(«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ХАЛЫҚ
ҚАСІРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының
жинағынан), Астана баспасы, 2012
2006 жылы Ресейде Федералды агенттіктің бастамасымен «КСРО-дағы ашаршылық: 1929–1934 жж.» құжаттар жинағының сериясын дайындау жұмысы басталды. Бұл жұмысқа Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республика-сының мұрағаттық мекемелері тартылды. Редакциялық кеңеспен редак-циялық алқаның құрамына көрнекті тарихшылар, демографтар, жобаға қатысушы елдердің мемлекеттік мұрағат мекемелерінің жетекшілері, сериялы басылымда құжаттары жарияланған ірі мұрағаттардың директорлары кірді. Қазіргі кезде серияның Редакциялық Кеңесін Федералды мұрағат агенттігінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы А.Н. Артизов басқарады. Жобаның жауапты редакторы тарих ғылымдарының докторы, профессор В.В. Кондрашин.
Үш елдің тарихшылары мен мұрағатшыларының күшімен жобаның тақырыбы бойынша бірден-бір ақпараттық деректер кешені жинақталды, оның басым бөлігі соңғы жылдары ашылған құжаттарды құрайды.
Қазіргі уақытта «Демократия» Халықаралық қорында құжаттық серияның 1 жəне 2 томы [1] жарық көріп отыр. Бүгінде сталиндік кезеңдегі қасірет – 30 жылдардағы ашаршылық тарихынан 1326 жаңа құжаттар ғылыми айналымға енгізілді. 2013 жылға шығару жоспарланған 3 – томын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Жобаның хронологиялық жəне географиялық шеңбері Редакциялық кеңес белгілеген міндеттер тізбегімен айқындалған:
1) ашаршылықтың пайда болуы, оның барысы, шарықтау шегі жəне КСРО-ның ашаршылықтан шығу себептерін динамикалық дамуда көрсету;
2) ашаршылық қамтылған КСРО-ның жер аумағы;
3) 1930–1934 жылдардағы астық экспортын ұйымдастыру саясаты жəне оның көлемі;
4) сталиндік Саяси бюро, партиялық жəне кеңестік органдардың елдегі жағдайға қатынасы жəне оның басқарылуы;
5) ашаршылық қамтылған республикалармен облыстарға Орталықтың көмегі;
6) ашаршылықтың демографиялық жəне əлеуметтік-экономомикалық зардаптары;
7) КСРО-дағы ашаршылыққа əлемдік қауымдастықтың реакциясы.
Аталған жобаның ерекшелігі – ашаршылықтың пайда болу себептерін жан-
жақты көрсету мақсатында зерттеудің хронологиялық шеңберінің кеңейтілуінде.
Ашаршылықтың белгілері қарқынды ұжымдастыру мен азық-түлікті күштеп дайындаудың нəтижесінде 1929 жылы байқалды. Азық-түліктің ауыр тапшылығы одан да ерте білінген, алайда 1929 жылы КСРО-дағы билік үшін күресте сталиншілдердің толық жеңісімен шаруаларды күштеу саясатының бекітілуінен кейін елде азық-түлік қиыншылықтары байқалды, ал елдің астықты аудандарында, ең алдымен РКФСР жерінде ашаршылық басталды.
Осылайша, 2 кітаптан тұратын бірінші томда 1929 жылдан 1932 жылдың шілдесіне дейінгі оқиғалар қамтылады. Бұл кезеңде КСРО-ның астықты аудандарының барлығына (əсіресе, Солтүстік Кавказ, Украина, Төменгі жəне Орта Волга, Орталық-қаратопырақты облыстар, Қазақ АКСР, Татар АКСР, Башқұрт АКСР, Орал облысы, Батыс Сібірдің бірқатар аудандары, Белоруссия) ашаршылық апаты таралды.
1929 жылы БК(б)П ОК-нің сəуір Пленумында астық дайындау мəселесі елде басталған индустрияландырумен тығыз байланысты болды [2]. Индус-трияландырудың басты көзі ауыл шаруашылығы болуы тиіс-тін.
