Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АЛТЫН АРҚАУ

1375
АЛТЫН АРҚАУ - e-history.kz
Биыл Қазақстан Республикасы және Германия Федеративтік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл болды

Қазақстан және Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың ресми бастамасы 1992 жылдың 11 ақпанында болды. Қазіргі таңда ол Қазақстанның негізгі серіктесі болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы- жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауында былай деді: «Біздің міндетіміз білімді экономикалық өсу жаңа моделінің орталық буынын жасау».

Екі ел білім беру саласында ынтымақтастық жасаудың ұзақ мерзімді келешегі бар және әлемдік білім беру кеңістігінде ұлттық жүйесін интеграциялауына жәрдемдеседі. Қолданыстағы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу салада серіктестікті одан әрі дамыту қажет.

Осы мақсатта Астанада Германия мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 – жылдығына арналған конференция өтті.

Германия Елшілігі және «Жаңғырту» Қазақстан немістерінің қоғамдық қауымдастықтың  бірлестіктері ұйымдастырған «Болашақты бірге жасаймыз: Германия мен Қазақстандағы білім беру» конференциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрлігінің вице-министрі Роман Василенко былай деді: «- Германияда тұратын қазақстандық тума немістері және шығу тегі неміс болып табылатын Қазақстандық азаматтары екі елдің  арасындағы жылы қарым-қатынас көпірі болып табылады».

Кездесуде білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың  барлық аспектілері, сондай-ақ оның әлеуеті мен болашағы айтылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары атап өткендей Дархан Мыңбай қазіргі таңда Қазақстанда 182 мыңнан астам этникалық неміс тұрмыс құратынын айтты. «Бүгінгі кездесуіміз біздің елдеріміздің арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтудың келесі маңызды қадамы болуына сенемін. Ынтымақтастықтың 25 жыл ішінде экономика, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салалары бойынша 30-дан астам келісімдерге қол қойылды. Екіжақты ынтымақтастықтың даму әлеуеті орасан», – деді Д. Мыңбай. Конференция барысында, өзінің құттықтау сөзінде Қазақстандағы Германия елшісі Рольф Мафаэль: «Соңғы уақытта Қазақстан мен Германия дуальды білім беруді дамытуда өте көп жұмыс атқарады», – деді.

Германия қоғамының халықаралық ынтымақтастық бойынша жобасы бар және Германия тарапы бұл жобалардың әрі қарай дамитынына зор үміт тағады.

ҚР БҒМ жауапты хатшысы Нұрсейіт Байжановтың айтуынша, қазіргі таңда біздің елдеріміз арасында ынтымақтастық үшін барлық алғышарттары жасалған. Қызметімізді жүзеге асырудың шегі болып табылатын нормативтік-құқықтық база қазіргі заманғы талаптарға сай.

Қазақстан білім беру қызметінің жаңғыртуын еуропалық талаптар контекстінде жүзеге асырады.

Германиямен ынтымақтастықты кеңейту, мектептердің ынтымақтастығы, техникалық, кәсіптік, жоғары білім беру салаларында ынтымақтастық жасау, бірлесіп, кадрларды даярлау – біздің елдер арасындағы басты міндет болып табылады. 2004 жылдан бері әрекет ететін «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы, тек қана белгілі білім алу емес, онымен қоса неміс серіктестермен бірлесіп бизнес жасауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан-2050» Тұжырымдамасы және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, оның ішінде экономиканың басым өсуі үшін жоғары білікті кәсіби кадрларды даярлау бойынша міндеттерді іске асыру – Қазақстанға басым болып табылады.

 ҚР БҒМ германиялық тарап жобаларының жүзеге асырылуына жан-жақты қолдау жасайды, осының аясында неміс тілін тереңдетіп оқыту жүргізілуде. Мәселен, 2000 жылдан бері 2 сатылы неміс тілді диплом алуға халықаралық жоба жүзеге асырылуда, осыған неміс тілін тереңдетіп оқытатын сегіз мамандандырылған мектеп қатысады. 2008 жылы «Мектептер – болашақ серіктестер» атты жобасы бастама алды.

