонысында мыстан жасалған  құмдақтың бөлшектері табылды. Жалпы алғанда, терсек қоғамының қарамағында қару жиынтығы, оның қажеттілігіне қарай функционалды түрде бәрін қамтитын болған. Күзешілік. Терсек ыдыстарының басым көпшілігі асты ұшқыр болып келеді, ал 1-Құмкеште төрт асты тегіс ыдыс табылды. 1-Құмкештегі керамикаларға жасалған технико-технологиялық және петрографиялық талдау, терсек күзешілері құманан қатайтылған әк қосындысы бар  саздарды сыртқы шикізат ретінде қолданғанын көрсетеді.

Үй тұрғызу. Терсек қоныстары маусымдық сипатқа ие болды. Жазғы қоныс барлығынан жақсы зерттелді. Оларды жоспарлау негізінен көбіне микроландшафт ерекшеліктерімен айқындалды. Қожай-1 қонысында амалсыз, алып даланың учаскесі тар болғандықтан үйлер желілік болып салынды. Құмкеш – 1 үшін ұя секілді жоспарлау өзіне тән болған секілді. Жазғы үй нысаны ретінде тікбұрыштан дөңгелек эволюция, ал олардан – дөңгелек нысандағы камерамен бірге, екі камералы үй байқалады. Эволюцияның бір кезеңі 1-Қожайжа байқалады, ол жерде тік бұрышты үйлер дөңгелек үйлермен ауысады. Екінші кезең 1-Құмкеште байқалады, ол жерде кеш қожай дөңгелек бір камералы үйлер екі камералы үймен алмасады. Бұл қоныстардағы ертедегі және кештегі үйлердің арасындағы үзілген жерлер көп емес.

Екі ескерткіштің орталық бөлігіндегі қазбалар көлемі шамамен 100 мболатын ең үлкен имараттарда орналасты.

Жазғы үйлер (көлемі әдетте 20-40 м2) ішінара жерге 0,4-0,6 м тереңдікте жасалды. Олардың жер үстіндегі бөлігі талдардан жасалды.

Біздің бір ғана зерттеген 1-Ащы Көл қонысындағы қазандық нысанындағы қыстақ үй Қожай-1 және Құмкеш-1 қоныстарындағы дөңгелек бір камералы үйлерге сәйкестендіріліп жасалған болуы мүмкін, алайда, айтарлықтай ауыр шатырды жабуға мүмкіндік беретін, жерастында мықты бағаны иамараты болды.

Киім-кешек. Қорымдарды енді ғана зерделеу басталғандықтан, киім-кешектері туралы деректер аз. Жоғарғы киімді негізінен жылқы, ірі қара, қарақұйрық және құлан секілді жануарлардың терісінен тіккен болуы мүмкін. Бұл мақсатта қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, иттің терілері пайдаланылуы мүмкін еді.  Бұл жануарлардың сүйектері аз болғандықтан топтамада онша қатты мағынаға ие болмады, олардың терілері киім тігу үшін қолданылды.

Тағам. Терсек адамның рационы алуан түрлі болды. 1-Құмкештегі ыдыс-аяқтарға жасалған талдау, өсімдік пен ет, өсімдік пен сүт қолданылып қайнатылған (бұқтырылған) тағам түрлері кеңінен қолданылған. Негізінен бидай өсімдіктері қолданылмаған. Тек қана 6 % үлгі қандайда бір астық тектес бидайды қолданғанын байқатты (Гайдученко, 2000,  156-157 б.).  Рационға қуырылған ет және құрғақ сүт қосқандығы сөзсіз. Кейбір балықтардың сүйектерін, керамикалық тиектердің сынығын табу, терсек қонысымен туыс Ботай адамдарының бас сүйегіне жасалған изотопты талдау нәтижелері терсек адамының рационында балықтың болу мүмкіндігі туралы айтады (O'Connell, 2003,  260 б.).

Негізгі экономикасы. Терсек қоғамының негізгі экономикасында ірі қара мал мен жылқыны асыраған. Терсектердің ірі қара малы оның пайда болуына дейін үй жануары болып есептелген. Ең сымбатты остеологиялық топтама берген үш ескерткіште мүйізді малдардың стержені 0,27 %-дан 0,53 %-ға дейін тербеледі (Қожай - 1 - 0,27 %, Қайыңды - 3 - 0,47 %, Құмкеш - 1 - 0,53 %). Сүт теоретикалық жағынан жылқынікі немесе сиырдікі болуы мүмкін, алайда адамзат тәжірибесін ескеретін болсақ, ол негізінен сиырдың сүті болды.

