Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЭКСПО тарихы: Лондон 1862

2932
ЭКСПО тарихы: Лондон 1862 - e-history.kz
1858 жылдың басында Өнер, өнеркәсіп және сауда корольдік қоғамы 1851 жылы өткен көрменің табысын қайталау жөнінде шешім қабылдайды. Бұл оқиғаның бірнеше себебі болды

1855 жылы Парижде өткен көрме бұл шоуды бүкіл әлемнің алдында қайталауға әбден болатындығын көрнекі дәлелдеп берді. Өз кезегінде Дублинде, Манчестерде және Флоренцияда өткен бірнеше шағын индустриалдық көрмелер Еуропаның белгілі бір өнеркәсіп салаларындағы технологиялық дамуды көрсетті. 1851 жылдан бері ауыр индустрия, әсіресе болат кұю өнеркәсібі әсерлі нәтижелерге қол жеткізген еді. Теміржол мен кемелерде біршама үнемді әрі тиімді бу қозғалтқыштарын қолдану отынды әжептеуір мол үнемдеуге мүмкіндік берді.  Коммуникациялар саласында телеграфтар өздерінің салтанатты шеруін бастады, ал фотография графикалық тасымалдаушы ретінде әлемге танылды. Осылайша, елдің әр түрлі салада қол жеткізген техникалық өрлеуін үлкен аудиторияға тағы да паш етудің уақыты жетті.  

Тарихи анықтама: Ресми атауы: 1862 жылғы Лондондағы өнеркәсіп пен өнердің халықаралық көрмесі (The London International Exhibition on Industry and Art of 1862) Ұзақтығы: 1862 жылғы 1 мамыр - 1 қараша (184 күн) Өткізу орны: Оңтүстік Кенсингтон (South Kensington) Ауданы: 12,5 га

Сыныптамасы: 4 тарау, 40 сынып

Ұйымдастырылуы: Корольдік өнер, өнеркәсіп және сауда қоғамы (Royal Society of Arts, Manufactures and Trade), 1861 жылдан бастап Корольдік комиссия (Royal Commission)

Президент: Эрл Грэнвилль (Earl Granville)

Сәулетші: Капитан Фрэнсис Фоук (Captain Francis Fowke)

Қатысушы елдердің саны: 36

Қатысушылар саны: 29 000

Келушілер саны: 6 100 000

Шығындар: £ 458 842

Табыс: £ 459 632  

1861 жылы өтуі керек болған Бүкіләлемдік көрмені жоспарлау 1858 жылы басталды. Қысқа уақыт ішінде жоспар жетекші өнеркәсіптік орталарда талқыланып, 1851 жылғы көрменің ұйымдастырушыларының қызығушылығын тудырды. Көрмені өткізу орны болып Оңтүстік  Кенсингтондағы Корольдік бау-бақша қоғамының басқаруындағы аумақ таңдап алынды. £250000 соманы құрайтын кепіл жарна енгізілгеннен кейін ұйымдастырушыларға ресми өкілеттіліктер беретін Король Жарлығы күшіне енді. Индустрия сарайын салу үшін  Англия Банкі, өз кезегінде, £ 250 000 көлемінде несие бөлді. 1861 жылғы ақпанда Виктория Патшайым Лондондағы барлық ұлттардың екінші көрмесінің комиссиясын тағайындады. Оның күйеуі Альберт ханзада (Prince Albert) денсаулық жағдайына байланысты жаңа көрмені басқара алмағандықтан, 1851 жылғы көрмені ұйымдастыруға қатысқан Эрл Грэнвилль тағайындалды. Қысқа мерзімге қарамастан, Корольдік Комиссия жұмыс кестесінен ауытқыған жоқ және 1862 жылдың 1 мамырында Лондондағы Екінші өнеркәсіптік көрменің есігін ашты.

Дегенмен, бұл уақытта ғимарат бойынша жұмыстар әлі бітпеген еді, экспонаттар қажетті орнына орналастыруға және реттік сыныптамасына әлі талай уақыт керек еді. 1862 жылғы Көрме Сарайын салу арқылы ұйымдастырушылар 1851 жылғы Хрусталь сарайдан басым түскілері келді. Жобаның авторы Ғылым және өнердің үкіметтік департаментінің инженері әрі сәулетшісі капитан Фрэнсис Фоук болды. Ғимаратты одан әрі қарай жәрмеңкелер мен өнеркәсіптік көрмелер өткізу үшін қолдануға арналғандықтан, бұнда Хрусталь сарайы сияқты тек болат пен шыны ғана қолданып қойылмады.   Сол кездің талғамына сәйкес, ғимараттың қасбеті мен кіреберісі массивті болды және олар мүсінді топтармен безендірілді. Ғимарат 12 ай ішінде 6.5 га жерде салынды. Диаметрі 49 метрді құрайтын металл тіректерге орнатылған шыныдан жасалған екі күмбез оның айқын сипаты болды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?