Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның бейбітшілікті нығайтуға қосқан рөлі туралы өткен дөңгелек стол

13268
Қазақстанның бейбітшілікті нығайтуға қосқан рөлі туралы  өткен дөңгелек стол - e-history.kz
2013 жылы 27 тамызда Астана қаласындағы №4 мектеп-гимназияда елорда мектептерінің оқушылары қатысқан «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне» арналған мектеп оқушылар

Қазақстанның бейбітшілікті нығайтуға қосқан рөліне арналды

07eb44bd3a2eb54427e44bb5c4a8f53d.jpg

2013 жылы 27 тамызда Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда елорда мектептерінің оқушылары қатысқан «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күніне» арналған мектеп оқушыларының «дөңгелек үстелі» болды. Бұл іс-шараға оқушылармен бірге мектептердің тарих пәні мұғалімдері, қалалық білім басқармасынан  Әмірғазина Д.Қ бастаған әдіскерлер, жоғары оқу орнының студенттері, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары Еңсенов Қ.Ә., Дүйсен С.Ж, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Жиында сөз алған шәкірттер Қазақстанда Семей ядролық полигонының қалай пайда болғанын, ондағы 40 жылдан астам жүргізілген ядролық сынақтардың халыққа, жерге тигізген зардаптарын, «Семей-Невада» антиядролық қозғалысының пайда болуы мен қызметі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың полигонды жауып, ядролық қарудан бас тартып әлемде бейбітшлікті сақтауда ерен еңбек сіңірген рөліне тоқталды.

 Қазақ Гуманитарлық заң университетінің студенті Сырым Әділ оқушыларға ұғынықты тілмен, тарихы деректерді пайдалана отырып тартымды баяндама жасады. Бас қосуға келген қонақтар да көтерілген мәселеге қатысты өз ойларымен бөлісті.  Дөңгелек үстелді аталған мектептің тарих пәнінің мұғалімдері С.Д.Қуанбаев және Г.Б.Байқадамова жүргізіп отырды.