(«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ХАЛЫҚ ҚАСІРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ
ТАҒЫЛЫМЫ» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағынан), Астана
баспасы, 2012
Украина жəне Қырым тарихының қасіретті беттерінің бірі саналатын ашаршылық миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған нағыз гуманитарлық апат ретінде көрініс тапты. Адамзат қасіреті бар отандық тарихтың бұл кезеңі айтарлықтай күрделі жəне бұл тақырып тарих ғылымы үшін аса өзекті. Украина жəне Қырымдағы ашаршылық тақырыбын зерттеушілер РК(б)П партияішілік күресі жəне жаңа экономикалық саясат, халық толқуларына қарсы күрес пен əскери коммунизм аясында қарастырады. Аталмыш тақырыпқа қалам тартқандардың қатарында С.В. Кульчицкий, А.А. Форманчук, В.М. Брошеван, В.Г. Зарубин, А.В. Ишиндер болды [1]. Украина жəне Қырымдағы ашаршылықты жəне осы қасіретті оқиға жағдайында саяси биліктің этникалық фактор туралы есебін саралау осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Украина отыз жылда үш ірі ашаршылықты басынан өткерді, атап айтар болсақ, 1921–1922 жж., 1932–1933 жж., 1946 ж., сонымен қатар 1928–1931 жылдардағы күштеп ұжымдастыру науқанын естен шығармаған жөн. Коммунистік жүйенің украин халқына қарсы қатыгез қылмысы – 1932–1933 жж. ашаршылық болды. Бұл украин халқына қарсы жоспарлы түрде бағытталған науқан олардың тəуелсіз шаруашылықтарын күйрету жəне кеңестік билікке қарсы тұру мүмкіндігінен айыру еді. Осы жағдайды американдық профессор Р.Конквест: «Мəскеуден жоспарланған ашаршылық ұлттық қамал ретінде украин шаруаларын жоюға бағытталды. Украиндық шаруалар ең алдымен шаруа болуынан емес, украин болғандықтан жойылды» – деп жазады. Ашаршылық 1932 жылы тарала бастаса, зерттеушілердің есептеуінше сұрапыл ашаршылық 1933 жылдың басында орын алған. Украинада күн сайын аштықтан 25 мың адам, сағат сайын 1000 адам, минут сайын 17 адам көз жұмып отырды... Нансыз қалған шаруалар тышқан, егеуқұйрық, қарға, шыбын жəне ағаштың қабығымен қоректенді. Сондай-ақ адам етін жеу (каннибализм) оқиғалары көптеп кездесіп отырды (Украинада тек адам етін жеуге қатысты деректер бойынша ресми түрде 2 мың қылмыстық іс тіркелген). Ашаршылықтан тұтас ауылдарды жою үшін астық тəркілеу науқаны жалғасын тапты. В.М. Молотовтың мəліметтері бойынша, Украинада нан дайындау науқанын жүргізген мəскеулік комиссар астық жоқ болған жағдайда, кепкен астық, картоп, май, яғни барлық қордағы азықтарды алып қойды. Тіпті қайнатып, қоректенбес үшін былғары заттарды тартып алған жағдайлар да кездескен. Астық пен картоп үймелерін Ресейге жөнелтілу үшін теміржол станцияларында жиналып, көбі далада шіріп жатты. Бірақ, оған күзет шаруаларды жібермеді. 1932 жылы 7 тамызда Бүкілресейлік орталық атқару комитеті (БОАК) мен КСРО Халық комиссарлар кеңесі (ХКК) «Əлеуметтік меншікті қорғау туралы» қаулы қабылдады. Қаулыға колхоз мүлкін ұрлағандарға «əлеуметтік қорғаудың жоғарғы шарасы» – барлық мүлкін тəркілеп, ату жазасына кесу немесе 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Тіпті, адамдар колхоз алқабынан аш балаларын тамақтандыру үшін уыс бидай ұрлауға маманданды. Сол кезеңнің замандастары бұл заңды «бес масақ заңы» деп атады.
Мыңдаған шаруалар өз өмірлерін құтқару үшін тосқауылдарға қарамастан, нан сатып алу үмітімен қалаға ағыла бастады. Алайда ауыл тұрғындарына нан сатуға тыйым салынды. Қаладан көмек таппаған олар тектен-тек көшелерде қырылып жатты. Харьковта, Одессада, Днепропетровскіде, Полтавада, Киевте жəнебасқада қалаларда аштықтан өлгендерді күн сайын таңертең жинап, бауырластар зиратына жөнелтіп отырды.
