Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Володымыр Джиджора: Қазақстандықтар – данышпан ұлт

2050
Володымыр Джиджора: Қазақстандықтар – данышпан ұлт - e-history.kz
26 жыл бұрын 24 тамызда, 1991 жылғы тамыз оқиғаларынан кейін, Украина түбегейлі әрі ақырғы шешімге келді – өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Барлық бұрынғы кеңестік республикалар егемендікті қалыптастырудың күрделі жолынан өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Қазақстан өз жолын, қазақстандық жолды таңдады. Ал Украина қандай жолды таңдады? Бұл туралы Володымыр Джиджора, Қазақстан Республикасындағы Украина істері жөніндегі уақытша сенімді өкілі, бізге брифингте айтып берді.

Елшілік жетекшісі өзэерінің экономикадағы, әуеқұрылысындағы, бірлескен украина-қазақстандық жобалар, Укринаның EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысуы туралы әңгімелеп берді. Алматыда Украинаның мәдени орталықтарын және Украинаның Құрметті консулдығын ашу туралы жоспарларымен бөлісті. 

В. Джиджора бұдан сандардың сиқырын көреді: 23 тамызда – Мемлекеттік Ту күні, 24 тамызда – Тәуелсіздік күні, ҚР-мен дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл және тәуелсіздікке 26 жыл.   

1991 жылғы 24 тамызда Украина өз тәуелсіздігін жариялады. Ал 1991 жылдың аяғына қарай мемлекеттің ресми атауы қабылданды – Украина. Мемлекеттік рәміздер айқындалып, Мемлекеттік шекара туралы Заң қабылданды, қарулы күштерін қалыптастыру басталды. Украина Конституциясы бойынша сол кезде басталған жұмыстар 1996 жылы аяқталып, осы жылы Конституция қабылданады. Бүгінгі күні ол Еуропадағы ең үздіктердің бірі болып саналады.

2014 жылғы революциядан кейін көптеген скептиктер Украина шыдамайды, шашылып қалады, экономикасы құлдырап, адамдары қашады деп болжады. Бірақ тіпті ең күмәншіл деген болжамдардың өздері ақталмады. 2016 жылдың аяғындағы жай-күй бойынша Украинаның ЖІӨ өсуі 2,2% құрады. Салыстыру үшін Қытайдың ЖІӨ өсуі - 8%-ды, ал Қазақстанның ЖІӨ өсуі - 1,1% құрады.  

Тәуелсіздік жылдары ішінде Украина едәуір көтерілді. Дүниежүзілік банк рейтингінде 32 позицияға, электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингінде 25 позицияға, инвестициларды қорғау бойынша елдер рейтингінде 16 позицияға көтерілді, бұл – Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабылеттіліктің ғаламдық индексі.

2014 жылға дейін орталықсыздандыру туралы көп айтылды. Майданға басшылықтың саясатымен келіспейтіндер шықты. Майданға шығып, ел басшылығынан жағдайды өзгертуді талап ету – адамдардың конституциялық құқығы. Президент елден кетіп қалғаннан кейін, Конституцияға сәйкес, оның орнын Парламент басшысы иеленді. Кейін бүкілхалықтық президент сайлауы өтті,  ол сайлауда қазіргі Президент Петр Порошенко жеңіске жетті.

Сайлау өткен соң орталықсыздандыру үдерісі белсендірек бола түсті. Қазір громадалар (аумақтық қауымдар) саны күннен-күнге көбейіп келеді. Қазір аумақтық қауымдар саны 367-ге жетті. Олар қаражатты басқарудағы сияқты оған иелік етуде де біраз құқыққа ие болды.орталықсыздандыру нәтижесінде қауымдар бюджеті 50% өсті. Енді бұл қаражат жергілікті деңгейде жұмыс жасауда. Бұл жолдардың сапасының, қызмет көрсетулердің, бизнестің, инфрақұрылымдардың жақсаруынан көрінеді. Бұл – туристер санын арттыруға мүмкіндік береді. Укринаның оңтүстігі әрқашан туристік Мекке болған, бұл Мекке қазір кеңейіп келеді. 

