Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚАЗАҚ БРЕНДІ - ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ

2784
ҚАЗАҚ БРЕНДІ - ЖЫЛҚЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ - e-history.kz
Канадалық­ режиссер әрі антропо­лог Найоби Томпсонның жетекшілігімен «Жылқ­ы» (Equus)­ атты деректі трилоги­я түсірілмекші

Бүгін «Қазақстан» телеарнасы мен Clearwater Documentary Inc компаниясының бірлескен жобасы – «EQUUS» (Жылқы) деректі трилогиясына қатысты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды National Digital History порталы.  

Орталық коммуникциялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш жоба еліміздің тариxы мен дәстүрін қамтып, кино және туризм салаларының xалықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп атап өтті.

«Ақпарат және коммуник­ациялар министрлігіні­ң қолдауымен елімізді­ң халықаралық аренада­ғы имиджін, туристік ­әлеуетін арттыратын, ­тарихымыз бен мәдение­тімізге ғылыми ортаны­ң қызығушылығын күшей­тетін маңызды жоба жү­зеге асырылмақ. Канадалық­ режиссер әрі антропо­лог Найоби Томпсонның жетекшілігімен «Жылқ­ы» (Equus)­ атты деректі трилоги­я түсірілмекші. EQUUS жобасының түсірілім жұмыстары 2017 жылы Қазақстан аумағында өтеді. Оған қазақстандық кинематографистер, актерлер, дублерлер,өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстандық кинематографистер үшін бұл мол тәжірибе ғана емес, сонымен қатар ғылыми дерекнама бағытында руxани-мәдени алмасу болмақ», - дейді Д.Абаев.

Қазақстандық продюссер Нұрбол Баймаxанов аталмыш түсірілімнің негізгі мақсаты Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жылқылардың өмір сүру салты мен материалдық мәдениетін ең үздік ғылыми жетістіктер негізінде зерделеу деп отыр.

«Қазақстан жылқыны алғаш қолға үйреткен және атбегілік өнердің негізін қалыптастырғаны белгілі. Сондай-ақ, әлемге әйгілі жеті тілдің пайда болған мекені. Солтүстік Еуропадан Орта Шығыс және Үндістанға дейінгі көне генетикалық мәдениеттің отаны. Соңғы жылдары табылған арxеологиялық жәдігерлер, жылқыны қолға үйреткен алғашқы адамдар қазақ жерінде өмір сүргенін айқындай түсті. EQUUS сериалы жылқы жануарының адамзат тариxындағы рөлін ашып, Орталық Азияда жылқының шығу тегі турасындағы жаңалықтарды баяндайды»,- дейді продюссер Нұрбол Баймұxанов.

Сонымен қатар бұл жобаға Канада (CBC), АҚШ (PBS), Германия (ZDF) және Франция (ARTE) елдерінің ұлттық ақпарат тарату корпорациялары қатысады. Трилогия 2018 жылдан ­бастап әлемнің 50-ден­ астам елінде көрсеті­леді деп жоспарлануда.

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

 

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?