Тек қана Киевте ресми деректер бойынша, 1933 жылы мамырдың алғашқыкүнінде милиция 20 тастанды нəрестені жинап алған. Осы уақытта қалған тоғызтұрғындар орналасқан жерлерде тағы 304-і табылған. Ал бүкіл Украина бойынша бұл көрсеткіш қанша болды?
Құжаттық мəліметтер бойынша, мыңдаған жетім балалар жекелей немесе тобымен ауылдарда қаңғырып жүрді, кейбіреулері жол бойында өліп жатса, басқалары қалаға барып, темір жол станцияларында қайыр тілеумен, ұсақ-түйек ұрлықпен күндерін көрді. 1933 жылы маусым айының соңында Козятин станциясында милиция 307, ал шілде айында 1340 аш панасыз балаларды ұстаған. Осындай жағдайлар көптеген үлкенді-кішілі теміржол станцияларында кездесіп отырды. 1933 жылы маусым айының басында Козятин станциясында 15 өлген бала табылған. «Дəрігерлердің тексеруі бойынша, актіде өлімнің себебі аштықтан болған деп белгіленген».
Қырым жартыаралында адам тағдырына қатысты қасіретті кезең 1921–1922
жылдары пайда болды. 1921 жылы сəуір айында Қырымда жүргізілген алдын
ала халық санағының мəліметтеріне сəйкес, Қырымда 720373 адам тұрған болса, оның 327086-сы қала тұрғындары, ал 393287-сі ауылдық тұрғындар болған. Статистикалық деректердің мəліметтері бойынша, Қырым РКФСР-дағы бірден-бір урбанизацияланған аудан болды. 1921 жылы Қырымда ұлттық ерекшелігі бойынша 371017 орыс, 186715 қырым татары, 49404 еврей, 42350 неміс, 23868 грек, 12051 армян, 10572 болгар, 5734 поляк, 5564 қарайым, 3076 сыған, 2371 эстон, 1413 чех, 1002 латыш и 4200 өзге ұлттың өкілдері өмір сүрді [Предварительные итоги переписи в Крыму в 1921 г. – Симферополь, 22г, 10-11 б.]. Халықтың жалпы санына шаққанда жекелей ұлттардың үлесі мынадай пайыздық көрсеткішті құрады: орыс 51,5%, қырым татары 25,9%, еврей 6,8%, неміс 5,8%, грек 3,3%, армян 1,6%, болгар 1,4%, поляк 0,8%, қарайым 0,7% [Статистико-экон. Атлас Крыма. – Симферополь, 22г, 5 б.]. Өңірдің этникалық əртектілігі жəне азамат соғысы жылдарындағы саяси қызметіне байланысты большевиктер ұлттық мəселеге шартты түрде назар аударды. Кеңестік жəне партиялық орган басымдылығымен ұлттық езушіліктен азат ету, аграрлық жəне ағарту саласындағы проблемалар шешімін тауып жатты. УКСР кезіндегі украиндандыру саясаты сияқты, Қырым КСР-і ұлттық саясатқа байланысты татарландыру атауын иеленді. Идеологиялық жорамал бойынша қырым татарларының патшалық билік тұсында барынша қанауға ұшырағанын, өз мəдениетінен артта қалғанын ескеріп, халықүшін маңызды мəселелерін қанағаттандыруды бекітті. 1921 жылы 8 қазандаБОАК «Қырым Кеңестік Социалистік Республикасы туралы» ережені бекітті. Онкүннен кейін РКФСР БОАК мен ХКК Қырым КСР-ін құру туралы қаулысы жарияланды. 1921 жылы 10 қарашада кеңес жұмысшы, шаруа жəне солдат депутаттарының І Бүкілқырымдық Құрылтай съезінде автономия Конституциясы қабылданды. Негізгі ережелерде бұл Конституция 1918 жылғы РКФСР Конституциясын қайталады. Автономия құруға көптеген факторлар əсер етті: атап айтар болсақ, сыртқы саяси, экономикалық, ең бастысы ұлттық фактор маңызды орыналды. Автономиялық республика құру кеңестік биліктің ұлттық қанаушылықтыжою екенін ашық көрсетті. Қырым КСР Конституциясында мемлекеттік тіл орысжəне қырым татар тілдері болып жарияланды жəне аграрлық реформаларды жүргізу мақсатында қырым татарларын жерсіз қалдырмау көзделді. Билеуші органтарапынан қырым татарлары үшін татарландыру бағытына арнайы квота бөлінді,сонымен қатар қырым татарларының тілі қоғамдық жəне мемлекеттік өмірде кеңінен қолданылды. Қырым КСР-і ОАК төрағасы Ю.