Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

КСРО-дағы ашаршылық: кең ауқымды мұрағат құжаттарын зерттеу әдістері мен оларды түсіндіру мәселелері.

13255
КСРО-дағы ашаршылық: кең ауқымды мұрағат құжаттарын зерттеу  әдістері мен оларды түсіндіру мәселелері. - e-history.kz
(«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ХАЛЫҚ ҚАСІРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағынан), Астана баспасы, 2012

КСРО-ДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ: КЕҢ АУҚЫМДЫ МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫН ЗЕРТТЕУ ƏДІСТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ

(«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ ХАЛЫҚ ҚАСІРЕТІ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағынан), Астана баспасы, 2012

ХХ ғасырдың 30-жылдарының басында бұрын КСРО деп аталған мемлекетті жайлаған ашаршылық мəселесін қарастырғанда мұрағат құжаттары мен оларға объективті талдау жасаудың үлкен маңызы бар. Бүгінде құжаттар арқылы ғана тарихи оқиғаның шындығын анықтауға, соның негізінде əділеттікті қалпына келтіруге болады. Өткенді қолдан құрастырылған бір күндік саяси мүдде тұрғысынан емес, оның шынайы бейнесін анықтау үшін басқаша болуы мүмкін емес.

Өткен ғасырдың 90-жылдарының екінші ширегі мен ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарында Ресейдің Федеративтік мұрағаты (қазіргі Федеративтік мұрағат агенттігі), Ресей Президентінің мұрағаты, Федеративтік қауіпсіздік қызметінің мұрағат қызметі, аймақтық мұрағат қызметтері, Беларусь Республикасы Ұлттық мұрағатының бірлесіп жұмыс атқаруының нəтижесінде КСРО-дағы кулактарды тап ретінде жою жəне ұжымдастыру тақырыбында «Кеңес ауылының қасіреті» атты бес томдық құжаттар жинағы жарияланды. Басылым жұмыстарына 30-дан астам ресейлік тарихшылар мен мұрағат мамандары, сондай-ақ Бирмингем, Мельбурн, Сеул, Калифорния, Амстердам университеттері, Мəскеу əлеуметтік жəне экономикалық ғылымдар жоғары мектебі жəне т.б. ұйымдардың ғалымдары атсалысты. КСРО тарихы бойынша тұңғыш ірі халықаралық зерттеу жобасы болып саналатын аталмыш еңбекті жарыққа шығару жұмыстарын Ресей жəне Кеңес шаруалар мəселесінің көрнекті зерттеушісі Виктор Петрович Данилов басқар ды. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. 30-жылдардың басындағы Ресей деревнясындағы

оқиғаларды В.Данилов Ресейдегі үшінші шаруалар соғысы деп, ал ұжымдастыру мен кулактарды тап ретінде жою науқанын осы соғыстың шаруалар жеңілісімен аяқталған қорытынды кезеңі деп қарастырды. 1927–1939 жж. кеңес ауылының жағдайы қамтылған аталмыш құжаттар жинағында кеңестік деревняға байланысты ұстанымдардың, қаулылардың, кеңестік басшылық тарапынан жасалған іс-əрекет механизмдерінің бірлігі анық көрсетілген. Сондай-ақ, жинақта КСРО-дағы ашаршылық И.Сталиннің басшылығымен жасалған аграрлық саясаттың салдары тақырыптары туралы да сөз қозғалады.

Сол кезде біздер, яғни жинақты құрастырған ғалымдар үшін ұжымдастыру жəне кулактарды тап ретінде жою тақырыбы аясында КСРО-дағы ашаршылық мəселесі толық ашылған сияқты болып көрінді. Бірақ Украинаның тарихшылары мен мұрағат мамандары ашаршылық мəселесіне тереңірек талдау жасауды ұсынды.

Сондықтан 2007 жылы Ресей мұрағаты «КСРО-дағы ашаршылық» атты үш томдық құжаттар жинағын дайындау жұмыстарын бастады. Жұмыстың дайындық кезеңі, барысына тоқталмай, мəселенің зерттеу əдістері жағына назар аударғым келеді.

Ресей жəне одақтас республикалар мұрағаттарында ХХ ғ. 30-жылдарының басындағы байтақ елдің əр аймақтарын жайлаған алапат ашаршылықтан ақпарат беретін миллиондаған құжаттар сақталған. НКВД құжаттарында күнделікті оқиғалар желісі, жоғарғы-төменгі партиялық, мемлекеттік биліктің саяси жəне ұйымдастыру қаулыларын қабылдаумен жəне дайындаумен байланысты барлық құжаттар, олардың қабылдану себептері бейнеленген талдау материалдары сақталған. Егін егу мен оны жинау науқандары, азық-түлік дайындау, астық жəне басқа да ауыл шаруашылық тауарларын экспорттау, қала мен деревнядағы аштық, оны

жою əрекеттері, белгілі бір оқиғаның есеп-санағы – колхоз құрылысының аясында жүргізілген іс-шаралар – мұның барлығы мұрағат құжаттарында уақыт пен аймақ шеңберінде тұтас та, жеке-жеке болып та көрсетілген.

КСРО республикаларының ішінде осынау кең ауқымды құжаттарды ашып зерттеу соңғы 15 жыл көлемінде бірқалыпты жүргізілмегенін айту керек. Осы орайда Украинаның тарихшылары мен мұрағат мамандарын ерекше атаған жөн. Себебі ашаршылық мəселесіне байланысты құжаттарды жинау, талдау жəне қоры ту жұмыстарында олар басқалардан қарағанда көп ілгері кеткен. Ресейде жарияланған немесе Ресей мұрағаттарындағы бұрынғы КСРО-ның жоғарғы партия мен мемлекет басшылығының қол жетімді құжаттарын пайдалана отырып, олар алдымен Украина мұрағат қорларын зерттеуге назар аударды. Жəне осы салада үлкен жұмыс атқарды. Алайда, олар оқшаулану методологиясынан шыға алмай қалған тəрізді. Украина 30-жылдардың басындағы КСРО-дағы жалпыодақтық оқиғалар контекстінен шығарылып тасталғандай болды.

Қазіргі кезде «КСРО-дағы ашаршылық: 1929–1934 жж.» үш томдық құжаттар жинағын шығарушы ресейлік ұжымның қолында ашаршылыққа байланысты негізгі құжаттардың мыңдаған көшірмелері бар. проблематикасы жөнінен аталған құжаттар барлық одақтас республикаларды қамтиды. Алынған құжаттардың барлығы дерлік Кеңес билігінің негізгі жауы белгілі бір халық емес, халық құрамындағы белгілі бір тап болғанын айғақтайды. Кулак пен «кулактық элемент» – жау, кеңестік саясатқа күмəн көзбен қараған орташа шаруа – ол да жау, азық-түлік салғыртына, алым-салықтарға қарсылық білдірген кедей – кулакты жақтаушы (подкулачник), яғни тағыда жау. Қаладағы жұмысшылар наразылығы – бұл əрине, шетелден қолдау тауып отырған контрреволюциялық элементтердің тіміскі əрекеттері. Сондықтан да, БК(б)П ХІV жəне ХV съездерінен кейін де, КСРО-дағы ашаршылықтың басқа да, құпия себептерін іздеу оғаш болып көрінетін сияқты. Сөз етіп отырған оқиғалардан бірнеше жыл өткен соң «БК(б)П тарихы ның қысқаша курсында» Кеңес билігі қызметінің аталмыш таптық қағидасы толығымен құпталып, идеологиялық тұрғыдан бекітілді.

Сондықтан КСРО-дағы ашаршылық тарихына жеңіл қарап, оны белгілі бір аймаққа, белгілі бір халыққа қарсы бағытталған іс-шара ретінде тануға болмайды. Мұндай ұстанымның өзі коммунистік идеологияны жəне сол уақыттағы КСРО-дағы өмір сүруді ұйымдастыру методологиясын бүркемелейді. Ашаршылық тарихын зерттеген кезде кеңестік идеологияға негізделген дүние, қоғам жəне адам туралы маркстік ілімінің 30-жылдардың басында мемлекеттікте, этникалықта, басқа да мақсатты емес, таптық мақсатты көздегенін назардан шығармау керек.

Табылған құжаттармен алғаш рет танысқан кезде түсініксіздіктер туындады. Бұл жағдайда тарихи тұрғыда, керек десеңіз, деректанулық жəне археографиялық реттілік қажет болды.

Ең алдымен табылған құжаттарды түріне қарай жіктеу керек болды. Оның негізіне құжаттардың пайда болу деңгейі ұстанымы алынды. Нəтижесінде құжаттардың төрт тобы пайда болды.

Бірінші топ – бұл мемлекет басшылығының ұжымдастыру, егін егу жəне оны жинау, астық дайындау науқандарын ұйымдастыру, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік өнімдерін экспорттау мен импорттау мəселелеріне қатысты қабылдаған саяси шешімдері. Мұндай шешімдерді негізінен партия пленумдарымен Саяси бюро мəжілісі кезінде (тікелей сұрау жəне талқылау арқылы, сырттай) БК(б)П-ның билік құрылымдары, сондай-ақ партияның жекелеген көсемдері – көп жағдайда И.В. Сталиннің өзі, кей кезде В.М. Молотов пен Л.М. Каганович немесе үштік болып бірігіп қабылдайтын еді. Бірінші топтың құжаттарын төмендегідей мəселелер бойынша ішкі төрт топқа бөлуге болады: 1) не гізінен бір жылға қабылданған жəне тұтас КСРО-ны қамтыған стратегиялық қаулылар; 2) жыл бойында стратегиялық қаулыларға түзету енгізу үшін немесе белгілі бір жағдайлардың барысына жедел араласу үшін қабылданған жедел қаулылар; 3) ұжымдастыру, егін егу жəне оны жинау, астық дайындау науқан дарын ұйымдастыру, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, азық-түлік өнімдерін экспорттау мен импорттау мəселелері бойынша КСРО-ның нақты аймақтарына қатысты қабылданған стратегиялық қаулылар; 4) стратегиялық қаулыларға түзетулер, ұйымдастыру-əкімшіл элементтерді енгізген жер-жерлерге жеделхат түрінде жіберілген жедел қаулылар.

Екінші топ – жалпы одақтық органдар мен ұйымдардың құжаттары, бұларда қабылданған саяси шешімдерді орындау механизмдері көрсетілген. Көп жағдайда бұлар саяси шешімдердің тұтасымен жəне оларға қатысы бар бөлімдегі орган немесе ұйым құзыретіне байланысты қайталама түрінде болады – қаулыларды айқындайды, олардың қосымша əкімшілік-ұйымдастыру элементтері бар. Бұл ең алдымен КСРО ХКК-сі мен оның құрылымдарының, халық комиссариаттарының, трестердің, КСРО Колхоз орталығы сияқты қоғамдық ұйымдардың жəне т.б. құжаттарына қатысты. Ал КСРО Еңбек жəне қорғаныс кеңесінің құжаттамасының, екінші топтағы құжаттардың ішінде орны бөлек. Себебі олар маңызы жөнінен БК(б)П ОК құжаттарынан кем түспейді жəне жоғары дербестік дəрежесімен ерекшеленеді.

Үшінші топ – бұл бүкілодақ көлемінде, республика, аймақ, облыс жəне басқада əкімшілік бірлік, оның ішінде партия, Кеңес органдары, атқарушы биліктің жалпыодақтық органдары құрылымдарының көлемінде қабылданған құжаттар. Бұларда саяси жəне ұйымдастыру қаулыларын орындау механизмдері бейнеленген. Өзінің бастапқы қалыптағы негізгі өлшемдері жөнінен құжаттардың бұл тобы жоғарыда аты аталған екі топтың өлшемдеріне сүйенеді, бірақ құжаттардың бұл тобы қабылданған шешімдер мен орындалған міндеттердің жоғары айырмашылығы мен ерекшеленеді. Бір қызығы, шешімдер мен міндеттер ерекшелігі орталық тарапынан əрдайым қолдау таппаған, əсересе 1929–1931 жж. ашаршылықтың белгілері біліне бастаған кезде орталық өз шешімдерінің талассыз екеніне сенімді болды.

Төртінші топқа егін егу жəне оны жинау, астық дайындау науқандарын ұйымдастыру, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, экспорт-импорт операцияларымен байланысты қабылданған барлық шешімдер мен əрекеттердің қорытындылары мен салдары, яғни 1929–1934 жж. аралығындағы əр жыл бойындағы елдің өмірін бейнелейтін құжаттар тізбегі кіреді. Төртінші топтағы құжаттарды да 4 топ бөліктеріне жіктеуге болады. Бірінші топ бөлігі – жалпы (КСРО, жекелеген əкімшілік-аумақтық бірлік т.б. бойынша) жəне тақырыптық (егіс көлемі, астық өнімділігі, дəнді-дақылдар өнімдерін жинау ауқымы, астық дайындау мөлше рі, т.б.) статистика құжаттары жəне оларға түсініктеме мен талдау мəліметтері. Екінші топ бөлігі – міндетті немесе бастамашыл түрде орындалуға «жоғарыдан – төменге», «саты» арқылы түсіп тұратын есеп құжаттары мен ақпараттық құжаттар. Бұларда негізінен əр аймақтың жағдайына түсініктемелер мен талдау жасалып, сондай-ақ нақты сандық көрсеткіштер келтіріледі. Үшінші топ бөлігі – ұжымдастыру барысы, егін егу-жинау, астық дайындау науқандары, азық-түлік мөлшері, халықтың жағдайы туралы ОГПУ жəне оның əр аймақтағы өкілетті өкілдіктерінің, сондай-ақ əскери бөлімдердің саяси істер жөніндегі бөлімдерінің шолу-талдау жəне ақпараттық құжаттары. Төртінші топ бөлігі – бұл дəстүрлі «еңбекшілердің билікке хаттары», олардың қатарына елдегі болып жатқан өзгерістерге қатысты халықтың жай-күйінен ақпарат беретін газет-журнал басылымдарына жолдаған хаттар кіреді.

Ашаршылыққа қатысты жиналған құжаттар алдын ала сұрыпталған. Мұндай сұрыптау жұмысы əрине бір адамның ісі емес, ол тек үлкен шығар-машылық ұжымның жұмыла кіріскен еңбегі нəтижесінде ғана мүмкін. Тек қана «директивалық құзырет органдарының» құжаттары толық берілген деуге болады.

Аталған құжаттардың барлығы дерлік құпия құжаттар жүйесін құрайды, сондықтан олар түрлі құпиялық белгілермен сақталған. Ал кейбір жеке тұлғалардыңқұжаттары авторлардың өздерінің еркімен құпия жарияланғаны да бар. Əри не,олардың көбі, мысалы елдің жылдық астық жəне мал азығының баланс құжаттары олардың стратегиялық саяси-экономикалық маңыздылығына сай құпия құжаттар бола алмайтын еді. Бірақ басқа құжаттар жабық, тар шеңберде қолданылаотырып, сол уақыттың ерекше жағдайын көрсетіп берді. Сол кезде елбасшылығы бұл құжаттардың келешекте қол жетімді болатынына назар аударған жоқ. Өзінде, өзгені де қабылданып жатқан шешімдердің дұрыс екеніне сендіре отырып,олар құпия құжаттарды биліктің үш тағаны аясында қарастырды. Ғажайып – бұл əрине социализмнің ауылдағы жеңісі, бедел –аталған жеңістегі партия мен партия көсемдерінің жетекшілік рөлі. Ал құпияқұжаттама болса, оның болмысты ретке келтірудің ерекше, қарапайым адамға түсініксіз, күштеу əдісі ретіндегі негізгі міндеті ғажайып пен беделге жағдай жасауболды. Өмірдің екі түрлі өлшемі оны екі түрлі жолмен құжаттауды талап етті.

Мұндай екі түрлі «құжаттар бухгалтериясы» бүгінгі күнге дейін ХХ ғ. 20-жылдарының аяғы – 30-жылдарының басындағы КСРО-дағы көптеген үдерістерді танып білуге кедергі жасады. Алғашында ол 30-жылдардағы оқиғалардыбастапқы кейпінде түсіндіруге жол берсе, кейіннен ашаршылыққа саяси сипатберуге (мысалы, Украина) мүмкіндік жасады.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланып Ресей тарихшылары мен мұрағат мамандарының ашаршылыққа қатысты жинаған кең ауқымдықұжаттарын жалпыға қол жетімді етуге болады. 2008–2009 жж. Ресей мұрағатыішінара осылай жасалғанды. Сол себепті де ұсынылып отырған құжаттар жинағы ашаршылық мəселесіне қатысты кең ауқымды құжаттарды ретке келтірудің алғашқы элементтерін енгізу, мəселені оқып зерттеу үшін жағдай жасауы тиіс.

Дербес археография, яғни жеке ғылыми пəн ретіндегі археографияның алғашқы жəне негізгі, əлі де толық шешімін таппаған мəселесі – ол тақырыптық құжаттар жинағына енгізу үшін кең ауқымды құжаттардың арасынан қандай құжаттарды жəне олардың қандай белгілеріне қарап іріктеу керек деген сұраққа жауап табу. Ол үшін бірнеше ұстанымға сүйену керек. Бірінші ұстаным: «КСРО-да ашаршылық болды ма, болса оның ауқымы, себептері жəне салдары қандай болды» деген тақырыптағы алуан түрлі үдерістерді жиынтықта көрсететін құжаттар қабатында бөліп көрсету. Екінші ұстаным: ашаршылық мəселесін құжатқа сүйеніп зерттеу кезінде қандайда болмасын «оқшаулануға», яғни ашаршылық мəселесін белгілі бір аймақ аясында немесе жеке тақырып тұрғысынан қарастыруға жол бермеу. Мысалы, белгілі бір жағдайға байланысты Орталықтың немесе жергілікті биліктің рөлі, жекелеген аймақтарда астықтың шықпай қалуы т.б. деген сияқты. Үшінші ұстаным: оқиғалардың көпсатылы даму «тізбегін» төменде келтірілген үлгі негізінде көрсету: қаулының қабылдануына бастама жасау – қаулыны талдау жəне қабылдау – қаулыны орындау механизмін жасап шығару – қаулыны орындау – нəтиже – нəтиженің салдары. Төртінші ұстаным: КСРО адамдарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жəне ұжымдастыру мен индустрияландыру, рубльдің тұрақтылығы үшін күрес деген мəселелердің ортақ тақырып аясындағы байланысын, ашып көрсету. Аталған байланысты көрсету кезінде социализм жəне коммунизм құрылысы туралы маркстік іргелі қағидаларды есепке алу керек, себебі олар ашаршылықтың себеп-салдарын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Аталған ұстанымдардың негізінде жинақ құжаттарын іріктеу көрсеткіштері жасалды. Маңызы жағынан тең болғанымен, оқиғаның қисынын түсіну жөнінен олар белгілі бір тəртіпке бағынады.

Əрине бастапқыда құжаттың кумулятивтік көрсеткіші, яғни құжаттың жина тақырыбы аясындағы оқиғалардың дамуына тигізе алатын əсері туралы айтқан жөн. Осы орайда партия басшылығының шешімдері басқа құжаттармен салыстырғанда маңызды, сондықтан жинаққа тірек, яғни маңызды (техникалық сипаттағы жəне басқа құжаттарға түсініктеме ретінде қолданылған құжаттарды есепке алмағанда) құжаттар есебінде енгізілген.

КСРО-ның өктем саяси шешімдерінің жүйесі мен жүзеге асыру желісі:

а) мемлекеттік билік органдары жүйесінің құжаттарындағы қайталаманы; б) қабылданған шешімдерді ұйымдастыру жөніндегі нұсқауларға қосымша құжаттардағы қайталаманы; в) қайталама жасамай, саяси шешімдерді жүзеге асыру бойынша ұйымдастыру шараларының тізімі бар құжаттарды дайындауды білдірді.Толық жəне қосымша ақпарат өлшемдері «а» жəне «б» топтарындағы құжаттарды жинақтағы тірек құжаттардың қатарынан шығарып, оларды тек түсініктеме бөлімінде екінші қатарлы құжаттар есебінде ғана пайдалануға немесе «б» тобының құжаттарын жинақтың үзінді, ал «в» тобының құжаттарын тірек құжаттар ретінде жариялауға мүмкіндік береді.

Бірінші (жоғары) дəрежелі кумулятивті құжаттар бір қарағанда сырт пішініне қарай «желпуішке» ұқсас, яғни түбі əртүрлі, қабылданған шешімдердің түрлі атқару жəне жүзеге асыру жақтарын бейнелеген құжаттардың аралас шоғырын елестетті. Құжаттарды қосу жəне ажырату өлшемдерін пайдалану арқылы жинаққа төмендегідей құжаттарды іріктеп алуға болады: а) оқиғалардың даму мəнін, барысы мен тізбегін едəуір толық бейнелеген құжаттар; б) оқиғалардың кейбір даму қорытындыларын толыққанды қағаз бетіне түсірген құжаттар; в) КСРО-ның жекелеген аймақтары бойынша оқиғалар барысы мен қорытындыларын салыстыруға мүмкіндік беретін құжаттар. Мұндай сынды құжаттардың барлығы жинаққа тірек құжаттар есебінде, қалғандары – екі ортадағы ақпарат туралы мəлімет беретін құжаттар – кірмей қалған немесе оның түсініктеме бөлімінде пайдаланылған.

Қай тарихи оқиғаны алып қарасаңыз, оның əдеттегі жəне əдеттен тыс жағдайлары бар. Зерттеп отырған оқиғаның əдеттегі жағдайларынан көрініс беретін құжаттар əдеттілік өлшемінің негізінде жинаққа тірек құжаттар болып енгізіледі. Олар жинақтың түсініктеме бөліміне кірген басқа да ұқсас құжаттармен бірге белгілі бір оқиғаны белгілеу жəне көрсету үшін үлгі ретінде пайдаланылады. Немесе ерекше мəтін – кесте түрінде келтірілетін əдеттегі құжаттар мəтіндерінің үлгісі, регест түрінде көрсетіледі. Мысалы, жер-жердегі жағдайлар жөнінде мəлімет беретін ОГПУ жəне оның əр аймақтағы өкілетті өкілдіктерінің шолу құжаттары тірек құжаттар есебінде қолданылса, Орталықтан аймақ-аймаққа құпия жеделхаттар есебінде түсіп тұратын жедел бұйрықтар екінші санаттағы құжаттарға жатады.

Өкінішке орай, құжаттар жинағын жасау кезінде оның құрастырушылары барлық жағдайда құжаттың түп нұсқасын пайдалана алмады. Оның бірнеше себептері бар. Біріншісі – тақырып бойынша құжаттарды жинау кезінде ұйымдастыру жұмыстарындағы кемшіліктер. Екіншіден, құжаттардың маңыздылығын анықтау сараптамасының кемшіліктері мен қателіктері. Əр жылдары мұрағат мамандарының тарапынан қателіктер жіберіліп, арты түп нұсқалардың жойылуына алып келген. Жəне үшінші себеп – іс-қағаздарды жүргізу жүйесіндегі күрделілік, сондықтан партиялық іс-қағаздар жүргізу ісінің қараусыз жүргізілуі салдарынан бүгінгі күні көшірмеден түп нұсқаны айырып алу қиын болып отыр.

Жинаққа кірген құжаттар жалпыға бірдей қол жетімді жағдайға жетпейінше, қазіргі таңда қандай да болмасын қорытынды шығару ерте деп есептеймін. Дегенмен, «Кеңес ауылының қасіреті» алты томдық құжаттар жинағының жарыққа шығуынан кейін анық болған жалғыз жəне біздің есептеумізше маңызды бола алатын қорытынды бар. Оның мазмұны мынаған саяды:

Ұжымдастыру, кулактарды тап ретінде жою, егін егу жəне оны жинау, азық-түлік дайындау науқандары, азық-түлік тауарларын бөлу жəне сату мəселелері жөніндегі БК(б)П ОК Саяси бюросының 1930–1933 жж. қаулыларына салыстырмалы талдау жасап көрелік. 1930–1933 жж. аталған мəселелер жөнінде жалпы КСРО бойынша немесе оның көп жерлерін қамтыған 782 қаулы қабылдады. Оның ішіндегі 278 қаулы 1933 жылы қабылданды. Сол жылдары Саяси бюро КСРО-ның жекелеген аймақтары бойынша 1507 қаулы қабылдады, жəне олардың басым бөлігі (875 қаулы) 1933 жылға тиесілі болды. Жекелеген аймақтар бойынша қабылданған қаулылар: РКФСР бойынша – 648, Украина бойынша –199, Қазақстан бойынша – 91, Белоруссия бойынша – 10 жəне қалған республикалар бойынша – 8-ден 4 қаулыға дейін. Қарап отырсақ, саяси бюроның КСРО

аймақтарындағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын реттеу жөніндегі қаулыларының статистикасы КСРО-ның ашаршылықтан едəуір қатты қасірет шеккен төрт аймағын – РКФСР, Украина, Қазақстан жəне Белоруссияны бөліп көрсетеді. Статистика мəліметтерінен ашаршылықтың шарықтау шегі 1933 жыл ға сай келгені де анықталып отыр. Осы жылы саяси бюро РКФСР бойынша 347, Украина бойынша – 124, Қазақстан бойынша – 53 жəне Белоруссия бойынша 4 қаулы қабылдаған еді. Əрине, əр республиканың ішкі азық-түлікпен қамсыз дан дыру жағдайы əртүрлі болды. Саяси бюроның қаулыларында РКФСР ішін де аштық қатты жайлаған аймақтар Еділ жағалауы (Башқұртстанды қоса есептегенде) (152, жəне 1933 ж. қабылданған 82 қаулы) жəне Солтүстік Кавказ (81, жəне 1933 ж. қабылданған 47 қаулы) деп жарияланды. Украинадағы Днепропетровск (19 қаулы, олардың 17-сі 1933 ж. қабылданды), Донецк (17 қаулы, олар дың 12-сі 1933 ж. қабылданды), Одесса (9 қаулы, олардың 9-ы да 1933 ж. қабылданды), Харьков (6 қаулы, олардың 6-ы да 1933 ж. қабылданды), Киев (6 қаулы, олардың 5-і 1933 ж. қабылданды) облыстары мұндай аудандар қатарына

жатқызылды. Ал ашаршылықтан қасірет шеккен КСРО-ның басқа республикалары болса, олар жөнінде саяси бюро қаулыларында ештеңе айтылмайды. Дегенмен, Қазақстанның солтүстік аймақтары да ашаршылыққа ұшырағаны белгілі, себебі РКФСР-дан қашқан аштыққа ұшырағандар шекаралас жатқан Қазақстан аумағына барып қоныстанған.

Саяси бюроның ұжымдастыру, кулактарды тап ретінде жою, егін егу жəне оны жинау, азық-түлік дайындау науқандары, азық-түлік тауарларын бөлу жəне сату мəселелері жөніндегі қаулылары бір ғана мақсатты көздеді – шаруалар арқы лы КСРО-ны жаңарту мақсатының тактикалық айла-тəсілдері болды. Сонымен қатар олар азамат соғысы жылдарынан қалған əдістер арқылы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің кері салдарына қарсы жедел əрекеті болды. 1930–1933 жж. қабылданған саяси бюро қаулыларын зерттеу нəтижесінен шығатын қорытынды, КСРО-ның саяси басшылығы елдегі жағдайды қалыпты сақтап тұру үшін саяси жəне экономикалық тетіктермен қоса, күштеу жəне қорқытып-үркіту əдістеріне сүйенген берік əкімшілік ресурстарды пайдаланды. Түптеп келгенде олар елді аштық дағдарысынан шығарып алды.

Алайда мұрағат құжаттары КСРО басшылығы аштық мəселесін «қолдан» басқару арқылы шешуге тырысқанын дəлелдейді. КСРО-ның жоғары партия басшылығының республика, аймақ жəне облыс басшылығына жіберілген жеделхаттары оның құралына айналды. Ал олардың маңызы саяси бюроның қаулыларынан кем түспейді. Себебі: біріншіден, олар өте жедел түрде, қазіргі тілмен айтқанда онлайн режимінде, телеграф немесе тікелей телефон арқылы жеткізіліп тұрды. Екіншіден, олар жасырын жəне аса құпиялы болды. Үшіншіден, олар қатаң түрде бір адамға ғана жолданды. Төртіншіден, олар бұйрықтың орындалуына жауапкершілікті бір адамға ғана жүктеді. Жəне бесінші себеп, бұйрық бұл жыт пас тан орындалуы тиіс болды. Ашаршылық дағдарысын құпия хаттар арқылы «қолдан басқару» стратегиялық жəне тактикалық қаулылардың орындалмағанын немесе аймақ басшылығына күш көрсету құралдарының бірі болғанын дəлелдейді.

КСРО-дағы ашаршылық қасіретін зерттеудің қазіргі тарихи зерттеу методологиясына қажетті сабақтары мол. Біртұтас мемлекетті, жалпы қоғамның барлық саласы кеңестік идеологиямен басқарылатын əкімшіл-əміршіл елдің тарихын бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бүтін тарихты дұрыс түсінбей, оның жеке бөліктерін зерттеу мүмкін емес.

В.П. Козлов,

Ресей мемлекеттік

гуманитарлық университеті (РМГУ)

деректану кафедрасының

профессоры (Ресей Федерациясы)

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.