1999 жылы Қазақ-Неміс университетінің (Алматы қаласында) негізі қаланған. Өз жұмысын сонау 1994 жылы бастаған "DAАD" ақпараттық орталығында 3 700-ден астам қазақстандық студенттер, мамандар және ғалымдар оқуды тәмамдап, Германияда зерттеулер өткізген.  Орталық  Германияда білім алу және зерттеулер жүргізудің барлық мәселелері бойынша, жоғары білім беру саласы бойынша Германия Федеративтік республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы  қарқынды ынтымақтастықты қолдау жөнінде ақпарат береді. Қазақстан Республикасының ЖОО-да  неміс тілін жылжыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін неміс тілі 53 жоғары оқу орындарында оқытылады, "Шет тілі" мамандығы шегінде оқып жүрген студенттердің жалпы контингенті 14 590 адамды құрайды.

Жыл сайын жоғары және жоғары оқу білімінен кейін білім алуға  республикалық бюджеттен кадрлар даярлау гранттар бөлінеді, мұндағы тілдердің бірі - неміс тілі болып табылады.

2014 жыл мен 2016 жыл аралығында, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында, Германияның жоғары оқу орындарында 138 адам оқып шықты, Қазақстанның жоғары оқу Орындарында 94 ғалым дәріс оқу үшін енгізілген.

Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 15 наурызында неміс тілін  танымал ету бойынша ҚР БҒМ жұмысшы тобының бірінші отырысы өтті. Топ бірнеше рет жиналады, және қорытындысы бойынша,  біздің елімізде неміс тілін одан әрі дамытуға септігін тигізетін құжат әзірлейді.

Бөлшектенген төрт сессия шегінде,  жоғары білім беру саласында, мектеп білімі,  кәсіптік білім беру, сондай-ақ мәдениет және білім беру саясаты бойынша ынтымақтасу тақырыптардың талқылаулары өтті. Сондай-ақ, Роман Василенко Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге Германияның жоспарланған қатысуын Қазақстан қолдайтынын және жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Германияның ұлттық күні 12 шілдеде өтеді және Елші мырза қызықты тосынсый болады деп уәде берді, сондықтан, менің ойымша, барлығына Германия павильонына баруға қызықты болады», – деп бөлісті Р. Василенко. Көлемі 1 700 шаршы метрлі Германияның павильон алаңы көрменің ең үлкеннің бірі болады. Made in Germany баламалы энергия көздеріне көшу саясаты негізгі назарда болады.

Болашақ энергетика мәселелері бойынша күн энергиясын, жел, геотермии, биомасса энергиясы мен су энергиясын қолдану салаларында инновациялық шешімдер ұсынылуы тиіс.

Келушілерді әсіресе интерактивті энергетикалық спектакль қуантады, олар лазерлік шоуға қатыса алады. Келесі гастрономиялық «магнит» -  Германияға тән сусындары мен тағамдары бар неміс мейрамханасы болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 11 ақпанында конкурстың үздік логотипі қорытындысын жариялады, ол мерейтой жылын жетелейді.

Қазақстандағы Германия  елшілігі бастамашы болған байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз Бақтияр Атымтаевтың логотипі болды.

«Бұл рәміз қазақстандық және неміс бүркітін білдіреді, ол өзінің екі қанатымен шарықтап жүр – бір қанаты – қазақ, екінші қанаты – неміс. Ол екі мемлекеттің серпінді және үйлесімді дамуын бейнелейді», - деді Рольф Мафаэль мырза.

Көшірме жасау және материалдарды жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша не ауызша рұқсаты қажет. Міндетті түрде National Digital History порталына гиперсілтеме жасау қажет. Барлық құқықтар ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалған. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (внутр. – 111)

Авторы: Махаббат БОЛЬШИНА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?