П. Гавен, ал ХКК төраға сыСахиб Герай Саид-Галиев болды. Басқарма аппараты 13 халық комиссариатынанжəне үш басқармадан тұрды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін жартыаралдаэкономикалық күйзеліс орын алды. Шаруалардың азық-түлік салғырты саясатына наразылығына байланысты астық алқаптары айтарлықтай қысқарды. Ауылүздіксіз азық-түлікті мемлекет меншігіне алудың нысанына айналды, аттар орналасқан əскери бөлімдерге берілді. Ішкі саясат факторы ашаршылық апатыныңмаңызды себептерінің бірі болды. Шаруалар экономикалық ынталандыру мүмкіндіктерінен айрылды, меншік қатынасының болашағы жоғала бастады. Қырымтатарларының жартысына жуығы жерсіз қалды. Олар бұрынғы Қырымның Оңтүстік жағалауын жəне жартыаралдың таулы бөлігін жалға алды. Сов хоз дар дыңқұрылуынабайланысты иелік жерлерді ұлттық қатынасқа бейімдеу, жерді жалғаберу қысқартылды. Бұл жағдай қырым татарларының ашаршылыққа ұшырауынаайтарлықтай ықпал еткен қосымша фактор болды. Аумақтық қырым татарларының ауылдары тау бөктерлерінде жəне жартыаралдың таулы бөлігінде орналас-ты, мысалы Бақшасарай округі. Сонымен қатар, оңтүстік жағалауда Севастопольден Судакқа дейінгі жерді алып жатты. Қырым татарларының ауылдарыныңтұрғындары жүзім бақтарын көбейтумен, табак өсірумен айналысты, ал астықшаруашылықтары жергілікті ерекшеліктерге жəне климаттық өзгерістерге байланысты күш алып отырды. Шаруа қожалықтарының осындай құрылымы ашаршы лық жағдайында айтарлықтай осалдық көрсетті. Субъективті фактордыңмəні – большевиктік билік еркін саудаға тыйым салды жəне қырымдық татар шаруалардың тəжірибелік тұрғыда өздерінің тауарларын (жүзім, шарап) сатуға немесе ұн мен жармаға айырбастауға мүмкіндіктері болған жоқ. Жəне ең соңындаайырбас сəйкестілігінің өзі тиімсіз еді. Ашаршылықтың екінші себептері объективті болды. Бұл табиғи-климаттық жағдайлар, қыста қардың аз болуы жəне құрғақшылық еді. Табиғи сүргін егіннің шықпай қалуына себеп болды. Алайда, шаруалардың алдына қойылған азық-түлік салғыртын ешкім де шектемеді. Жергілікті билік органдары Мəскеуге алдағы егістен күтілетін ең жоғарғы көрсеткіштер туралы жəне шаруаларға міндеттелген көлемді тапсырмалар туралы əлі іскеаспаған мəліметтер жіберіп отырды. Оқиғаның қауырт өршуіне байланысты билеуші орган өкілдері келесідегідей фактілерді мəлімдеуге мəжбүр болды: «Ауылдарда мал азығының жетіспеушілігі байқалды, көптеген ауылдарда бір шалажансар жылқы мен арық өгізден басқа ештеңе қалмады. Бақшасарай жəне Керченаудандарының көптеген ауылдары бос қалып, тұрғындары мүліктерін тастап немесе арзанға сатып, жаяу-жалпы нан іздеп шұбыруда. Жол бойында балалар мен кəрі адамдардың мүрделері шашылып жатыр, көптеген ауылдардың тұрғындарыөлген малдың етімен қоректенуде» [2, 4 п.]. Егер бірінші кезеңде аштыққа қаланың кедей тұрғындары ұшыраса, көп ұзамай ашаршылық жарты аралдың бүкілаумағын қамтыды: «Ашаршылықтың қатты өрістегені жəне айтарлықтай қатертөндіргендері соншалықты, ол бүкіл Қырым республикасының аумағын қамтыды. Барлық округтар мен аудандарда үлкенді-кішілі деңгейде ашаршылықтыңзардабын тартты... Аудандардағы ашаршылықтың күші сандық тілмен айтқанда40-тан 90%-ға дейін жетті (Бию-Онлар ауданындағы көптеген қоныстардың 75-тен 90%-ға дейін ашықты)» [3]. Ашаршылық қоғамның құлдырауына, адам дардың санасындағы психологиялық апатқа себепші болды. Адамдардың кəдімгіөлімі ешқандай қорқыныш тудырмады. Басқарма органдары ашаршылықтантуындаған өлімнің жан түршігерлік бейнесін еріксіз баяндауға мəжбүр болды:«Қа ра су ба зар қаласында жəне оның аудандарының көшелерінде аштықтан өл гендер бірнеше күн жиналмай жатты, адам етін жеу, тірідей балаларды аулау жəнесату оқиғалары əдеттегідей жағдай саналды» [4, 1 п.]. Осы секілді көріністер текқана Қарабұзарда ғана емес, қырым татарлары орналасқан көптеген жерлердежəне жартыаралдың басқа да аудандарында, əсіресе Судак ауданында жиі ұшырасты. Судак сондай-ақ қырым татарларының ең жоғарғы артықшылығы бай қалатын аудан болды. Мұрағат құжаттары 1922 жылғы қырым татар ауылдардағыжағдайды анықтайды: «1921 жылы күзде Эльбузлов тұрғындары 760 адамды құраса, енді 400 адам ғана қалған, қалғандары аштықтан қырылып қалған. Б.Тарахташ ауылында 1921 жылдың қазанында 2000-нан астам адам болса, 1921 жылдың қарашасы мен 1922 жылдың 1 сəуірі аралығында аштықтан 800-дей адамқұрбан болды. 1922 жылы қаңтарда адам өлімі күніне 15 адамға жетті. М.Тарахташ ауылында 1921 жылы қазанда 1867 адам болса, 1 сəуірде 1152 адам қалды,715-і аштықтың құрбаны болды, оның 299-ы балалар. Токлук ауылында 1922жыл дың 1 сəуіріне дейін 256 адам аштықтан өлсе, өлімнің ең үлкен мөлшері осыжылдың наурыз айында байқалды... Токлукта қабірдегі адам мүрдесін жеу үшінқазып алу оқиғасы кездескен. Козада 1921 жылдың күзінде 1092 адам болса, осыжылдың 1 сəуір бойынша аштықтан 346 адам қайтыс болған. Адам өлімі əсіресенаурыз айында арта түсті, 12 наурыздан 1 сəуірге дейін 19 тəулікте аштықтан1025 адам өлген. 3 адам жеу оқиғасы анықталған» [5, 28 п.]. Ашаршылықтан текқала ғана емес, сондай-ақ ауыл тұрғындары да зардап шекті. Симферополь аштарға көмек комитеті 1922 жылы былай деп мəлімдейді: «Ауылдарға көмек көрсету болмашы деңгейде ғана болса, ал ашаршылық аса зор деңгейде көрініс тапты. Толық емес мəліметтер бойынша округтерде ашыққан балалар саны 60000адам ға жеткен, еске сала кететін болсақ Қарасубазар ауданында барлығыныңсаны ¾-ке төмендеген... Өлім-жітім округ бойынша орасан зор деңгейде жүрді,əр ауданда күніне 20–25 адам өліп отырды. Бір ғана Қарасубазарда 15 қаңтар мен20 ақпан аралығында 650-ден астам адам жерленген. Симферопольде əр күн сайын қайтыс болғандардың саны күніне 40 адамға артып отырды. Осындай мүр делер санына байланысты Өлкелік аштарға көмек комитетінің алдында бірнешекүн жиналмаған мүрделерді жерлеу мəселесі тұрды» [6, 69 п.]