Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарих ата

333
Тарих ата - e-history.kz

Тарихымыз сақталған жадымызда,

Тарих аты бар ғой біздің қанымызда.

Бұрын болдық біздер көп, Қазақ Елі,

Ал қазір азайған ба санамызда....

 

Не көрмеді ғасырлар, сан-мың жылдар

Зардап шекті кең байтақ ауыл,қырлар.

Оқиғаның басталар себебі бар,

Жерімізге айтатын болмай сындар.

 

Сол бір соғыс жоңғармен қанды майдан..

Жеңеміз біз бірікпесек, айтшы қайдан?

Солайынан көмек сұрап орыстандық,

Айрылдық азаттық пен еркін жайдан...

 

Ол сынақтар өтті кетті, тарих болып.

Тасқа жазар оқиға бұл жонып толып.

Батырларға бәріне, ханға тағзым!

Қазақ үшін қалдыңдар ерте солып...

 

Тарихы болған қиын қазақ елі,

Не көрмеді байқұс-ай қазақ жері?!

Біртуар тұлғалардың арқасында 

Жойылмады, шүкір, біздің қазақ елі!

 

Қазақта жау да болды, дос та болды,

Хандар өзі бастап отты ұлы жолды.

Азаттықты көздеген батырларым,

Қазақ елім бірлескен орта толды.

 

Тарихты бағалаймын, құрметтеймін,

Қалайша өткенімді жыр етпейін!

Тарихты білмеу күнә деп санаған

Ұрпағымыз осы арқылы біледі кейін.

                                                                                      Авторы: Инуар Ж., Қоянды №2 ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі