2013 жылы 5 қазанда Көкшетау қаласында қазақ тарихындағы
аса көрнекті тұлғаның бірі Абылай ханның 300 жылдығына арналған халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Тәжин, Парламент депутаттары, қоғамдық
ұйымдардың, Ұлы ханның бүгінгі ұрпақтарының өкілдері қатысты. Алқалы жиын
ашылар алдында қаланың орталық алаңында облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен ұлы
ханға арналған ескерткіш ашылды.
Ғылыми жиынға АҚШ-нан, Ресей Федерациясынан, Қырғызстаннан келген тарихшы ғалымдар қатысты. Пленарлық мәжілісте Мемлекеттік хатшымен қатар, шетелдік ғалымдар, Абылай ханның тікелей ұрпағы Шот-Аман Уәлиханов, Түрік Академиясының президенті Шәкір Ыбыраев, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішев баяндамалар жасады. Хан ұрпағы өкілдері атынан Ақмола облысының әкімдігіне Абылай ханның гипстен жасалған бюсті сыйға тартылды. Түстен кейін конференция жұмысы секцияларға бөлініп жалғасын тапты. Бір секция жұмысына Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ Аяған жетекшілік жасады. Келесі күні Ұлы ханның құрметіне арналған халықтық мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.