. Ашаршылық ауруларға қарсы күресетін эпидемиялық ауру жасақтарын дамытуға себеп болды,Алайда ауруханаларда əдеттегі төсектер саны қысқарды. Солай 1922 жылы 26наурызда Симферополь өлкелік аштарға көмек комитетінің Төралқасы өз отырысында қаулы етеді: «Ауру балалардан дені сау балаларды бөлу жəне осы мақсатта ЦУКК пен Денсаулық Халық Комиссариатының резерві пайдаланылды. Жұмыс екікүндік мерзімде аяқталуы тиіс болды. Бөлініп алынған дені сау балаларФабра жетімдер үйіне орналастырылды... Бірінші кезекте Пушкин көшесі бойынша коллектордан бөлініп алынған балалар орналастырылды» [Р709, 96-іс, 24 п.]. Ашаршылықтан қырым татарларының көпшілік ауылдары зардап шекті. Бұл факт 1922 жылы наурызда өткен РК(б)П VI облыстық конференциясында 13014 деп белгіленді. Қырымдық облыстық комитетінің хатшысы Ю.П. Гавен өз баяндамасында былай деді: «Ашаршылық мұнда өте ауыр болды, ол Еділ жағалауында құтқармады. Бірақ мұнда Еділ жағалауын сияқты қатты сезілмеді. Бұл Қырым жерінің кейбір өзіндік ерекшелітеріне, əсіресе ең бастысы ұлттық-тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты болды. Қырым татарлары өз ауылдарын тастап кетпеді, тіпті аштықта оларды қуып шыға алмады. Олар өз ауылдарында өліп жатты, ашаршылықтың зардабы барлық татар ауылдарын жалмады... шамамен татарлардың 70%-ы аштыққа душар болды» [П1, 1-тізім, 115-іс, 197 п.]. Оның деректі пікіріне сенуге болады. Ю.П. Гавен ОК аштарға көмек комитетін басқарғандықтан, əрине туындаған оқиғалар туралы толыққанды ақпараттарға ие болып отырды. Бірінші кезеңде адамдар өз-өздеріне көмектесуге тырысты. Ауылдағы жергілікті ауқатты тұрғын кедейлерге көмектесіп отырды. Алайда күзде егіннің шықпай қалу салдарынан бұл адамдардың мүмкіндіктері шектеулі болды. Жеке меншік жағдайларына қарамастан көмек көрсетуге қоғамның діни топтары да атсалысты. Симферополь өлкелік аштарға көмек комитеті қырым татарларының назарын Осфиев мешітінде татар асханасын ұйымдастаруға аударды. Өл келік аштарға көмек комитетінің төралқасы 1922 жылы 31 қаңтардағы өзінің отырысында: «Кейбір билік органдары мен мекемелерінің алдында өз еркімен татарлардың арасынан көмек көрсетуді ұйымдастырушыларды құптаймыз» – деп мəлім деді [Р709, 1-тізім, 160-іс, 8 п.]. Құжаттарда анықталғандай, құрбан болғандардың саны орасан зор болды. Құжаттарда көрсетілгендей, берілген азық-түлік саны да жеткіліксіз деңгейде еді. Сюзортан, Бақшасарай аудандарының ауылдарында «аштық күзде басталып, қаңтар айында үдей түсті. Барлық иттер мен мысық тар адамдардың азығы есебінде желініп кетті. Аштықтан өлу əсіресе ересектер арасында айтарлықтай байқалды, бұл аз болғандай сүзек ауруы да белең алды» [7, 119 п.]. Ашаршылық апатынан мектептер мен қоғамдық мекемелер қызметін тоқтатты, көп жағдайда адамдар тағдырдың жазуымен атамекендерін тастап жатты. Сөйтіп «Кокоз аудандық атқару комитетінің есептеуі бойынша өзіне 11 ауылдық атқару комитетін, 18 ауылды бекітті. Ауданда ашаршылық желтоқсанда басталды. Аудандағы 19000 тұрғынның 3000-ы аштықтан қайтыс болды. 1922 жылдың наурыз айына дейін ашыққандарға көмектесетін ешқандай ұйым болмады» [8, 119 п.]. Биліктің ашаршылықпен күресуге серпіні 1922 жыл дың басында, яғни, қайыршылық етек алған кезде басталды. 1922 жылы қаңтарда Қырым ХКК шұғыл түрде егістік туралы жаңа деректер түзу жөнінде «Ор та лық Қырымдағы астық туралы қате сандық көрсеткіштерді есептейді» – деді [9, 46 п.]