А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы археологиялық зерттеу зертханасы өзінің бастамасын 1977 жылдың басынан, Виктор Николаевич Ловгин Қостанай археологиялық саясатын ұйымдастырған кезден бастады, ал 1980 жылы бүгінгі күнге дейін қолданыста жүрген Торғай археологиялық экспедициясы (ТАЭ) деп қайта құрылды. В.Н. Логвин археологиялық зерттеудің мамандандырылған зертханасын құрды, ол алғашында КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтында, кейіннен – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанында қызмет етті. В.Н. Логвин басшылық еткен жылдары археологиялық экспедицияда екі археологиялық мәдениет: маханджар (неолит) және терсек (энолит) бөлінді. Осы мәдениеттің иеленушілері қалдырған 50-ден астам ескерткіш ашылды. 1998 жылы В.Н. Логвин археологиялық зерттеу зертханасының меңгерушісі болып тағайындалады, зертхананың және экспедицияның қарамағына жаңа III мыңжылдық кірді.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы археологиялық зерттеу зертханасы қызметінің негізгі бағыттары Қостанай облысындағы археологиялық ескерткіштерді іздеу, зерттеу және сақтау. Тәуелсіздік жылдарында археологиялық зерттеу зертханасының қызметкерлері Қостанай облысының аумағынан 258 археологиялық ескерткіш анықтады – олар тас ғасырының қалдықтары, қола дәуіріндегі қоныстар мен қорымдар, ерте темір ғасырындағы және ортағасыр кезеңіндегі қорған топтары. Археологиялық зерттеу зертханасының қызметкерлері жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді, оның нәтижесі алда зерттеу мақсатында жаңа археология ескерткіштерін міндетті түрде табу. Соңғы жиырма жылдықта Қазақстан Республикасының аумағында теңдесі жоқ ескерткіш болып табылатын және «Мәдени мұра» (2005-2008 ж.ж.) мемлекеттік бағдарламасына енгізілген Бестамақ мазараты (Әулиекөл аймағы) жоспарлы зерттелуде. Бестамақ мазаратының теңдессіз болуы, материалдары кең археологиялық шеңберде: энеолиттен ортағасыр дәуіріне дейін ұсынылған, Солтүстік Қазақстан аумағында бірінші және әзірге алғашқы қорым болып табылатындығында. Бестамақ мазаратын зерттеу қола дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Орал халқының көші-қонына және өзара іс-қимылына қатысты көптеген мәселелердің жауабын береді. Көптеген қазақстандықтар және ресейліктер Солтүстік Қазақстанның аумағы толықтай тексерілмеген аумақ және оны одан әрі зерделеу индонарилердің материалдық және рухани мәдениетінің әртүрлі аспектілерін толық қайта құру үшін қажет екендігін атап өтеді. Ерте темір ғасырындағы жерлеу материалдары, Қостанай облысы екі ірі қауым сарматтар мен сақтардың арасындағы шекаралық аумақ болып табылатындығын көрсетеді. Бұл контекстідегі теңдессіз байланыстарды зерделеу қорымды зерттеудің өте бастамашыл аспектілерін ұсынады. Бестамақ мазаратын зерделеу тағы бір себептерге байланысты маңызды болып табылады – аталған өңірдің құмды топырақ және климаттық ерекшеліктеріне байланысты, жыл сайын ескерткіштердің бұзылу мүмкіндіктері артуда, осылайша қазақстан үшін, сондай-ақ халықаралық археология үшін мәдени мұра туралы маңызды археологиялық ақпараттар жойылу қаупі бар.