КСРО-ның қаржылық оқшаулану жағдайында астық өнімі валютаны тез арада алудың негізгі шикізаттық ресурсы ретінде таңдалды. 1929 жылдан бастап астық дайындау жоспарының күрт өсу процесі басталды, ал астық дайындаудың өзі шаруалармен соғыстың түріне айналады. КСРО ХКК мен БК(б)П ОК-нің ұжымдастыру қарқыны мен колхоз құрылысына мемлекеттік көмек туралы шешімі қабылданғаннан кейін, елде өндіріс нысандарына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу жəне нанмен қамтамасыз ету
мақсатымен жергілікті жерлерде большевиктік қарқын белең алды [3]. 1930 жылдың тамызында Сталин тікелей Молотовқа күнделікті нанды шығару мөлшерін кем дегенде 1,5 млн. пұттан 3–5 млн. пұтқа арттыру қажеттілігі туралы жазады. Оны «əйтпесе, біздің жаңа металлургиялық жəне машинақұрылысы (Автозавод, Челябзавод жəне т.б.) заводтарынан айрылуымыз мүмкін» [4].
Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатымен дайындау жоспары жылдан жылға көбейді. 1930 жылы Одақтық жоспар ор астық асан санды – 24 млн. т. (1500 млн. пұт) құрады. Ол 1928 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті. Іс жүзінде 1307,1 млн. пұт дайындалды.
1931 жылға нан дайындаудың алғашқы жоспары 1612,0 млн. пұтты құрады. Шын мəнісінде 1371,4 млн. пұт дайындалды. Бұл КСРО құрылған жылдардағы өте жоғары өнім болды.
1932 жылғы нан дайындау жоспары 1103,0 млн. пұт көлемінде 1931 салыстырғанда – 268 мың пұтқа кем белгіленді. Шын мəнісінде 1115,9 млн. пұт астық дайындалды. Жоспардың төмендеуі 1931 жылы астық экспортын қамтамасызеткен Украина, Солтүстік Кавказ жəне Орталық-қаратопырақты облыстар есебінен болды. [5]. Мұның негізгі себебінің бірі -1932 жылғы өнімнен КСРО астық экспорты жоспарының қысқаруы болды (1931 жылғы 5,2 млн. пұт өніммен салыстырғанда 1,6 млн. пұт). Мемлекет мұндай жоғары көрсеткішке деревнядағы күшті əкімшілік қысым мен қуғын-сүргін арқылы қолжеткізді [6].
Егін науқанымен астықдайындауды ұйымдастырудың барлық келеңсіз тұстары бойынша И. Сталиннің өзі БК(б)П өлкелік хатшыларына шифрограмма жіберді. 1932 жылғы ақпанда И. Сталин Қазақ өлкекомының Бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге былай жазды: «Сіздің өлкеңіз тұқым жинаудан көштің соңында қалды. Барлық жерде адамдар əрекет етуде, тұқымды табысты жинап жатыр, ал сізде қандай да бір дəрменсіздік. ОК тұқым жинау бойынша жедел шаралар қабылдауды, өзгеріс ұйымдастыру мен қабылданған шаралар туралы хабарлауды талап етеді» [7].
Ф.И. Голощекин И.В. Сталинмен тартысуға тырысты, 1932 жылдың мамырында ол; «26 мамырдағы ОК-тің 1 млн. пұт астықдайындау шешімін ауыл мен селодағы азық-түлік тапшылығы жағдайында орындау мүмкін емес. 6 мың т. диірмен алымын дайындау үшін күресуге болады деп есептеймін» [8]. Алайда, Сталин Қазақстан үшін белгіленген 1 млн. пұт астық өндіруді қалайды [9]. Мұндай жағдай басқа да астықты аудандарда қалыптасты.
Астық дайындау науқаны барысында олардың ерекше сипаты байқалды: колхоздар жеке шаруаға қарағанда астықты əлдеқайда жақсы берді. Мемлекет жеке шаруалардың кемшіліктерін колхоздардың «қосымша алынған жоспарымен» жабуды үйренді – бұл «дұрыс» саясаттың нəтижесі малдың жаппай қырылуы мен жем-шөптің тапшылығы, сондай-ақ шаруаларда егіндік тұқымның болмауы еді. Ақырында науқанға 1931–1932 жж. КСРО-ның астықты аудандарынан мемлекеттің қажеті үшін барлығы алынды. Салық борышкерлеріндегі барлық мүлік, оның ішінде азық-түлік қорыда жазылды.
Осылайша, жаппай ашаршылықтың басталуына барлық алғышарттар қалыптасты.
