Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғылыми байланыстар нығая түспек

13262
Ғылыми байланыстар нығая түспек - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты ұжымы шетелдік әріптестермен ғылыми және іскерлік қарым-қатынастарын нығайтып келеді. 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты ұжымы шетелдік әріптестермен ғылыми және іскерлік қарым-қатынастарын нығайтып келеді. Институтта «Қазақстан және Ресей: ғылыми-сарапшылық бiрлестiктердің әрекеттесу басымдылықтары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел өтті. Институттың ғылыми қызметкерлері М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси қатынастар ақпараттық-талдау орталығының бас директоры, таяу шетелдегі тарихы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Алексей Власовпен кездесті.

Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған келген қонаққа Институттың жұмысы мен алдағы міндеттерді баяндай келе, әлемдік ғылым жүйесімен байланысты кеңейту басты назарда болу керектігін атап көрсетті. А. Власов әріптестеріне ақпараттық-талдау орталығының жұмысымен таныстыра келе, Астанаға келген мақсаты, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Мемлекет тарихы институтының тарихшылары әріптестік қарым-қатынас орнату мәселесімен келгендігін айта кетті. Мәскеу ғалымының бірлесіп жұмыс атқарудағы ұсыныстардың қатарында, ғылыми жұмыстармен айналысуға ерекше мән берілетінін, конференциялар, ғылыми басылымдар шығару және көптеген жобаларды іске асыру болып табылады.

Кездесу барысында мамандар арасында көптеген тарихи мәселелерге байланысты әңгіме шеңбері құрылды. Талқыланған тақырыптар арасында ТМД елдеріндегі интеграциялық процестер, Орталық Азия мен Кавказдағы қоғамдық-саяси ахуал, әлемдік дағдарыс және оның сабақтары, Ресей БАҚ-тарындағы Қазақстандағы өмір жайлы тарихшылар пікір алмасты.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты атынан берілген.