Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АТАТҮРІК ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫ

9666
АТАТҮРІК ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫ - e-history.kz
Ататүрік I Дүниежүзілік соғыс кезінде Осман армиясының қатарында қызмет еткен болатын. Ол Чанаккале шайқасы кезінде полковник, Палестинадағы ұрыста 7 Армия сапында генерал болып тағайындалды

Соғыстан кейін Осман империя ыдыраған шақта Түрік ұлт- азаттық қозғалысына басшылық етіп, алдымен Анкара үкіметін құрды. Табанды әскери маневраларымен шетел интервенттерінің әскери күштеріне тойтарыс беріп, түрік халқын жеңіске бастады.

Ататүрік 1923 жылы 29 қазанда Түркия мемлекетініңқұрды. Жаңа мемлекетті заманауи және зайырлы ұлттық мемлекетке айналдыру мақсатымен үлкен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформаларды жүзеге асырды. 

Реформаларға келер болсақ;

-Мыңдаған ақысыз мектептер ашылып, халықтың сауатын көтеруді міндеттеді. 

–Әйелдер тұңғыш рет  азаматтық және саяси құқықтармен бірге Ататүрік реформаларынан кейінсайлау және сайлану құқына ие болды. 

-Фермерлерге салынатын салық көлемі азайтылды.

-Дін мен мемлекеттің ара қатынасын реттедіДәруіштердің ғибадатханалары мен завиялардың жабылуы туралы заң қабылданды. 

-«Республикалық халық партиясын» құрып, оның төрағасы болды. Парламентте көппартиялы жүйе тәжірибесі қолданылды. 

-Араб әліпбиінің орнына латын әліпбиіне көшуреформасы өте қысқа мерзімде Ататүріктің басшылығымен жүзеге асырылды.

-Алғашқы түрік информациялық агенттік «Анадолу агенттігін» құрды. 

-Күні бүгінге дейін Түркияның іргелі банкісі болып табылатын «Иш Банкін» ашты. 

-Индустрия мен ауылшаруашылығын дамытуға арналған ауқымды заң қабылданды. 

-Зайырлы мемлекет формасы Атазаңмен бекітілді. 

-Лақаптар мен қосалқы атақ –шендер жойылды. Бұрын қолданыста болған «аға», «қажы», «молла», «хафыз», «ханым», «хазреттері» т.б сияқты атақтар мен лақаптардың орнына азаматтардың заң алдындағы статусы тек қана аты –жөндерімен белгіленді. 

-Қылмыстық жаза туралы заңның негізі қаланды. 

-Анкара ел астанасы болып жарияланды. 

-Азаматтардың тегі/фамилиясы туралы заңбекітілді

-«Түрік тарих ұйымы» мен «Түрік тілі ұйымының» құрылуына тікелей ат салысты. 

Түркияны заманауи мемлекеттер қатарына қосу мақсатымен ерлердің бас киімі мен киім үлгілерін Батыс елдерінің нормаларына сәйкестендіруге арналған «Бас киім» және «киім» реформасын жүзеге асырды.

-Сағат және күнтізбені әлемдік тәжірибеге негіздей отырып ауыстырды

-1923 -1938 жылдары аралығында 4  рет Президент болып сайланды. 

-Шетелдіктер тарапынан Ататүрік туралы 380–дей шығарма жазылды. 

-Әлемде танымал 100 кісі қатарынан орын алды.

-1981 жылы ЮНЕСКО тарапынан «Ататүрік жылы» болып жарияланды

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?