Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ халқының рухани мәдениеті сабағындағы «XVIII-XIXғғ. бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті» тақырыбын оқыту әдістемесі

13266
Қазақтарда тұрымыстық және ғұрыптық мәдениет дәстүрлері күнделікті өмірде көрініп отырды.

Бұл ислам дініне дейінгі,ертедегі әр түрлі ғұрыптар мен салттарға байланысты болды.Отпен тазарту аластау түріндегі ертедегі отқа табыну қазақтар өмірінің әр түрлі қырларынан байқалады.Отқа табыну отбасы өмірінде де байқалады,мысалы адамдардың кейбір аурулары өткен кездерде отпен емделеді.Әрбір отбасында ошақты құрметтеу дәстүрі сақталды.Қазақтар отқа түкіруге,отқа қарап дәретке отыруға,оттан аттап өтуге,тіпті бір кездері от жағылған орында басып өтуге тыйым салынған.

  Жазғы көші-қон кезінде әрбір ауыл көш керуенді салтанатты түрде рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді.Бұл үшін көш басындағы түйеге қырғауылдың ұзын қанаттарынан төрт айыр қарқара орнатты.Халықтың түсінігі бойынша,қырғауылдың әдемі қауырсындары бөгде адамдардың назарын аударып,көш керуенді көз тиюден және жол бойындағы әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.

  Ғарыштық түсініктер де маңызды рөл атқарды.Түнгі аспанды ежелден қадағалап келген қазақтар басқаларынан ерекше белгілерімен айырықшаланатын көптеген аспан денелерін білді,олар бойынша түн кезінде уақыт жағынан да,түнгі жол бағдары жағынан да нақты дерек ала білді. Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Есекқырған, Құсжолы, Сүмбіле,Үшарқар –таразы және т.б. осындай жұлдыздар болып саналады.

  Қазақтар үшін көк аспанның тәңірлік маңызы ерекше болатын ."Аспан өз әрекеттерінде еркін болды",-деп жазады Ш.Уалиханов,-ол әрі жарылқады,әрі жазалады.Адамдар мен халықтардың есен-саулығы соның ықтиярына байланысты болды.

  Өткен заманда қазақтар халық арасында жадылау деп аталып кеткен сиқыршылық пен бас айналдыруға,сонымен бірге халық кейбір адамдар әр түрлі қаскүнемдік пен сиқыр қолданып,әлдебір адамды құрбандыққа ұшыратады,арам күштердің ырқына бағындырады деген лақапқа да сеніп келген.

  Қазақтар тіл тию мен көз тиюге,яғни адамдардың мақтаған сөздері мен сүйсіне қараған көзқарасы қорғансыз құрбандарға теріс әсер етіп,олардың өлуіне әкеп соғуы мүмкін деген жорамалға ежелден сеніп келген.

  Қазақтардың түсінігі бойынша,көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының құтын /бақытын,байлығын,игілігін/алып кететін ерекше күші болған.Сондықтан ат сатқанда-жүгенін,түйе сатқанда-мұрындығын,сиыр сатқанда бас жібін бермеген.Сондай-ақ құлын байлайтын ноқта,қозы байлайтын көген және т.б. басқы біреуге берілмеуі тиіс болған.

  Қазақтарда меймандостыққа байланысты салттар бар.Мысалы,қонақ кірген кезде киіз үйдің есігін –қожайын,ал қонақ шыққан кезде қонақтың өзі ашады.Сырттан үйге кіргенде ауызды малжаңдатып бірдемені шайнай кіру әбестік саналған,ал керісінше үйден дәм татып шығу дастарханды сыйлағандықтың белгісі болған. Қазақ өзі ашықса да,ең дәмдісін құдайы қонаққа сақтаған.

  Исламға дейінгі сенімге сәйкес, көшпелі тұрмыстың кейбір еңбек құралдары мен заттары қасиетті деп саналған. Мысалы,жылқы ұстайтын құрық, құлын байлайтын желі,қозы байлайтын көген,жүген,ноқта,киіз үйдің шаңырағын көтеруге арналған бақан және т.б. сондай болған, оларды басуға немесе олардан аттап өтуге болмайтын еді.