Украинаның экономикасы әрі қарай дамуда. Электрондық сатып алулардың ПРОЗОРРО мемлекеттік жүйесі жасалды. Термин екі сөзден тұрады: ПРОЗОР украинша айқындық дегенді білдіреді, ал Зорро – әділетсіздікпен күрескен қаһарман. Кез-келген компания осы сайтқа кіріп, Украинада электрондық түрде өтетін барлық мемлекеттік сатып алуларды онлайн көре алады. 2016 жылы енгізілген осы жүйе арқылы бюджет 10 %-ға үнемделді, ал бұл миллиондаған АҚШ доллары. Бұл жүйе жемқорлықты болдырмайды.

Осы жылдың 23 шілдесінде біз Қазақстан мен Украинаның дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын тойладық. Сол күні Украина мен Қазақстан арасында нота алмасу болды. Осылайша дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаны туралы келісім бекітілді. Осы оқиғаны тойлау жыл бойына созылады.

Біздің елдеріміз арасында саяси диалогтың жоғары деңгейі орнатылған, президенттеріміз жиі кездесіп, телефон арқылы сөйлесіп тұрады. Жуырда президент Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап қана қоймай, мемлекеттік сапармен Украинаға келуге шақырды.

Мемлекет ретінде Украина Нұрсұлтан Назарбаевқа оның ресей-украин қақтығысын реттеу, Минск форматын, норман төрттігін құру бойынша бастамасы үшін алғыс білдіреді, ол бізге ұрыстық іс-қимылдарды тоқтатуға және бейбіт келіссөздер жүргізуге көмектесті. 

Қазақстан Украинаның ең үлкен сауда серіктестерінің бірі болып табылады, сондықтан да бізде экономикалық ынтымақтастық бойынша мемлекет аралық комиссия құрылды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылға дейін 4 миллиардқа жуық долларды құрады. Былтырғы жылдың аяғындағы жай-күй бойынша 1 миллиардқа жуық долларды құрады. Экономикалық ынтымақтастық жылдары ішінде алғаш рет осы жылы Қазақстаннан Украинаға тауар мен көрсетілетін қызметті экспорттау Украинадан Қазақстанға  тауар мен көрсетілетін қызметті импорттаудан асып түсті. Қазір позитивті сальдо Қазақстанның пайдасында.

Біз Қазақстаннан нені импорттаймыз? Бұл дәстүрлі – минералды отын, мұнай, мұнай айыру қалдықтары, түрлі химиялық өнімдер, пластмасса, полимер материалдары.

Қазақстан Украинадан не сатып алады? Бұл – әуе техникасы, өндірістік құрал-жабдықтар, машина жасау, трансформаторлар, генераторлар, жылу дизельдері, қосалқы бөлшектер, газ құрал-жабдықтары.

Қазақстанға EXPO-2017 үшін тағы бір алғыс. Қазақстан өтініп, сендірді де, Украина ақыры EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға келісті. Павильонымыз үлкен болмаса да, стенд бар болғаны 36 шаршы метр, Украина – бұл көрменің ең белсенді қатысушыларының бірі. Бұл жағдайда Украина микросхема сияқты, бірақ біз Украинаның барлық жетістіктерін көрсете алдық. Украина жаңа атқарымдарды көрсетті. Мысалы, көрме басталғанға дейін Украина Қазақстанмен бірлесіп, Ерейментауда қуаты 43 мегаватт электр энергиясына ие  жел паркінің құрылысы бойынша ауқымды жобаны жүзеге асырған болатын, жел диірмендері Кременчугте (Украина) бірлескен украин-германдық «Фурлендер виндтехнолоджи» компаниясымен шығарылып, Қазақстанға әкелініп, монтаждалды. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» қолдау көрсетті. Бұл парктің әлеуеті зор, ол 300 мегаватқа дейін электр қуатын арттыра алады.

15 маусымда Украинаның Ұлттық күні болып өтті. Ұйымдастырушылар Ұлттық күнді үздіктердің бірі деп таныды. Қазақстанның арқасында біз этникалық рекордты қойдық –  ағаш білдекте тұтас қолдан тоқылған рушник, білдектер жүз жылдан астам уақыт бұрын  белгілі тарихи қала Переяславльде жасалған, ұзындығы 30 метр, оны 300-ден астам адам көтеріп әкелді.

