Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елді большевиктендіруге қарсы күрестегі қазақ және қырғыз зиялылары.

13251
Елді большевиктендіруге қарсы күрестегі қазақ және қырғыз зиялылары. - e-history.kz
(«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ХАЛЫҚ ҚАСІРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағынан), Астана баспасы, 2012

Қымбатты достар, əріптестер, бүгінгі конференцияның

құрметті қонақтары!

Ең бірінші қазақ халқының тарихи жəне мəдени мұрасын сақтап, насихаттаумен таратуға үлкен көңіл бөліп отырған Қазақстан Республикасының Президентіне үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл үшін сіздердің елдеріңізде көптеген жұмыстар жасалуда, жаңа кітаптар, оқулықтар, журналдар, мақалалар шығарылып, жаңа мұражайлар мен мемориалды кешендер ашылып, көптеген деректі жəне көркем фильмдер түсірілуде... Бұл болашаққа, тарихқа қатысты жүргізіліп жатқан үлкен жəне пайдалы жұмыстар қазақстандық жəне шетелдік ғалым-тарихшылар, деректанушылар, экономистер жəне т.б. жанкешті еңбек етіп жəне жоғары кəсібилік көрсетпегенде мүмкін болмас еді.

Шамамен 1,7–2,2 миллион адамның өмірін қиған, сонымен қатар республикадан 1,2 миллионнан аса адамдардың елден көршілес аудандар мен елдерге қашуға мəжбүр болған (Қырғызстан, Сібір, Қытай, Ауғанстан, Монғолия, Иран жəне т.б.) 1932–1933 жж. Қазақстандағы жаппай ашаршылық туралы біздің елде қайта құруға дейін белгісіз болды, ол туралы жазылған да, жарияланғанда жоқ. Сол жылдардағы қайғылы оқиға туралы жекелеген куəгер адамдардың ішінде бірінші болып менің туған əжем Əсел Курманова айтқан болатын. Оның айтуы бойынша, Фрунзе қаласын ашыққан қазақтар – ерлер, əйелдер жəне балалар тобырымен басып кетті. Көшелерде ауыр жолды, аштықпен ауру-сырқауды көтере алмай қайтыс болған адамдардың өліктері шашылып жатты. Сол ашыққандар мен тағдыр тəлкегіне ұшырағандардың ішінде шешем жағынан маған əже болып келетін Капаш Бийменова да бар еді. Ол Талас жерін паналап, сол жердің жергілікті жігітіне тұрмысқа шығып қалып қояды, күйеуі кейіннен Ұлы Отан соғысында қаза табады. Ол ашаршылықтан өзінің барлық туыстары мен

Жақындарын жоғалтып, тек 1960-жылдары Жамбыл қаласында тұратын өзінің кіші сіңлісі Альпия Дайрабаеваны (жолдасы жағынан) табады. 1934 ж. Капаштың жалғыз перзенті – Анипа Шукурбекова дүниеге келеді, яғни менің анам, ол 1953 жылы жас прокурор, кейіннен қырғыздың жəне қазақтың көрнекті ғалымы, заң ғылымдарының докторы, Қырғызстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, 10 жылдан аса академик Е.А. Бөкетовтың жеке шақыруымен Қарағанды мемлекеттік университетінде декан, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған менің əкем Курманов Карпек Шамсединұлына тұрмысқа шығады [1]. Қазақстандағы нəубет қырғыз отбасы Курмановтардың тағдырына осылайша əсер етті. Қазір Қырғызстанда біз сияқтылар аз емес. Сонымен қатар сол қайғылы жылдары елде қазақ диаспорасының үлкен тобы шоғырланды, қазір олар 70 мың қырғыз қазақтарын құрайды.