  Қазақтардың некелесу салт-дәстүрінің әр түрлі рәсімдерінде халықтың байырғы әдет-ғұрыптары мейілінше мол сақталған.Оларда ертедегі дәстүрлердің – топтық некенің/левират және сорорат/,рулық экзогамияның,полигамияның,үлкен патриархаттық белгілері жақсы көрініс тапқан.Құда түсу туралы екі жақтың келісімі антпен бекітілді.Ант беру рәсімі жасалғаннан кейін ақсақалдар құдалық бәтуаласуға қан құйылған кесеге бата оқи отырып,бата берді,бұл "Батааяқ"  деп аталады. 

  Қазақтар арасында үлкендер ерекше құрметтелді.Оны бұзушыларға айып салынды.Қазақ әйелдері күйеуінің жасы үлкен туыстарын құрметтеді.Келін атасынының және қайын ағаларының алдынан өтпеу ғұрпын қатаң сақтады,оларды өз атымен атамады.

  Қонақжайлылық қазақтың ежелден қалыптасқан табиғи мінезі болып табылады.Жол жүріп келе жатқан адамның кез-келген,тіпті өзі танымайтын адамның үйінде қонып шығуға құқығы болған.Мейманға ас беріп,әр түрлі қызмет көрсету мүлде тегін жасалды.Мейманның тіпті өзін жақсылап күтуді талап етуге құқығы болған.Егер үй иесі мейманды жақсы қабылдамаса,мейманның билер сотына жүгінуге де құқығы болған.Әдет бойынша мейман өзі кеткенге дейін үй иесінің толық қорғауында болған.Бұл құқық мейман ошақ иесінің жауы болған жағдайда да қолданылды.Үй иесі мейман өз үйінде болған кезде одан кек қайтара алмады.

  Қазақтар арасында тамыр болу дәстүрі ежелден кең тараған.Біреулерін –олардың ата-аналары,екінші біреулерін жалпы жаумен күрестегі өз мүдделерінің ортақтығы табыстырды,ал үшіншілерін әр түрлі тұрмыстық қам-қарекет барысындағы адалдық жақындастырды.Сыйластықтың асқан белгісі-бір-бірінен жақсы қыран құс,жүйрік тазыға дейін қалап алуға құқылы болды.Тамыр болу куәлар қатысып отырғанда,өте салтанатты жағдайда жасалды,қылышты немесе қанжарды сүйіп,мәңгі адалдық туралы ант берілді. 

2.Қоғамдық еңбек бөлінісі імен қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жіктелу барысы қоғамдық міндеттерді асырудағы одан әрі мамандыруды туғызды және соның салдары ретінде номадтардың әлеуметік қатынастары құрылымында ерекше институттардың қалыптасу үрдісіне әкеп соқты.Қазақ қоғамының әлеуметтік бөлінуіне тән еркешелік индивидтердің ақсүйек және қарасүйек дейтіндерге саралануы болды. Бірінші әлеуметтік топ оның әлеуметтік оқшаулығы және қоғамдық қатынастар құрылымындағы мәнінің зор болуы себепті сырттан ешкімді өткізбейтін индивидтердің мәртебесі жабық корпорация болды.Оған аристократиялық екі сословие –төрелер мен қожалар жатты.

  Ақсүйектерден айырмашылығы қарасүйектердің сословиелік-корпорациялық топтарының мәртебесі ашық болды, оған жеке қасиеттері мен мүліктік жағдайына қарай кез-келген индивид қол жеткізе алатын. Оларға билер,батырлар,тархандар,ақсақалдар санаттары жатты.Алайда қазақ халқының еркін қауымдастар деп анықталатын көпшілік бөлігі сословиелік белгілері бойынша сараланған емес,қазақтардың үстем табынан оның айырмашылығы осы болатын.

  Қазақ төрелері /сұлтандары/өз тегін,аймақ көшпелілерінің дәстүрлі түсәнәктеріне қарағанда, Шыңғыс ұрпақтарының үлкен тармағынан - Жошы ұрпақтарынан таратады, мұны кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заманның генеологиялық деректемелері, сондай-ақ қазіргі шығыстанушылардың зерттеулері растап берді.