2009-2012 жылдарда археологиялық зерттеу зертханасының қызметкерлері, өзіне екі қорғанды, яғни Халвай 3 және Халвай 5, сондай-ақ Халвай 5 қонысын қамтитын Халвай тобының ескерткіштерін (Таранов ауданы) зерделеумен айналысты. Қорғандар синташтиндік уақыттың материалдарын, ал қоныс – қола дәуіріндегі алакөл мәдениетін қамтиды. Халвай 3 Қорғаны қазба жұмыстарын құтқару нәтижесінде 2009-2010 жылдарда зерттелді. Халвай 3 қорғанының бөліктерін құтқару материалдары ежелгі Арилердің рухани, сондай-ақ материалдық өмірі туралы баға жетпес ақпараттарды береді. Бүгінгі күні Халвай 3 қорғаны Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір ескерткіш болып табылады, ол біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтағы органикалық материалдар: маталар мен терілер, қамыстан және қабықтан жасалған төсеніштер, қарағайдан және еменнен жасалған бөренелер мен тақталар туралы бірегей ақпараттар береді. Халвай 5 қорғаны осы тектес екінші қорған болып табылады. 2011-2012 жылдары қорғанда археологиялық қазбалар жүргізілді. Өкінішке орай, зерттеудің шынайы нәтижелері күткеннен алыста болды. Қорғанды ежелде тонап кеткен. Оған жерлеу мүктерінің толықтай табылмауы, жабық тұрған орларды және адам қалдықтарын толықтай жойып жіберу куә болып отыр. Алайда, зерттеушілердің қол жеткізген нәтижелері, жерлеу мүктерінің фрагменттері және жерлеу салттарын ішінара қайта құру Халвай 5 қорғаны қалай дегенмен Халвай 3 қорғанына сәйкес келетіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Халвай 4 қонысына 2010 жылы Халвай 3 қорғанымен бірге қазба жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда тек қана ескерткіштің аз бөлігі (бір тұрғын үй) зерттелді. Ол да бұзылуға жақын күйде тұр, яғни тез арада аталған ескерткішке зерттеу жүргізу керек дегенді білдіреді. Қоныс 2008 жылы табылды. Ескерткіштің айналасын қазу және тұрғындардың оны егіншілікке пайдалануы нәтижесінде артефактілердің бір бөлігі сыртқа шыққан. Қазіргі сәтте ескерткіштің аумағын егін шаруашылығына пайдалануға билік тыйым салды. Алайда, желдету процесі және Қаратомар су қоймасының жақын орналасуы бұл археологиялық мұраның аймағына маңызды қауіп туғызып отыр.
Торғай ойысының аумағындағы геоглифтер Google бағдарламасының ғарыштық түсірілімінің көмегімен 2007 жылы ғарыштық түсірілімдерді зерделеу нәтижесінде табылды. Геоглифтер – қазіргі таңда әдетте ұзындығы 4 метрден жоғары геометриялық немесе бейнелі айшықтар салынған жерлерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. 2007-2009 жылдары барлығы 20 геоглиф табылды, геоглифтер соншалықты үлкен, оны тек қана жоғарыдан көруге болады. Қазіргі таңда Қостанай облысының аумағында орналасқан геоглифтердің бірнеше түрлері белгілі, олар төрттаған (Үштоғай төрттағаны, Шиелі төрттағаны); свастика (Торғай свастикасы); крестер (Үлкен Ащытасты крестері және Кіші Ащытас крестері); сақина (Ащытас кресті), желі (Қос Ащытас желісі, Дамбы желісі) және т.б.
Қазақстанда әзірге геоглифтердің ұқсас басқа түрі жоқ және оларды зерделеу сөзсіз жаңа ақпараттар, содан соң Қазақстан археологтарына жаңа бағыттар береді. 2010 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің археологиялық зертханасының базасында археологиялық мұражай құрылды. Мұражайды салтанатты түрде ашу 2010 жылы 15 сәуірде Қостанай облысысынң әкімі С.В.Кулагиннің, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры М.А. Наметовтың және университет жетекшісі, мұражайдың меңгерушісі В.Н. Логвиннің қатысуымен ашылды. Мұражайға көрме ретінде археологиялық зерттеу зертханасының қызметкерлері Қостанай облысының аумағынан оның пайда болуынан бастап 44 жыл ішінде тапқан экспонаттар қойылды. Көпжылдық жұмыстарының нәтижесінде археологиялық зерттеу зертханасы мынадай монографиялар шығарды: «Каменный век Казахстанского Притоболья» (Логвин В.Н., 1991), «Скотоводы Тургая в III тысячелетии до н.э.» (Калиева С.С., Логвин В.Н., 1997), «Поселение Кожай I» (Калиева С.С., 1998) және көптеген ғылыми мақалалар жарияланды. Қазіргі таңда баспаға тағы да екі монография дайындалуда: «Гончарство неолита Торгая» (Шевнина И.В.), «Курган эпохи бронзы Халвай 3 в Северном Казахстане» (Шевнина И.В., Логвин А.В.).
Археологиялық зерттеу зертханасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі ежелгі палеэкономикалық аймақты зерделеу болып табылады. Осы бағыттың шеңберінде ғылыми қызметкер И.В.Швинина Торғайдың ең ежелгі күзешісі – неолит дәуіріндегі күзешілікпен айналысуды зерттеу болды. Маханджар мәдениетінің керамикасына талдау жасаған кезде табиғи ғылым әдістері (петрография, химиялық талдау), трасологиялық талдау, физикалық үлгілеу негізіндегі эксперименттер, жүйелі талдау, типология және т.б. классификациялар қолданылды. Қазіргі таңда өңірдегі энеолиттік рулардың күземен айланысуына зерделеу жүргізу басталды.
Торғайдың ежелгі палеэкономикасын зерделеу кезінде жақын және алыс шетелдердің ғалымдары тартылды. Археозоологиялық зерттеуді Гайдученко Л.Л., Макарова Л.А., Нұрымов Т.Н., Косинцев П.А. жүргізді. 2005 жылы профессор Ричард Эверхард (Universityof Bristol, Ұлыбритания) және Алан Оутром (University of Exeter, Ұлыбритания) Қостанай облысындағы ескерткіштердің неолит, энеолит және қола дәуірінің керамикалық материалдарына химиялық зерттеу жүргізді.
2006 жылы археологиялық зерттеу зертханасының қызметкерлері доктор Сандра Олсенмен (Carnegie Museum of Natural History, АҚШ) Бестамақ қорымына қазба жұмыстарын жүргізу барысында магнитометрия әдісін қолданды, нәтижесінде қола дәуіріндегі жаңа жерлеу әдістері табылды.
2009-2010 жылдарда трасолог Усачук А.Н. (Донецк, Украина) Бестамақ қорымынан табылған жылқы жабдықтарының, сондай-ақ сүйектен жасалған қыш құралдарының бөлшектеріне трасологиялық талдау жүргізді.
Торғайдың антропологиялық үлгідегі ежелгі мекендеушілеріне зерттеу жүргізумен антропологтар Колбин А.В. және Линдстром Р. айналысуда.
2011-2013 жылдарда дендрохронология профессоры И. Панюшкина (Аризона универститеті, АҚШ) Халвай 3 және Халвай 5 қорғанындағы ағаштарға радиокөміртекті және дендрохронологиялық талдау жүргізді.
Бұдан басқа, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің археологиясы ЖОО-ның оқу процесімен әрқашанда тығыз байланыста болғандығын атап өткен жөн. Зертхананың қызметкерлері аймақтың ежелгі тарихына мүддесін білдірген жастармен белсенді жұмыс жасауда. Археологиялық зерттеу зертханасының жанында археологиялық үйірме қызмет етеді, онда Қостанай қаласының студенттері мен оқушылары жиі айналысады.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы Археологиялық зерттеу зертханасының қызметі туралы айтқанда, барлық ашылулар мен зерттеулердің артында шынайы адамдар – зертхана қызметкерлері мен университеттің студент-тарихшылары тұр, олардың жанкешті еңбектері бізге археология секілді күрделі және қызықты салалардың табыстары мен жетістіктері туралы айтады. Тек қана бірлескен еңбек және өз елінің өткенін құрметтеу ойлағанды табысты іске асыруға мүмкіндік берді.
Шевнина Ирина Викторовна, Қостанай мемлекеттік университетінің жанындағы археологиялық зертхананың меңгерушісі.