. Қырым үкіметі астық сатып алу мақсатында Стамбулға сапар шегетін делегация құрамын жасақтады. Сонымен қатар делегацияға азық-түлік сатып алу үшін болгарлық фирмалармен сауда-экономикалық байланыс орнату тапсырылды. Делегация құрамында қырым татарлары интеллигенциясының Асан Сабри Айвазов сияқты өкілдері болды. Делегацияның жұмысы 1922 жылы 13 қазанда Қырым КСР ХКК мен ОАК жəне ОК Ашыққандарға көмек комитетінің біріккен отырысында талқыланды. А.С. Айвазов Қырым делегациясының Түркиядағы жұмысы туралы баяндама жасады. Маңыздысы қайырымдылық есебіне аударылған қаржы есепке алынды [Р709, 1-тізім, 113-іс, 75 п.]. Шетелден көмек алған тек қырым татарлары ғана емес, сондай-ақ еврейлер мен немістер де болды. 1922 жылы 28 қаңтарда Симферополь еврей қоғамының Өкілетті өкілі Г.Кречмер мен кедей еврейлерге жəрдем қоғамының бұрынғы төрағасы М.Эйдлин Қырым КСР ХКК-ның назарын аудартты. Өздерінің сөздерінде олар: «Еврей қа уы мы ның жағдайы қиын халде. Олар жағдайларының төмендігінен азық-түлікке, əсіресе нанның жетіспеушілігінен ашығуда» [Р709, 1-тізім, 96-іс, 2 п.]. Хат авторлары өздері нің өтініштерінде бірнеше адамды Константинопольге аттандырып, Ескі жəне Жаңа Дүние қоғамдарынан азық-түлік көмегін алуды көздеді. Сөйтіп ашыққандардың пайдасына жаңа алым-салық орнатылды. Бірақ тəжірибелік тұрғыда елдің барлық тұрғындары ашыққандықтан қаржы жинау жүзеге аспады. Қы рым КСР ХКК азық-түлік тауарларының барлық түріне азық-түлік салығын салуды болдырмау туралы бастама көтерді. Қырым Үкіметі Жер шаруашылығы Халық комиссариатының қырымдық тауарлардың РКФСР аумағына сатылуына қойылған шектеуді шешу туралы қаулысын бекітті. Осыдан кейін барып, шарап сату арта түсті жəне одан түскен қаржыға ұн сатып алынды. Жұмыс белсенді түрде жүргізіле бастады (ЦК Помгол). Бұл құрылым ашыққандарға жəне балалар коллекторларында арнайы асхана ұйымдастырды. Орталық комитет ашыққандарға көмек ұйымдастыру үшін, жұмыссыздарды жұмысқа тартып, еңбекақысы есебінде тамақтандырып отырды. Сөйтіп, Евпаторий Өлкелік аштарға көмек комитеті «бірінші кезекте жая жүргіншілер жолдары мен тас жолдарды жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ су құбырлары жүйесіне назар аударды» [10 п. 56]. Орталық жəне өлкелік аштарға көмек комитетінің бірден-бір басымдықтары балаларға азық-түлік жəне медициналық жəрдем көрсету болды. Əсіресе көмекке мұқтаж жетімдер басты назарға алынды. Қырым ОК аштарға көмек комитеті өзінің есебінде мына жайды мəлімдеуге мəжбүр болды: «ашыққан панасыз жəне ауру балалардың бірнеше ондықтары күн сайын Халық ағарту комиссариатының жергілікті бөлімшелері мен балалар үйлеріне келіп жатты; Көмек комитеті ашқан тамақтандыру нүктелері мен балалар үйі аштарға толып қалды... тіпті күніне бір рет түскі аста тамақтандыру нүктелері мен балалар үйлерінің жартысын тамақтандыруға азық-түлік қоры жеткіліксіз. Əр балаға бөлінген үлес нормасына азықтың жетіспеушілігінен қалғандарынан тамақсыз қалдырмау үшін, екі, кейде үш баланы тамақтандырды» [Р709, 1-тізім, 135-іс, 4 п.]