1932 жылғы астықдайындау науқанының басында дағдарысты құбылыстар басталды: ОГПУ есептері Орталықты колхоздардың күйреуі, ол жақтан шаруалардың қашуы, астықтың ерте жиналуы, нанды жаппай ұрлау фактілерімен хабардар етті [10].
Мемлекеттің үмітін ауыл шаруашылығының шамшырағына балаған кеңшарлар да ақтамады, деректер іс жүзінде, олар мемлекеттің мойнына жүк болды, оны жалған ақпараттармен алдады, мемлекеттік қолдауды талап етті [11].
Бірінші томда жарияланған құжаттарда құрастырушылар ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы қаладағы жəне ауылдық жерлердегі ашаршылық пен азық-тү лік қиыншылықтарының себептерін көрсетуге тырысты. Бірінші кезекте, жеке шаруа қожалықтарына, совхоздармен кеңшарлар мен ұжымшыларға міндетті мемлекеттік тапсырыс ауыл шаруашылық өнімдерінің дұрыс жоспарланбауы, сонымен қатар егін жинау науқанындағы өрескел қателіктер түрткі болды. Басқару органдарының астықайындау жоспарын есептеуі егін егетін аудандардың бірнеше жылдық түсімімен тең, болды.
Алайда, деректер көрсеткендей, астық дайындау міндеттерін бөлу кезінде жергілікті органдар «ықтималдыққа» салып, жаппай артық жазып, егіс алқабындағы шынайы түсімді есептемеді [12]. Əсіресе астық дайындау науқанының жағымсыз жүйесі аграрлық экономиканың жеке меншік секторына тойтарыс берді. Жеке шаруалар жоғарыдан келген тапсырма бойынша колхозға зорлықпен кіргізілді, олардың егін егуге қажетті құралдары болмағандықтан тапсырманы орындай алмады, тіпті 1930 жылы олардың көбінің егіншілігі күштеп қысқартылды.
Жинақта жарияланған құжаттарда көрсетілгендей, Орталық жіберілген қателіктерінен жалтарып отырды. Оның ішінде ең бастысы жеке шаруалар мен колхоздарға астық дайындау жоспарын «механикалық» жеткізу, теңгер-мешілік саналды, егіс алқабындағы жинау технологиясында жіберілген қателіктер үлкен шығын əкелді. Астық дайындау науқанындағы əртүрлі ынталандыру шаралары, соның ішінде Сталин үшін деревнялардағы қиыншылықтар бұрынғы барлық шаруалардың антикеңестік көңіл күйі жəне жергілікті партиялық-кеңестік бюрократиялық аппаратта жұмыс жасай білмеуінен болды деп қорытындыланды.
Астық дайындау дағдарысының үдей түсуі қалаларды жəне мемле-кеттік тұрғындарының əртүрлі категориясын, ауылшаруашылығы азық-түлікпен қамтамасыз етуді нашарлатып жіберді.
Жобаның екінші томы 1932 жылдың екінші жартысы мен 1933 жылдың бірінші жартысын қамтиды. Дəл осы кезең қасіреттің шарықтау шегі болып табылады. Əсіресе 1932–1933 жылдардағы Украина мен Солтүстік Кавказдағы алапат ашаршылық өндіріс орталықтарын астықпен қамтамасыз етуде жəне астық экспорты салдарынан қатты байқалды. Олардың астықдайындаудағы үлесі КСРО-бойынша1931 жылы 60%-ды құрады. Ашаршылық көрінісі Қазақстанда аса үлкен деңгейде байқалды [13]. В.В. Кондрашиннің пікірінше, ашаршылықтың себептері ҚАКСР-да қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылған күштеп ұжымдастырудың жағымсыз салдарынан туындады. 1931 жылғы күздің басында республикадағы ауыл шаруашылығымен айналысатын 122 ауданның 78-і, яғни 70-тен 100%-ға дейін ұжымдастырылған деп есептелді. Кеңестік биліктің мал шаруашалығы колхоздарын қоғамдастыруға, көшпелі халықты отырықшыландыруға жəне жоғарыдан жоспарланған ет дайындауға бағытталған рақымсыз саясаты республиканың мал шаруашылығын күйретіп тынды.
1932 жылы ақпанда колхозшылар шаруашылығының 87%-ы, жеке ша руа лардың 51,8%-ы малдарынан айырылды [14].