Тағы бір таңғаларлық тосын сыйды Житомир облысының компаниясы дайындады – бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Бұл 40-тан аса ағаш түрімен безендіру, шеберлер 3 айға жуық жұмыс жасады, түсін, пішінін қолмен таңдады және безендірді. Жақтауы – бұл да ағаштан қолмен жасалған жұмыс. Бұл картинаны сатып алғысы келіп өтінгендер көп-ақ, бірақ ол сатылмайды.

Ресми деректер бойынша елімізде этникалық украиндер саны 300 мыңға жуық, ал бейресми деректер бойынша – 800 мыңға тақау. Украиндықтардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстігінде, Алматы мен Алматы облысында тұрады. Осыған байланысты біз, Қазақстанның оңтүстігіндегі украиндықтардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін Алматыда құрметті консулдық ашу шешім қабылдадық, және біздің бұл шешімімізге қазақстандық тарап қолдау көрсетті.

Елшілік Ұлттық кітапханаға сыйлық апара жатыр – екі жүзден астам кітап. Қуанған директор бізге кітапханада Украина мәдени орталығын ашуға рұқсат етті.

Кездесу соңында Джиджора мырза журналистердің сұрағына жауап берді.

Барлық бұрынғы кеңестік республикалар тәуелсіздік жолына бір уақытта шықты. Қазақстан өткен жолды Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жол деп атады. Ал украиналық жол қандай?

- Украиналық жол – бұл еуропалық жол. Украина еуропалық ұлт болды, қазір де солай және алдағы уақытта да солай болмақ. Тіпті Еуропаның географиялық орталығы да Укринада. Бұл – біз өз үйімізде Еуропаны тұрғызатын жол. Бұл бәріне де қатысты. Саяси жүйеге де, жолдарға да. Яғни, барлық дамыған елдерге тән жоғары адамгершілік, моральдық, саяси, экономикалық, техникалық стандарттарға сәйкес келу.

- Қазақ халқы мен украин халқы ХХ ғасырдың зор нәубеті – 30-шы жылдардағы аштықты басынан кешірді. Осындай қайғылы оқиғаларды Украина қалай жадынжа сақтады?

- Аштық – біздің халқымыздың ауыр қасіреттерінің бірі. Біз бүкіл ел болып қайтыс болғандарды еске түсіріп құрметтейміз. Біз бұл туралы естен шығармау керекпіз. Бұл қолдан жасалған аштық болатын, Днепрдің батыс жағасындағы халық аштықтың не екенін білген де жоқ. Тек шығыс жағалаудан арғы бетке өте алған бірен-саран адам ғана Украинада болып жатқан сұмдықты айтып бере алды. Бұл жылдар астық ең бітік шыққан жылдардың бірі болатын, бірақ бар астықты Кеңес билігі тартып алып, оны өндірістік құрал-жабдық пен қару-жарақ алу үшін шетелге сатты. Бұны тоталитарлық коммунистік жүйе жасады. Осы қылмыстар үшін коммунистік партия мен идеологияға тыйым салынған.

- Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне Украинаның қатысуының қорытындысы бойынша қандай нәтижелер бар?

Қазақстандықтар – данышпан ұлт, өздері соңдарынан жүгірмей, бүкіл әлем өз жетістіктерін осында әкелу үшін осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландыңыздар. Әзірленімдер мен өнімдерге қол жеткізу мүмкіндігі үшін барлығы да сіздерге риза. Қазақстан және халықаралық серіктестер бойынша жүзден астам уағдаластықтар бар. Қазақстанға қатысты, қазір жаңа энергетика саласында 4 жоба таңдалып алынды, солар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілетін болады.

Қазақстандағы Украина елшілігінің жоспарлары туралы да айта кеткен жөн, 2017 жылғы қазанда Қарағандыда саяси қуғын-сүргін құрбандары мен қоныс аударылған украиндықтарды еске алуға арналған халықаралық конференция өткізу жоспарлануда. Бәлкім, тарихымыздың ақтаңдақтарын қайта қалпына келтіруде екі халықтың ғылыми ынтымақтастығын кеңейту туралы ойланған жөн шығар? 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?