Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АЛТЫН ОРДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТАРИХЫ

2528
АЛТЫН ОРДА ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТАРИХЫ  - e-history.kz
Еуразияның ортағасырлық ірі мемлекеті Алтын Орда тарихы жөнінде жаңа монография жарық көрді

Оксфорд университетімен бірлескен жоба барысында Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Марджани атындағы тарих институты, М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығы дайындағын «Алтын Орда әлем тарихында» («The Golden Horde in World History») атты ұжымдық монография жарық көрді.

Монографияда Алтын Орда тарихымен байланысты материалдар ұсынылған. Онда Ресейдің және шет мемлекеттердің ғылыми орталықтарының озық ғалымдарының жаңашыл зерттеулері шоғырланған. Кітап зерттеушілерге, билік органының өкілдеріне және Алтын Орда тарихымен қызығатын барлық оқырмандарға пайдалы болуы мүмкін.

Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш.Марджани атындағы тарих институтының ғылыми қызметкері Гиниятуллина Люция Сулеймановна мәлімдегендей, бұл еңбекке бірнеше ғылыми мекемелер байланысты. «Біздің орталықтан басқа, жобаның ғылыми жетекшісі В.В. Трепавлов болды, Қазақстан тарапынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Қанат Өскенбаев өкілдік етті. Авторлар жұмысының үйлестірушісі Ильнур Миргалеев, жауапты редакторлар Миргалеев және Хаутала, ал шеф-редактор - Рафаэль Хакимов және Мари Фаверо болды», - деді Л. Гиниятуллина.

Осындай ғылыми еңбекті жазу идеясы Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Марджани атындағы тарих институтының Алтын Орда және түркі-татар хандықтарының тарихын зерттеуге арналған Төртінші Халықаралық Алтын Орда форумында туындады. Форумға 97 ғалым, 11 елдің өкілдері қатысты: Ресей, Ұлыбритания, Нидерланды, АҚШ, Польша, Украина, Түркия, Финляндия, Қазақстан, Сербия, Болгария. Монографияның жоспар-мазмұнын ғалымдар 2015 жылдың мамыр айында Лейден университеті ұйымдастырған Лейден халықаралық конференциясында талқылады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, конференция Алтын Орданың сан ғасырлық тарихын зерттеуге арналған батыс еуропалық симпозиумдарының алғашқысы болды. Монографияның «Алғы сөзінде» атақты ғалым Р. Хакимов атап кеткендей, кеңестік саясат үшін татар тарихын бұрмалау маңызды болды.

Сталиндік саясаттың мақсаты татарларды Повльженің жергілікті оқиғаларымен шектеу және татарлардың Еділ бойындағы бұлғарлардан тарады дегеніне сендіру болды. Сонымен бірге орыс тарихының табиғи барысын үзген азиаттықтар ретіндегі жағымсыз бейнесі қалыптасты. ХХ вғасырдың 90-шы жылдарындағы саяси оқиғалар қоғамды аяғынан тік тұрғызды және Татарстанда жеке ғылыми мекемелер пайда болды, әлемнің ғылыми орталықтарымен байланыс күшейтілді, республиканың ауқымды сыртқы байланыстары пайда болды, татарлар мен татарстандықтардың сана сезімі күн сайын артты. Татарлар объективті тарихты талап етті, өйткені оқулықтар мен баспа беттерінде татарларды варварлар ретінде көрсету, ал Алтын Орданы орыстарды кемсіту, жабайылық және Еурапаға төнген қауіп мекені деп көрсету дәстүрі жалғасты.

Осындай саяси тұрғыдан Алтын Орда мәселелерін ауқымды зерттеу басталды, конференциялар тұрақты «Алтын Орда форумына» айналды. Оқырмандарға ұсынылып отырған ұжымдық монография ғалымдардың халықаралық ұжымының көп жылдық зерттеулер нәтижесі болып табылады.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?