Қала тұрғындары қазақтарға көмектесуге асықты, оларға барын таратып берді, алайда жаппай ұжымдастырумен, оны тез қарқынмен жүргізу жəне нан мен етті артық өндіру олардың да жағдайларын кедейшілікке əкелген болатын. Бірақ мұндай көмек жеткіліксіз болатын, бұған босқындар арасында өлім деңгейінің жоғарылығы дəлел болды. Жалпы алғанда миллионға жуық халқы бар Қырғызстанға 125 мың босқындар қосылды. Ол кезде 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістен жаппай адам шығынымен қатты жаншылған Қырғызстан енді ғана есін жинаған кезең еді. Оларды құтқару үшін бүкіл елге айтарлықтай түбегейлі жəне ауқымды шаралар қажет болды. Алайда, Кремль жұмған аузын ашпады жəне сол кезеңдегі ашаршылықты байқағысы келмеді, ал өзімшіл  мансапқорлар бүкіл əлемге социалистік құрылыстың жаңа жетістіктері туралы жар салып жатты. Бірақ көмек қолын созғандар болды. Көмек ешкім күтпеген жерден келді. Ол қарапайым адамдардан жəне ар-ұят пен аяушылық сезімдерін жоғалтпаған қайырымды қырғыз саясаткерлерінен келді. Осы қайғылы жəне қысылтаяң шақта Қырғыз АКСР Совнарком төрағасы 32 жасар Юсуп Абдрахманов табандылықпен партиялық кеңестік басшылықты экспортқа шығарғалы жатқан астық салынып бекітілген қоймаларды қайта ашуға көндіреді. Алайда жас қырғыз премьерінің мұндай «табанды» əрекеті қайда апаратынын барлығы сезген болатын. Осылайша ондаған мың ашыққандар ажалдан құтқарылды, олардың ішінде жер шаруашылығымен айналысатын қырғызстандықтар да болды [2].

Ашыққандарды құтқару жөніндегі іс-əрекетке қарсы жаза көп күттірмеді. Ю.Абдрахмановты 1933 ж. Киробком партиясының пленумында «астық өндірудегі олқылығы үшін» деген қатаң партиялық сөгіс жариялап жəне қызметінен босатылды. Киробком партиясының бірінші хатшысы А.О. Шахрай да қызметінен кеткен болатын. Қырғызстандағы орын алған жағдай, егер де билікте Ю.Абдрахманов сияқты жауапты басшылар мен нағыз патриоттар көбірек болғанда, Юсуп Абдрахмановқа Қазақстан, Жетісу өте жақын болды. Себебі, ол 1916 ж. трагедияны бастан кешірді, сол кезде өзінің əке-шешесін, жақындары мен туғандарын жоғалтты. Қытайға қашып, кейіннен қайта оралды. Орыс офицерінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Сонымен бірге Верныйға кетіп, қазан революциясынан кейін оның өмірінде жаңа кезең басталды. Республика бойынша өзінің инспекторлық сапары кезінде Кеңестік Қырғызстанның негізін салушы əкелерінің бірі, ол кезде Жетісу обкомы Мусбюросының басшысы Əбдікəрім Сыдықов өзінің досы жəне əріптесі, белгілі қазақ саясаткері Ораз Жандосовпен бірге Жаркент майданының окопында атаман Анненковтың əскерімен ұрыс кезінде, зерек қызыл əскер жауынгері Юсуп Абдрахмановты кездестіреді. Сөйтіп оны оқуға алып кетеді. Олар оны таңдағанда жаңылмаған еді. Ол Верныйда Жетісу комсомол жастарының көшбасшысына дейін өсті. 21 жасында ол ТурЦИК-тің жауапты хатшысы болды. Ал 26 жасында Қырғыз АКСР Совнаркомының төрағасы қызметін атқарды. Қызметтен босатылғаннан кейін ол досы В.П. Шубриковтың шақыруымен Ресейге жұмысқа кетеді [4], онда ол бірінші Орынбор облыстық атқару комитеті ауыл шаруашылық басқармасын, кейін төменгі қалалық облаткомдарын басқарады. Ол əрқашанда бар ынтасымен жəне аса белсенділікпен, сталиндік асыра сілтеушілік пен жалған жəне кеңестік бюрократтар мен мансапқұмарлардың революцияшыл əрекеттерін, индустрияландыру, ұжымдастыру саласында болсын большевиктерді ұлттық ерекшеліктерді ескеруге шақырды. Ол сталиндік диктатураға бағынғысы келмеген адамдарды жақтады. Ол 1938 жылы 5 қарашада атылды. Оның сүйегі Ата-Бейит мемориалды кешенінде жерленді.