  Төрелер сословиесі қазақтардың әлеуметтік,саяси және әскери өмірінде зор рөл атқарды. Қазақтардың мемлекеттік құрылымындағы биліктің жоғары құрылымдары,яғни көшпелі қоғамның саяси жүйесіндегі орталық буын болған хандар солардың арасынан сайланды. Туу құқығы бойынша төре-сұлтандар сословиесіне жату индивидтің іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдірді.

  Көшпелілердің басқа бір таңдаулы тобы мұсылман діні қызметшілерінің сословиесі-мұрагерлік пұрсаттылықты пайдаланған,қазақ қоғамының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған қожалар болды.Барлық салт-жора ғұрыпары –сүндеттеу,үйлену тойы,жерлеу және ас бер қожалардың тікелей қатысуымен өткізілді,оларды қожалар Қран оқып заңдастырып отырды.Қоажалардың көшпелі қоғамдағы саяси ықпалы мардымсыз болды,бұл көп жағынан исламның дала өңіріндегі өзіндік еркшелігімен түсіндіріледі.

  Көшпелі қоғамның үстемдік етуші бөлігінің болған әр түрлі сословиелік топтармен және қауымның еркін мүшелерімен қатар,Қазақстанда тәуелді халық санаттары –құлдар мен төлеңгіттер болды.Сұлтандар сословиесінде қызметте жүрген адамдар төлеңгіттер деп аталды.Бұл топтың пайда болуы өзара қырқыстарға және жоңғарларға қарсы көпжылдық күреске байланысты,сол кезде жоғары биліктегілер мен оның өкілдері сұлтандарға қызметші адамдар өте қажет болған еді.

  Құладар да тәуелді халық санатына жатты,олар тұтқынға түскен ресейліктер,қалмақтар мен ирандықтар арасынан алынды. 

3.18-19ғасырлар аралығы қазақ халқының мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды.

  18ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері,олардың әрқайсысының шығармашылығы,олар өмір сүрген уақыт белігісіз еді.Сыпыра жырау,Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде,әңгімелерде,аңыздарда ғана аталады.Бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы туралы нақты деректерді біз білмейміз.Қазақ жерлерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған 18 ғасырдың орта кезінен бастап және әсіресе 19 ғасырда орыс ғалымдары мен қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар,суырыпсалма жыршылар,жырулар туралы мәліметтер жинап,тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың мәтіндерін жазып ала бастады.

  Қазақ әдебиеті тарихында көрнкеті орын алатын 18ғ.атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының бірнеше туындылары сақталған. Сонымен қатар Тәтіқара, Үмбетей, Шал,Көтеш жыраулардың жырлары  халық жадында үзік-үзік сақталған. 18 ғасырдың ірі импровизатор ақыны әрі жырауы Тәтәқара еді.Ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысты.Жорықтар кезінде туған толғауларында ол жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырды.

  Қазақтардың 18-19ғғ. ауыз әдебиеті мейілінше алуан түрлі тақырыпты қамтып,сонымен бірге бұрын пайда болған жанрлар мен олардың көркемдік ерекшеліктерін сақтап қалды. Батырлық эпос, ертегілер, мақалдар,мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, осы жанрлырдың бәрінің туындылары біртіндеп түрін өзгертіп, жаңа мазмұнмен толықты.

  18 ғасырдағы тарихи жырлардың негізгі тақырыбы қазақтардың жоңғар жаулап алушыларына қарсы күресі болды. Оқиғалар шын мәнінде өмір сүрген және халық тарихында елеулі із қалдырған батырлардың есімдеріне байланысты беріледі.

  Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ билерінің шешендік сөздері ерекше орын алады.Үйсін руынан шыққан Төле бидің,қаракесек руынан шыққан Қаздауысты Қазыбектің, төртқара руынан шыққан Әйтеке бидің халықты сыртқы жауға қарсы бірлікке, қарулы күреске шақырған тапқырлық сөздері пафосқа толы, олардың өз кезінде зор саяси маңызы болды.

  18-19 ғғ.дүниеге келген фольклорлық үлгілер  сол кезеңдегі халықтың рухани өмірін сипаттайды. Эпикалық жырлар,тарихи әңгімелер және сол дәуірдегі халық ауыз әдебиетінің басқа да үлгілері халық даналығына көз жеткізіп,оның тарихи оқиғаларға тура баға бере алуымен қайран қалдырады.

Мейрманова Г.А. –  «Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.