Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлыбританиядағы ғылыми тағылымдама

13270
Ұлыбританиядағы ғылыми тағылымдама - e-history.kz
Мемлекет тарихы институтының мәжіліс залында Еуразияшылдық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөліміннің ұйымдастыруымен «Ұлыбритания тағылымдамасы» хақында теориялық семинар болып өтті.

2013 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының мәжіліс залында Еуразияшылдық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөліміннің ұйымдастыруымен «Ұлыбритания тағылымдамасы» хақында теориялық семинар болып өтті.

6e781c0201a47ff0f5d28f6d40b7662c.JPG

Шараға Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Бүркітбай Аяған мен институттың ғалымдары мен қызметкерлері толықтай қатысты.

Жиынды Мемлекет тарихы институты Еуразияшылдық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөліміннің меңгерушісі, белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Анафинова Мадина Латифқызы ашып, жүргізіп отырды.

Семинар барысында Мадина Латифқызы өзінің «Кембридж» университетіне жасаған 3 айлық ғылыми тағылымдамасы жайында егжей-тегжейлі айта келе, ол жақтағы жалпы ғылымның, оның ішінде тарих ғылымының зерттелуі мен оқу орныдарында оқытылуы жайында сөз етті. Және қазіргі таңдағы ағылшындардың өмір сүру жағдайы, тұрмысы мен  мәдениеті хақында көрген-білгенін баяндап берді.

Сонымен қатар, Мадина Латифқызы өзінің ғылыми тағылымдамадан өту барысында жинақтаған құнды материалдарын институт қызметкерлеріне таныстырып өтті.

Шара соңында Еуразияшылдық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімі «фуршет» ұйымдастырды.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.