Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. - 493 000-нан көп 1979 ж. - 898 000 шамасында 1982 ж. - 927 000 1985 ж. - 994 000 1990 ж. - 1 500 000 2005 ж. - 1 млн. 596 мыңнан 2 млн. 500 мыңға дейін
Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймқтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында және аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай (ортаығы Алтай қаласы), Іле (орталығы Құлжа қаласы,қытайша Иниң)және Тарбағатай (отрталығы Шәушек (орысша Чугучак, үйғырша Чочек,қытайша Тачың) қаласы) аймақтарының (округтерінің) аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық ауданы мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық ауданының (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАР аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу өлкесіндегі Ақсай-Қазақ автономиялы ауданыі. Цинхай өлкесінде Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялы облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялы қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% - 1962 жылдан кейін және 50% - «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық райондағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% - жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% ]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАО тұрғындарының көпшілігі Бейжің(Пекин), Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады.
Іле-Қазақ автономиялық облысы
Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан аймақтарына қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАР юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) үәли (губернатор) басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан.