Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ғылыми ынтымақтастық туралы келісім

13263
Ғылыми ынтымақтастық туралы келісім - e-history.kz
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты мен «Халықаралық қатынастар бағдарламалар орталығы» АҚ арасында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты мен «Халықаралық қатынастар бағдарламалар орталығы» АҚ арасында ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге қол қою барысында Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері «Халықаралық қатынастар бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбекпен (Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» степендиясы иегері) кездесу өткізді.

Кездесу барысында С. Нұрбек Мемлекет басшысының Халықаралық «Болашақ» степендия иегерлерінің санын көбейтуге байланысты бастамасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 4 сәуірдегі  № 301 қаулысы негізінде құрылған «Халықаралық қатынастар бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы құрылғандығын баяндады.

2008 жылы мемлекеттік қызметкерлерге, ғылыми-педагогикалық бағыттағы мамандарға, ауыл жастарына квота бөлінген. Ғылым саласындағы қызметкерлер мемлекеттік білім-ғылым саласында 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мамандар, ғылыми-педагогикалық кадрлар тағылымдамадан өтті. Үміткерлерді қабылдау бағдарламалы-мақсатты әдіс бойынша іске асырылды.

Ғылыми қызметкерлерге шетелдерде ізденіс жасауға үлкен мүмкіндіктер беріліп отыр. Бірақ мемлекетімізде ғылыми-педагогикалық кадрлар арасында шетелдерде білім алуға үміткерлер санының біртіндеп төмендеуі байқалады: 2009 жылы-19, 2010 жылы–6, 2011 жылы–0. Халықаралық қатынастар бағдарламалары орталығы басшысының айтуы бойынша, ғылыми-педагогогикалық кадрлардың конкурсқа қатысу деңгейінің төмендеуіне бағдарламаның құқықтық реттелмеуі мен үміткерлердің шет тілін білмеуі себеп болады.

Саясат Нұрбек Институт ғалымдары мен ғылыми қызметкерлерді конкурсқа қатысуға шақыра отыра, жас мөлшері мен шет тілін білу деңгейінің төмендетілу талаптары шетелдерде ғылыми тағылымдамадан өтуге педагогикалық кадрлардың тартылуы себебін тигізетінін атап өтті.

Мәлімет БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.