1920–1930 жылдардағы Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген көрнекті мемлекет қайраткерлерінің жеке өмірбаяндарын қарап отырып, ортақ жəне маңызды ұқсастықты табамыз. Ол «Алаш» партиясына мүшелік жəне оның қатарында жұмыс жасау. Бұл тұңғыш Түркістандағы кеңестік мағынадағы партияны қазақ зиялыларының өкілдері құрды. Олардың ішінде Əлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Мұхамеджан Тынышбаевты, Мұстафа Шоқайды жəне т.б. атауға болады. Партия 1905–1907 жж. бірінші орыс буржуазиялық революциясы жылдары пайда болды жəне Ресейде ұлттық жəне отарлық мəселелердің шешілуі сынды қазақтардың арманын көрсетті. Алаштықтар еркін, демократиялық жəне басқарудың парламенттік формасындағы Ресей Федерациясы туралы армандады. Қазақтар автономия мəртебесін алып Ресей Федеративтік демократиялық республикасының құрамында болуы керек еді. Осы мақсатта «Алашорда» көшбасшылары конституциялық демократтармен (кадеттер) келіссөздер жүргізді, ондағы мақсат партия аталған партияның оңтүстік бөлімшесі болу. Алайда ресейлік либералдар бірыңғай жəне біртұтас Ресей мүддесін ұстанып, келіссөздер мүмкін болмады. Алаштықтар əріптестік жəне одақтастық жолында ресейлік шаруа социалистері (эсерлер) жағына шығуға мəжбүр болды. Ондағы мақсат кімнің бағдарламалық мақсаттары большевиктерге қарағанда радикалды болу шарт болды. Əр партия өзінің ұйымдық тəуелсіздігін сақтайтын саяси блок тəрізді пайда бола бастады. XX ғасырдың басында Түркістанда алаштықтардан басқа 34 қоғамдық бірлестіктердің болғанын жəне «Шуро-Исламия», «Иттифак» партиялары, «Букара» демократиялық одағы, эсерлер, социал-демократтар жəне т.б. болғанын атап өткен жөн.

«Алаш» партиясы Ақпан революциясына дейін əділет органдарында ресми тіркеуден өте алмаған. Бұл тек патшалық биліктен құтылғаннан кейін ғана мүмкін болды. 1917–1918 жж. партия бірнеше съездерін өткізеді. Олар əдебиеттерде «қырғыз съездері» деген атпен жиі кездесіп, онда партияның басшылығы сайланып, бағдарламасы мен жарғысы, «Қазақ» газетінің алқасы бекітіледі. Аталған съездердің жұмысына бірнеше көрнекті қырғыз зиялы өкілдері мен ру-тайпалық ақсүйектері, атап айтқанда Əбдікəрім Сыдыков [5], Ишенали Арабаев, Ташмухамед Худайбергенов [6], Курман Лепесов, Касым Абукин, Искак Курманов жəне т.б. [7] қатысады. Курман Лепесов – саяк тайпасының жоғарғы ру көсемі, осы баяндама авторының арғы атасы болып табылады, ал Искак Курманов – ру көсемінің тұңғыш ұлы Загорной (Таудың арғы жағындағы) болысының басшысы болған [8].

Партияның Пішпек бөлімшесі пайда болады, оның басшысы болып А.Сыдықов сайланады. «Қазақ» газеті редакциясының басында бір кездері басқа қырғыз саясаткері жəне ағартушысы, «Алиппе» бірінші əліпбиінің авторы жəне қырғыз тіліндегі оқулықтардың авторы, оны қызметтестері мен жас əріптестері «молдоке кыргызской интеллигенции» деп атаған Ишеналы Арабаев Ə.Бөкейханов жəне А.Байтұрсыновпен жақын қарым-қатынаста болған.

Нақ «Алаш» партиясының шеңберінде қазақ жəне қырғыз зиялыларының өз халықтарының болашағы, Ресейге қарым-қатынасы, халықтық жəне жаңа орныққан құндылықтарға деген ортақ көзқарастары түйіседі. Дəл «Алаш» партиясы қатарында болашақ большевизм мен елді большевиктендіруге қарсы шыққан оппозиция пайда болды, ол елде тұратын халықтардың тағдырына қауіп төндіретінін көре отырып, қоғамның негізін, оның тарихи қалыптасқан тұрмыс салты мен мəдени-адамгершілік құндылықтарын бұзып, шектен шыққан жəне ойластырылмаған əмбебап-тандыру мен үндестіру, индустрияландыру мен ұжымдастыру, саясаттағы асыра сілтеуге қарсы шықты. Қырғыз жəне қазақ саясаткерлері аралас партиялық тізімдер жасап, сайлауға түсті. М.Тынышбаев пен Ə.Сыдықов Пішпек уезі бойынша Ресей құрылтай жиналысына депутаттыққа сайлауға түсті.

Алаштықтар саяси құрылысы бойынша федеративтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құрудың жақтастары болды. Мемлекет басшысы Құрылтай жиналысында сайланған Президент болуы керек болатын. Биліктің тармақтарын бөлу қағидасымен заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі сақталды.

Партия ішінде «Алаш қазақ-қырғыз автономиясын» құру идеясы пайда болды. Онда ұлттық ерекшелігіне, дініне, тіліне жəне т.б. қарамастан еркін жəне лайықты өмір сүру көзделді [10]. Алаштықтар аграрлық мəселе бойынша жерге жеке меншікке қарсы болды. Большевиктік басшылық алаштықтардың өзіндік пікірге деген құқықтарын кешірмей оларға қатал жаппай қуғын-сүргінге ұшыратумен жауап қатты. 1930-жылдардағы трагедиядан алаштықтардың ешқайсысы сырт қалмайды. Қуғын-сүргін іс-əркетінен кейін партия құлады. Оның мүшелерінің бір бөлігі пролетарлық революциядан көңілдері қалып, эмиграцияға кетті, басқа бөлігі – қарулы қақтығыс қатарына, үшінші бөлігі – Кеңес билігімен ынтымақтастық орнатып жұмыс жасады. Өкінішке орай үшіншісі саны жағынан көп бо-

латын.

Алаштықтардың көпшілігі өмірден қуғын-сүргін басталғанға дейін-ақ ерте кетті. 1918 жылы Ə.Сыдықов басқарған қырғыз алаштықтарын Беловодск контр революциялық бүлігін ұйымдастырды деген айып тағуға тырысты. Бүлік орыс шаруа-переселендері мен Қызыл əскер бөлімшесі арасында болады. Олар азық- түлік салғырты рұқсат қағазы бойынша нандарын тартып алған болатын. Трибунал ол кезде бүлікті сол эсер көшбасшылары ұйымдастырды деп оларды ақтайды. Уезде эсерлер партиясының қызметіне тыйым салумен қатар «Алаш» партиясы қызметіне де тыйым салынды. 1920 жылы оның қызметі Қырғызстанда жасанды түрде тоқтатылды. Қарсы шыққандар қамауға алынды немесе өлім жазасына кесілді. 1921 жылы Быстровкада «Алаш» партиясының үш белсендісі атылды, оның ішіндегі біреуі партияның бірнеше съезінің қатысушысы, солты (солтинский) руының ықпалды басшысы Дуур Сооронбаев болды. Ол қоғамда өзінің кең саяси, ағартушылық жəне қайырымдылық қызметімен танымал.

