Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАТЫНАСТАР

3878
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ҚАТЫНАСТАР  - e-history.kz
3 қараша – Жапонияда мәдениет күні, бұл мереке ел императоры Мейдзидің туған күнімен тұспа-тұс келеді

Император 1852 жылы туылып, 60 жыл өмір сүрген. Мейдзидің туған күнін тойлау 1927 жылдан бастау алады, бірақ 1948 жылы «Ұлттық мерекелер туралы» заңмен «Мәдениет күні» бекітілді. Осылайша, императордың есімі мереке атауынан түсіп қалды, бірақ Мейдзи билік еткен дәуірде Жапонияда «мәдение төңкеріс» болғаны сөзсіз. Мәдениет күні – бұл тек мемлекеттік мереке ғана емес, жапондықтар мен ел қонақтары үшін жалпыхалықтық демалыс күні. Осы күні көптеген музейлер, көрме залдары және сурет галереялары келушілерге есіктерін айқара ашады.

Жапония - қазіргі замандағы қуатты елдердің бірі. Оның тарихы, бірегей мәдениеті, әлеуеті, дәстүрлі қоғамды қазіргі заманғы индустриялық мемлекетке сәтті айналдыруы адамзатты таңқалдырып тәнті етеді. Жапония Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып 1991 жылдың 28 желтоқсанда мойындағанынан және 1992 жылдың 26 қаңтар күні дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқаннан кейін екі ел арасындағы екі жақты ынтымақтастық жоспарлы түрде өзара түсіністік және сенім жағдайында дамып келеді. Бұл, әсіресе 2016 жыл – терең түсіністік жылында ерекше мағынаға ие болып отыр. Жапонияның ірі қалаларында қазақ музыканттары мен әртістері өз өнерлерін көрсетіп келеді. 2007 жылдың 29 маусым күні Токиода А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары балеттік қойылым көрсетті.

Алматыдағы хореографиялық училищесінің 1930-шы жылдардағы алғашқы ғимараты 

2007 жылдың наурыз, тамыз және қараша айларында Токионың Хиросима және Уцуномия қалаларында, Точиги префектурасында орталық-азия елдерінің көрмесі өтті, оның мақсаты – Жапония халқын қазақ халқының мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен таныстыру болды.

Қазақ ұлттық қолөнершілерінің туындылары көрсетілді, Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды. Астана және Токио арасындағы, демек Қазақстан және Жапония арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық іргерілеп, үдемелі дамып келеді. 2015 жылы шай рәсімі, «Жапония қазақстандықтардың көзімен» атты фотосуреттердің топтамасы, жапондық скрипкашы Кен Айсо мырзаның концерті, қуыршақтар көрмесі, сумошылардың күресі, жапон тіліндегі шешендік өнер конкурсы, жапон киносының кеші Астана және Алматы қалаларында өтті.

Малика МУРСАЛИМОВА

Аударған Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?