Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Невзат Уянык: Халық өз тағдырын өзі шешеді

2387
Невзат Уянык: Халық өз тағдырын өзі шешеді - e-history.kz
Фетуллах Гүленнің басшылығындағы ФЕТО лаңкестік ұйымы 2016 жылғы 15 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті

ФЕТО – Түркия Үкіметін құлатып, мемлекеттік билікті басып алу мақсатында Фетуллах Гүлен құрған лаңкестік ұйым. 

Түрік халқы өз мемлекеті тарихындағы ең бір ауыр түнді бастан кешірді.

Түркия Президенті Режеп Тайип Эрдоғанның үндеуімен түрік халқы өз тәуелсіздігін қорғауға шығып, Қарулы Күштер мен қауіпсіздік органдарының берік ұстанымы арқасында төңкеріс пен билікті басып алу әрекетінің беті қайтарылды.

Тәуелсіздік пен демократияны қорғау жолында өз өмірлерін құрбан қылған батырларды еске алу құрметіне Түркияда 15 шілде – Демократия мен ұлттық бірлік күні болып бекітілді. Осы оқиғаға орай Қазақстандағы Түрік Елшілігі еске алу іс-шарасы мен фотокөрме ұйымдастырды.

Бұл сатқындық төңкнріс әрекеті салдарынан 251 түрік азамат қайтыс болып, 2195-і ауыр жарақат алды.

Ұйымдастырушылар мен Елшілік қонақтары қаза тапқан Түркия азаматтарын бір минөттік үнсіздікпен еске алып, оларға арнап дұға оқыды.

Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык өз сөзінде төңкеріс жасау әрекеті кезіндегі халық көрсеткен тойтарыс пен нтымақтастықты атап өтті.

«2016 жылғы 15 шілде түрік ұлтының демократияға деген сенімін, халықтың өз тағдырын өзі айқындайтынын және оған кімнің болса да ешқашан қол сұғуына жол бермейтіндігін күллі әлемге тағы да бір дәлелдеді».  

Мемлекеттік төңкеріс әрекетінен кейінгі екі жыл ішінде ФЕТО ұйымының мүшелері анықталып, олардың қызметтері мен олар жасаған басқа да қылмыстардың беті ашылды.   

Жүргізілген әкімшілік және сот жұмыстарының нәтижесінде Түркияның мемлекеттік органдары ФЕТО-дан негізінен тазартылды, ұйымның негізгі орталығы жойылды.  15 шілдедегі төңкеріс әрекетіне қатысы бар жауапты тұлғаларға қатысты сот талқылаулары әлі де жүргізілуде.

ФЕТО лаңкестік ұйымының сатқындық төңкеріс әрекетінен кейін Түркияға мемлекет басшысы деңгейіндегі алғашқы сапарды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады. Түрік халқы дос және бауырлас Қазақстанның көрсеткен тілектестігін ешқашан ұмытпайды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?