Жылқыға келетін болсақ, терсек жылқылары қолға үйретілгендігі туралы тікелей куәландырулар бар:

1.  Соғылған жануарлар жасы бойынша  диаметралды қарама-қарсы қатынас терсек тұрғындарының жылқыларына бір жағынан, және құландарға екінші жағынан келеді. 1-Қожайда құлан қалдықтарының арасында жас малдар  26,9 % құрайды, ал жылқы қалдықтарының ішінде жас жылқылар 7,5 % құрайды. Екі қонысты мекендеушілер де жылқыны жасы келгенде, жануардың сүйегі толықтай қалыптасқан соң сойюды артық көрген. Ал құланға қатысты, олардың жасына көп мән бермеген немесе жасы үлкен жануарды сойған. Бұл жағдай ең сымбатты остеологиялық топтама берген екі ескерткіште байқалды, кездейсоқ болуы мүмкін емес. Құлан мен жылқы бірқалыпты өмір кешеді.

2.  Осындай жағдай 1-Құмкештің остеологиялық топтамасының құрамында жауырын және қабырға секілді сүйектердің үлес салмағын бойынша байқалады. Жылқы және ірі қара малдың сүйектері топтамасында қабырға 9,5 % және 8,1 % құрайды, ал құланда және қарақұйрықта 2,4 % және 1,3 % пайызды құрайды, яғни соңғысы төрт-алты есе аз. Жылқы және ірі қара малдың сүйектері топтамасында жауырын 1,1 % және 3,7 % құрайды, ал ол кезде құланда және қарақұйрықта 17,9 % және 12,0 % болды, яғни керісінше, соңғысының жауырыны 3-16 есе артық. Қабырға санының аз болуы және жауырынның көп болуы, негізінен, бұл жануарлардың етін аңшылық жерден айтарлықтай қашық орналасқан қоныстарға жеткізу қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін. Ірі қара мал мен жылқыларға қатысты мұндай проблема 1-Құмкеш мекендеушілерінде болған жоқ. Жылқылар мен ірі қара малдар үлес салмағы бойынша, соңғысының үй сипатында жоғарыда көрсетілген сүйектерге жақын болуы, бұл жануарлардың қолға үйретілгендігін тағы дәлелдейді.

3.  Ботай және Қожай топтамаларындағы жылқылардың екінші төменгі түптамыр тістеріне жасалған талдау ауыздық іздерінің нақты болғандығын көрсетті (An­thony, 1991; Гайдученко, 1998, 244-245 б.).

Мал шаруашылығымен бірге қарақұйрықтар мен құландарға аңға шығу маңызды рөл ойнады. Аңшылықтың өзге объектілері (бұлан, құралай, қарсақ, қасқыр, саршұнақ, суда жүзетін құстар) терсек топтамасында сүйектер санының аз болуымен ұсынылады. Одан аз көлемдегі сүйектер балық аулауды көрсетеді, алайда 1-Құмкеште топтама жиынтықтары аумен балық  аулағандығын куәландырады ол олардың азығында маңызды рөлге ие болуы мүмкін.

Қыс мезгілінде, 1-Ащы Көл қонысы бойынша кенттер қатты үлкен болмаған. Осы ескерткіште бір үй қазып алынды. Тағы біреуінің болуын өртке қарсы жол учаскесінде табылуын шоғырландыруға болады. Негізінен жол арқылы көл жағалауының маңызды бөлігі алынып тасталған және іздеп табу топтамалары басқа ешбір жерден байқалмады, олай болса бұл жерде тек қана екі үйдің мекендеушілері қыстауда болған деп есептеуге болады.


С. С. Калиева, Сүргіт мемлекеттік университеті. Сүргіт, Ресей.

И. В. Шевнина, Қостанай мемлекеттік университеті. Қостанай, Қазақстан.

Әдебиеттер:

1.  Гайдученко Л. Л. Домашняя лошадь и крупный рогатый скот поселения Кожай - 1 // Қалиева С. С. Қожай қонысы - 1. Алматы, 1998. с. 234-252.

2.  Гайдученко Л. Л. Композитная пища и освоение пищевых ресурсов населе­нием Урало-Казахстанских степей в эпоху неолита - бронзы // Археологический ис­точник и моделирование древних технологий: труды музея-заповедника Аркаим. Че­лябинск, 2000. с. 150-169.

3.  Калиева С. С. Клад Аксу в степном Притоболье // Советская археология. 1988. № 3. с. 240-243.

4.  Калиева С. С, Логвин В. Н. Скотоводы Тургая в третьем тысячелетии до нашей эры. Кустанай, 1997. 179 с.

5.  Калиева С.С. Поселение Кожай - 1. Алматы, 1998. 255 с.

6.  Anthony D. W., Brown D. R. The origins of horse-back riding // Antiquity. 1991. V. 65. № 246. P. 22-37.

7.  O'Connell Т., Levine M., Hedges R. The importance of Fish in the Diet of Cen­tral Eurasian Peoples from the Mesolithic to the Early Iron Age // Prehistoric steppe adap­tation and the horse. Cambridge: McDonald Institute of Archaeological Research. 2003. P. 253-268.