1932 жылы күзде ауыр жағдай Украина мен Солтүстік Кавказда көрініс берді. Тіпті 1932 жылдың 22 қазанында Украинадағы жағдайды бағдарлауға БК(б)П ОК Саяси бюросының шешімімен КСРО ХКК төрағасы В.М. Молотов бастаған комиссия келіп, астықдайындау науқаны «белгіленген 235 млн. пұттың орнына 165–175 млн. пұтқа», яғни 60–70 млн. пұтқа төмендетілді. [15].
Сондай-ақ, осындай комиссия БК(б)П ОК хатшысы Л.М. Кагановичтің бастауымен Солтүстік Кавказға жəне БК(б)П ОК хатшысы П.П. Постышевтың басшылығымен Төменгі Еділге жіберілді [16].
Л.М. Кагановичтің комиссиясы Солтүстік Кавказ БК(б)П өлкелік комитеті бюросын сынға алып, «астықдайындаудағы іріткі үшін» 3–5 кубандық станицаларды «қара тізімге енгізіп», өндіріс тауарларынан айырып, ұжымшар саудасына шектеу қойып, партиялық жəне комсомолдық аппараттарда тазалау жүргізуді ұсынды [17]. Солтүстік Кавказда іріткі салушыларға, жеке шаруаларға, жер мен егістен бас тартқандарға жəне астықты ысырап етуші ауылдық коммунистерге қарсы БК(б)П Кавказ өлкелік комитеті бюросында 1932 жылы 2 қарашада қуғын сүргінді күшейтудің нақты бағдарламасы қабылданды [18]. Солтүстік Кавказ өлкесінде ату жəне кадрлық тазалау науқаны басталды [19].
Жарияланған құжаттарда көрсетілгендей, КСРО-ның астықты аудандарында 1932 жылдың соңы мен 1933 жылдың басында қуғын-сүргіннің бірыңғай механизмдері іске қосылды. Мысалы, Қазақстанда совхоз малдарын ұрлау жəне жаппай сою арқылы «өз-өзін қамтамасыз еткендерге» ату жазасы кесілді [20]. Осындай жазалау шарасы ресейлік аудандарда нан дайындаудағы «ұрлық пен іріт кі» істері бойынша қолданылды [21]. Украинадағы, Төменгі Еділдегі жəне Солтүстік Кавказдағы осы «іріткі» үшін 1933 жылы қаңтарда мыңдаған шаруалар отбасын жер аударылды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың айтарлықтай бөлігі астықдайындау науқанын орындай алмаған жеке шаруалар еді. 1933 жылы астықдайындау науқанына егін егуді білмейтін жеке шаруалар тартылды [22]. Жоспарды орындай алмағаны үшін олар тəркіленіп, қоныстарынан айырылып, жер аударылды [23].
Елдегі азық-түлік дағдарысы 1933 жылдың сəуіріне дейін жалғасып, аштықтыңэкспортының салдарын күшейтіп жіберді [24]. 1932 жылы астық экспорты 75 млн. пұтқа артып, соның ішінде 46 млн. пұт азық-түлікке арналды [25]. Астық экспортын негізгі жеткізушілер Украина, Сотүстік Кавказ, Еділ жағалауы елдері еді. КСРО-дан астықты сатып алушы елдер Англия, Бельгия, Германия, Италия болды.
Астықты аудандардағы ашаршылық салдарынан өлім көлемінің өсуінің бірден-бір факторы сталиндік басшылықтың шараларынан туындаған ауыл тұрғындарының стихиялы көші-қоны болды. Ашаршылық жайлаған аудандардан ірі қалалар мен қолайлы аймақтарға қашқан шаруаларға жауап ретінде Украина, Солтүстік Кавказ, Төменгі жəне Орта Еділ, Орталық қаратопырақты облыстар, Белоруссия, Батыс облыстарда осы көріністермен күресу үшін 1933 жылдың 22 қаңтарынынан бастап КСРО БК(б)П жəне ХКК нұсқау шығарды... Нəтижесінде Украинаның ауылдық аудандарын оқшаулау жүргізілсе, бір айдан соң, мұндай саясат Төмен гі Еділ жағалауы өлкесіне таралды [26]. Украинаның, Солтүстік Кавказдың, Төменгі Еділдің, Орталық қара топырақты облыстардың, Белоруссияның, Батыс облыстардың шырғалаңы көп теміржол станцияларына ОГПУ қызметкерлері жəне милициялар есебінен тосқауылдар қойылды. Олар қашқан шаруаларды
анықтады, оларды іріктеу лагерлеріне орналастырып, құжаттарын тексергеннен кейін қылмыстық жауапкершілікке тартты немесе кері қайтарды. ОГПУ деректері бойынша, 1933 жылдың сəуір – маусым айлары аралығында КСРО-да ашаршылық тан адам өлімі, жұқпалы аурулар – бөртпе сүзегі, діңгене, шешек, адам жеу жəне адам етін базарларда сату өсе түсті [27]. Өндірістік кəсіпорындарда жұмысшылар аштықтан естерінен танып, жарамсыз өнімдер шыға бастады. Көптеген кəсіп орындар ереуілге шыға бастады.
Жоба авторы жинақта КСРО-ның барлық ашыққан аудандарындағы жағдайларды көрсеткен. ОГПУ-дың ондық жинағында Украина, Солтүстік Кавказ, Еділ жағалауы, Қазақстан, Орталық қаратопырақты облыстар жəне мемлекеттің өзге де астықты аудандарын қамтыған алапат ашаршылық баяндалған.
В.В. Кондрашин құрастырған кестеде Орталықтан берілген астық көмегі, ашаршылық жайлаған аудандардың мекенжайы көрініс тапқан. 1932 жылдың бірін ші жартысында 75,9 млн. пұт жіберілсе, 1933 жылдың бірінші жартысында 78,8 млн. пұтқа жетті. Бұл кесте РГАСПИ құжаттары бойынша жəне сериялық 2-томның материалдары бойынша құрастырылды [28].
Алайда ашаршылық ауқымының өсуіне байланысты жергілікті биліктің сылбырлығынан жəне бөлінген ресурстардың жеткіліксіздігінен алдын алу шаралары тиісті нəтиже бермеді [29]. Көптеген деректердің бекіткеніндей, шаруаларға азық-түлік көмегінің жасалуы оларды колхозға жұмыс күші ретінде тартудың амалы еді. Бұл жағдай 1933 жылы 19 наурызда УКСР ГПУ-дың «Кейбір аудандардағы азық-түлік қиыншылықтарына байланысты шаралар туралы» нұсқауға сəйкес, колхозшыларға, бригадирлерге, трактористерге, қызыл əскер отбасыларына, жеке шаруаларға
азық-түлік көмегі берілгендігімен сипатталады. Украина аудандарында жеке шаруалар 30–40 пайызға дейін болды, сондықтан оларға көмек колхозға кіргендерге немесе колхозбен келісім шартқа отырғандарға берілді, ал қалғандары көмектен айырылып, Солтүстікке жер аударылды [30].
Украина, Солтүстік Кавказ жəне Төменгі Еділмен қатар, КСРО-ның құрамына автономиялы республика ретінде кірген Қазақстанды да алапат ашаршылық жайлады. Қазақстаннның барлық колхозшылары мен жеке шаруалары аштықтан, сүзек жəне т.б. аурулардан қырылды, қазақтардың үдере көшуі толастамады, адам етін жеу фактілері тіркелді [31]. Осы кезеңде Қазақстан үшін аса өткір мəселе балалар панасыздығымен күресу болды. 1933 жылы 19 мамырда Қазақ АКСР үкіметі жұқпалы аурулар жəне диеталық тағамдар үшін қосымша 26,4 млн. сом, сонымен қатар панасыз балаларға 3 млн. сом қаражат бөлді [32]. Қазақстан айтарлықтай астықты жəне басқа да ресурстары жеңілдікпен, КСРО-ның басқа аудандарына қарағанда тегін жəне пайызсыз берілді [33].