1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР құрылғаннан кейін астанасы Орынбор қаласында болып, қазақтар мен қырғыздардың біріккен автономиялық мемлекетін құру жоспары күйреген болатын. Нəтижесінде лениншіл халықтардың өзін-өзі билеу тұжырымдамасы жеңді. Түркістанның түркі халықтарын бөлу идеясы көп те ген түркістандық саясаткерлерге бүкіл түркі халықтарын немесе барлық мұсылмандарды біріктіру романтикалық идеясына қарағанда əлдеқайда көңілге қонымды жəне жағымды болды.

Қазақтың саяси элитасы Верныйдан Орынборға жаппай көшкен кезеңде қырғыз зиялылары Жетісу облысының аппаратында жоғары орындарды иеленді.

Жетісу облыстық атқару комитетінің төрағасы болып Түркістан АКСР-інің құрамында Қырғыз Таулы облысын құру бойынша жұмысты бастаған Əбдікəрім Сыдықов сайланды. Ол қырғыздар тұратын 4 облыстың аумағынан құрылу керек болатын. Нəтижесінде мақсатқа қол жеткізілді. 1922 жылы Пішпекте Қырғыз Таулы облыстары кеңесінің құрылтай съезі өтті. Құрылтай съезіне 450-ден аса делегаттар жиналып, олар қырғыз облысын құру туралы декларацияны қабылдауға жиналған болатын. Алайда қырғыз саяси басшылығы топтарының арасында тұтанған талас-тартыстар нəтижесінде жариялау туралы идея іске аспай ол 1924 ж. қалдырылды. Отандық бір саясаткердің БК (б) П Орталық Комитетінің бас хатшысы И.Сталинге жазған шағым арызы нəтижесінде Пішпекке шағым арызды тексеру үшін арнайы комиссия жіберіледі, ал құрылтай съезінің мəртебесі ұйымдық мəртебеге дейін төмендетіледі. Қырғыз облысын құру туралы ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Ə.Сыдықов тағайындалды. Алайда ол бұл қызметті атқара алмады. Комиссия шешімі бойынша оған тағыда сөгіс жарияланып Жетісу облисполкомының төрағасы қызметінен Ташкентке ауыстырылады. Ə.Сыдықов сол кезеңдегі ең беделді, ақылды жəне тəжірибелі қырғыз саясаткерлерінің бірі болды. Ол қазақ саяси элиталарымен қоян-қолтық араласты. Ол жазушы Дмитрий Фурмановпен дос болып, Ораз Жандосовпен достық қарым-қатынаста болды, ол Юсуп Абдрахмановтың жеке өтініші бойынша оның бірінші мұғалімі болған.

Осы мəселеге тереңірек тоқталып өткен жөн. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінен кейін біздің зиялы өкілдер арасындағы байланыс айтарлықтай қысқарды. Сонымен қатар олардың қарым-қатынастары арасында жағымсыз жағдайлар көбірек орын ала бастады. Қазақтар, қырғыздар, өзбектер жəне тағы басқа бауырлас халықтар 1924 ж. ұлттық-мемлекеттік межелеу нəтижесінде шешілуі тиіс аумақ үшін өзара таласа бастады. Түркістан АКСР-і басшылығы арасында да жік пайда болды. Онда Ə.Сыдықовтың тобы қазақтың ірі саяси қайраткері Тұрар Рысқұловты ашық жақтап сөйледі. Олар ортақ түркі бірлігін батыл жақтады. Т.Рысқұлов Пішпек ауыл шаруашылық мектебінде оқыған, ал шығыста саясаттанушы ретінде үлкен рөл атқарды. Осы жерде бүкіл кеңестік ауқымдағы дарынды мемлекеттік қайраткерлердің өмір жолымен байланысты басқа да жағдайларға ерекше көңіл аударғым келеді. Біздің ойымызша ол қырғыздардың мүддесін Түркістан Республикасының аумағында шешуде көптеген жұмыстар атқарды. Ол қудалауға түскен А.Сыдыковты Түркістан АКСР Ішкі істер наркомының м.а. қызметіне, содан кейін жоғарғы қызмет ТАКСР Егін шаруашылығы Наркоматы Ауыл шаруашылық басқарма бастығы қызметіне тағайындалуына жеке көмектескен деболуы мүмкін.

