Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

1638 жылы жасалған қазақ даласының картасы жарияланды 

4404
1638 жылы жасалған қазақ даласының картасы жарияланды  - e-history.kz
Қазақстандық танымал саясаткер Ерлан Қарин 1638 жылы қағазға түсірілген қазіргі Қазақстан территориясы белгіленген картаны жариялады

Ол бұны АҚШ-қа жасаған сапары барысында сондағы мұрағаттардың бірінен қолына түсіргенін айтады. 

Саясаткер өз олжасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, бұл 1638 жылы Франкфуртта түсірілгенін айтқан. «Қараңыз, қандай керемет нәрсені тауып алып келдім – АҚШ-қа сапар алдында, бірнеше ай бұрын, американдық әріптестер-достарыммен хабарласып, тапсырма беріп, солардың көмегімен, Қазақстанның тағы бір ескі картасын қолға түсірдім. Бұл карта 1638 жылы Франкфуртта басылған екен. Осының бұрын копиясы едi, едi түпнұсқасы бар» – деп жазады Ерлан Қарин. 

Картада сол кездегі тарихи атаулар, «Ноғай», «Ақ орда», «Қазақ-татарлар», «Жоңғария» қатарлы жер атаулары мен териториялық көріністер анық белгіленген. 

Алаш мұрасына, жалпы қазақ тарихына ерекше ден қойып жүрген саясаткердің бұл олжасын желі қолданушылары жоғары бағалады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?