Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Атақты жазушымен кездесу

13249
Атақты жазушымен кездесу - e-history.kz
Медеу Сарсекемен Мемлекет тарихы институты ұжымының шығармашылық кездесуі өтті.

1958 жылы М. Сәрсеке инженер-металлург мамандағына ие болды. Ол  Қазақ тау-металлургиялық институтында оқып жүрген жылдары ғылыми-фантастикалық шығармалар жазумен әуестенді. Оның “Көрінбестің көлеңкесі” (“Тень невидимого”), “Жетінші толқын” (“Седьмое поколение”), “От пен атом” (“Огонь и атом”) атты фантастикалық эсселері әлі күнге дейін жеткіншек жастағы балалар үшін қызықты шығармалар болып табылады. Осындай жанрдағы шығармалар 1959 жылы “Ғажайып сәуле” (“Необычайный луч”) атты жеке кітап болып өмірге келді.

Бәрінен бұрын, ол қазақстандық және шетелдік оқырмандарға «Жизнь замечательных людей» сериясы шығармаларымен әйгілі. М. Сәрсеке ұлы жазушы Қаныш Сатпаевтың өмірбаянын зерттеуге 45 жылын арнап, 10 кітап жазды. Оның ішінде ең ірісі әрі толығы «Қазақтың Қанышы» және «Қаныш елі» атты роман-эсселері.

Сонымен қатар оның маңызды шығармаларының қатарына  көрнекті тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмахановтың өміріне арналған «Бекмаханов» атты документалдық кітабы жатады. Автор өзінің кейіпкері жайлы материалдарды 12 жыл бойы жинақтаған. Оның еңбегіне оқырмандар мен туыстары жоғары баға берді. Кітап беттерінде тарихи шындыққа терең берілген ғалымның  бейнесі жасалған.

Жазушы Институт қызметкерлерімен Отан тарихы ғылымы жайлы ой бөлісіп, болашақтағы жоспарлары жайлы сөз қозғап, ғалымдардың қойған сұрақтарына жауап берді.

548c24ffdb89051ead4b628dcd6d7ab5.JPG


Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.