1924 жылы А. Сыдықов өз республикасын құру үшін Қырғызстанға қайта оралады. 1925 жылы А.Сыдықов пен И.Арабаев Киробком басшылығына қарсы шыққан оппозицияның атышулы негізгі идеялық рухтандырушы жəне ұйымдастырушысы болды. Ол құжатқа отыз адам қол қойғандықтан «Отыздың манифесті» деген атқа ие болды.  Оппо-зиционерлер республикадағы жүргізіліп жатқан большевиктік саясатты сынай отырып, олар əртүрлі салалар мен бағыттарды қамтып, қырғыз жұмысшыларын бірін-біріне қарсы қойған, жергілікті жəне ұлттық ерекшеліктерді ескермей жəне əдейі жүргізген кадр саясатына қарсы шықты. Бұл жағдай Кремльге жетіп, КСРО саяси орталарында қатты қобалжу

тудырды. А.Сыдықов пен И.Арабаев көптеген жылдар бойы жүргізген анти партиялық қызметі үшін партиядан қайтадан шығарылып, Ташкентке жер аударылды. Онда олар білім жəне ғылым саласында еңбек етті [11]. 1933 ж. партиядан шығарылған А.Сыдықовты Фрунзеге Қырғыз АКСР Мемлекеттік жоспар төрағасының орынбасары қызметіне шақырады. Келесі жылы оны жəне адал досы И.Арабаевты «Социал-Тұран» контрреволюциялық партиясын құрды деп айыптайды. И.Арабаев сол жылы түсініксіз жағдайда түрмеде қайтыс болады. А.Сыдықов 1938 жылы ақпанда Фрунзеде атылады [12].

1925 жылы Ю.Абдрахманов ең бірінші рет шала сауатты Кремль наместнигі Михаил Давыдович Каменский тарапынан қудалауға түскенде, оны тез арада Мəскеуге РК(б)П ОК жұмысқа жібереді. Ол кезде Т.Рысқұлов РКФСР Совнарком төрағасының орынбасары болып жұмыс істейтін. Ал 1926 ж. Ю.Абдрахманов Отанына Қырғыз АКСР Совнаркомының төрағасы болып оралады. Содан кейін 1933 ж. ол ашыққан қазақ босқындарын құтқаруда батыл əрі қайырымды əрекет жасайды. Егерде XX ғ. басында біздің халықтарымыздың арасында ерекше бауырластық жəне достық қарым-қатынас болмағанда мұндай жағдай болатын ба еді? Біз мұны барлық саяси шиеленістерге жəне трагедияларға қарамастан лайықты өткердік.

Уақыт алмасып, жаңа ұрпақтар дүниеге келуде, алайда осыншама еңбекпен жасалған дүниені олар білмей, бұзуы мүмкін. Сондықтан да ата-бабаларымыздың ортақ болашақ үшін күресін Қазақстан мен Қырғызстанның қазіргі жəне жаңа буын саясаткерлеріне саяси өсиеті ретінде қазақ жəне қырғыз зиялылары арасындағы ынтымақтастық тарихын зерттеу маңызды.

З.К. Курманов,

Қырғыз Республикасы

Сыртқы істер министрлігі

Дипломатиялық академиясының

кафедра меңгерушісі,

Жоғарғы кеңестің экс-спикері,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор (Қырғыз Республикасы)

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.