. Олар үшін коллекторлар құрылды. Бірақ бұл мекемелерді өлім айналып өтпеді. Жетім балалар үйіне 1922 жылы Жұмысшы-шаруа инспекциясы Халық комиссариатының комиссиясы тексеру жүргізді. Өз есептерінде комиссия көргендерін былайша тізбектейді: «Пушкин көшесін де гі коллектор. Кішкене кіреберісінде лас шалшық төселген... Мұндағы есік əлсіз жəне ауру балаларға арналған бөлімшеге бастайды, мұнда сəкіде лас шүберектің ішінде 2 баланың мəйіт мүрдесі тірі балалардың қасында жайғастырылған, олар əлсіздіктен өлгенге ұқсайды. Барлық балалар 402, олар қатарластыра өте тығыз орналастырылған. Мұндағылар сүзек, қызамық, қызылша ауруларына шалдыққандар… Мұнда істейтін адамдардың айтуынша, олар жарты фунт нан үшін жұмыс істейді… Барлық қарастырылған мекемелер сипаттауға келмейтін жаппай қорқыныштың көрінісі болды» [Р460, 1-тізім, іс.]. Балалар үйі этникалық критерийіне орай құрылды. Симферопольде, Дворянский көшесінде Рефатов атындағы қырым татар балалар үйі құрылды. Өлімнің жоғарғы көрсеткіші, көптеген балалардың жетім қалуы өте қажетті шараларды қолдануды талап етті. Мұндай жағдайда ашаршылық объективті сияқты субъективті факторлардың да салдарынан болды деп қорытынды жасауға болады. Азық-түлік салғырты саясаты, мүлікті мемлекет меншігіне алу, шаруалардың кедейленуі 1921–1922 жыл дар да ғы Қырымдағы ашаршылықтың негізгі себептері ретінде көрініс тапты. Қырым ауылдарынан азық-түлік қорын қатыгездікпен тартып алу шаруаларды аштыққа ұшырауға итермеледі. Орталық билік көпке дейін Қырымдағы ашаршылықты мойындамады, ақырында мұның салдары қасіретке ұласты. Большевиктер ашаршылықты сылтауратып, шіркеуді есебінен демеушілік жасатуға пайдаланды. Бірінші кезең, 1921 жылдың қарашасы мен 1922 жылдың сəуірі аралығында ашыққандарға көмек айтарлықтай жеткіліксіз жəне нашар ұйымдасқандығы мен көрінді. Ашаршылық қырым татар халқына шектен шыққан гуманитарлық апат əкелді. Халықтың болашағы саналатын балалардың өлімі өткір мəселе ретінде қойылды. Əрбір этникалық топтар аясында ұйымдар құрылып, ұлттық көрсеткіштерге байланысты көмектер ұйымдастырылды. Қырым татарлары Түркияда өмір сүріп жатқан өздерінің диаспораларынан көмек алды. Ашаршылықтың салдарынан татарландыру үдерісін жүзеге асыру тоқтап қалды. Ашаршылық пен күрес ішкі саясатта басқа үдеріс қалыптастырды.
Əртүрлі есептеулер бойынша, 1932–1933 жж. Украинада барлығы 9 млн. дейін адам құрбан болған. Əсіресе бұл нəубет балаларды жалмады: ашаршылықтан кейін көптеген ауылдарда мектептер жабылып қалды, оларға кейін ешкімде келмеді. Бұл енді қалыптаса бастаған ауылдағы украин ұлтының этникалық негізін бұзды, қоғамдық ағарту саласын, оның даму қабілетін жойды.
Ашаршылық бүкіл украин тарихындағы ең ауыр қасірет ретінде қалды. Билік тарапынан ұйымдастырылған қатыгездік, шектен шыққан қаражүзділік пен соның салдары болашақ ұрпақ үшін адамзат тарихында үлгі-өнеге бола алмайды. Миллиондаған адамдардың жанына физиологиялық үрей сезімін туғызған демографиялық апат – ұлттың тектік қорына орны толмас зиянын тигізді. 2000 жылдан бастап Украина Президентінің Жарлығымен қараша айының төртінші сенбісінде Украина халқы жыл сайын ашаршылық жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
А.З. Абдулхаиров,
Қырым инженерлік-педагогикалық
университеті мəдениет жəне
өнер факультетінің деканы,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент (Украина)
Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.