КСРО-дағы ашаршылық фактісі ресми түрде мойындалған жоқ, бірақ жарияланған құжаттар сериясында Еуропаның ашаршылықтан хабардар екені, алайда сындарлы мақсатпен кеңес астығын төмен бағамен сатып алуын жалғастырғаны, сонысымен сталиндік тəртіптің кеңес халқы алдындағы моральдық жауапкершілігімен бөліскені туралы жазылған. Белгілі болғандай, 2009 жылы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының делегациясы ХХ ғ. 30-жылдары алапат ашаршылық болған бұрынғы КСРО республикаларын аралады. Делегация мүшелері ашаршылық тарихының түп нұсқа лық құжаттарымен, оған қолжетімділік жағдайымен танысты жəне берілген құжаттарды зерттеді. ЕКПА №1723 (2010) қарарында адам құқықтарын тап таған, миллиондаған адамдарды өмір сүру құқығынан айырған тоталитарлық сталиндік тəртіпті əшкереледі. Бұл қарардың 9-бөлімінде «сол кезде осы оқиғалар сияқты, əртүрлі облыстарда ерекшеліктер болғанмен, нəтижелері бірдей еді: миллиондаған адам өмірі сталиндік саясат пен жоспарды орындау үшін құрбанболғаны» көрсетілген. Осы қарарда алапат ашаршылық кезеңінде ең көп шығынға ұшыраған Қазақстан, Ресей жəне Украинаға арналған жекелеген бөлімдер бар.
6-бөлім: «Қазақстанда да миллиондаған адамдар жаппай ашаршылық құр баны на айналды, олар жалпы халықтың санына шаққанда, бұрынғы КСРО-ның барлық халықтарының ішінде неғұрлым жоғары болған. Дəстүрлі көшпенділер, ірі қара өсірген қазақтар отырықшылыққа мəжбүрленді жəне үй малынан айырылды. Алапат ашаршылық қазақ халқының жадында ең ауыр қасірет болып қалады».
7-бөлім: «Ресейдің астық өндіретін облыстарында (Орта жəне Төменгі Еділ, Солтүстік Кавказ, Орталық қаратопырақты облыстар, Оңтүстік Орал, Батыс Сібір жəне бірқатар басқа облыстар), «ұжымдастырудың» салдарынан жəне жекелеген фермерлердің меншік құқығынан айырған ашаршылық облыстарда миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Шексіз сандарды бағалауда, кеңестік ауыл шаруашылығы саясатының нəтижесінде Ресейде адам шығыны ауыр болған».
8-бөлім: «Бəрінен көп зардап шеккен Украинада алапат ашаршылық ша руаларға ерекше соққы болды, миллиондаған жеке фермерлер мен олардың жнұя мүшелері күштеп «ұжымдастырудан» кейін аштыққа ұшырады, ашаршылық шарпыған облыстардан кетуге тыйым салынды жəне астық пен басқа өнімдер тəркіленді. Бұл қасіретті оқиғалар Голодомор деп аталады (дəлелді саяси ашаршылық) жəне украин заңнамасының келісімімен украиндықтарға қарсы геноцид актісі ретінде мойындалған».
Жобаның авторлық ұжымы «КСРО-дағы ашаршылық. 1929–1934 жж.» сериясының жарыққа шығуы, тарихи шындықты ашуға жəне қазіргі қоғамға өткен оқиғаларды түсінуге мүмкіндік береді деген ойдамыз. Сондай-ақ, қазіргі уақытта дайындалып жатқан 3-том сериясы ашаршылықтың əлеуметтік-экономикалық жəне демографиялық зардаптары туралы білімімізді кеңейтеді жəне КСРО-дағы ашаршылыққа халықаралық көзқарас тұжырымындағы шындықты білуге көмектеседі, бұл алапат ашаршылықтағы құрбандар санын нақтылайды. Біздің ісіміз халықтарды ажырату емес, біріктіруге жұмсалуы тиіс.
Біздің пікіріміз бойынша, сталиндік ашаршылық 1930 жылдары КСРО-ны мекендеген бір немесе бірнеше басқа халыққа қарсы геноцид болған жоқ. Бұл өз еркімен жерінен кеткісі келмеген жəне іс жүзінде мемлекетке өз еңбегінің нəтижесін ақысыз бергісі келмеген шаруаларға қарсы соғыс саясаты болды. 1930–1933 жж. КСРО-дан Еуропаға 12 млн. т-дан астам астық өнімдері шығарылған. Оларды сатудан түскен ақша 442 млн. 109 мың сомды (20%) құрады, [34]. Бұл қаражат КСРО-дағы қарқынды индустрияландырудың негізі болды жəне миллиондаған біздің отандастарымыздың өмірін құрбан етті.
Е.А. Тюрина,
Ресей экономика мұрағатының
директоры (Ресей Федерациясы)
Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.