Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Теңдік – елдік негізі

1944
Теңдік – елдік негізі  - e-history.kz
5 наурыз күні Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен жиналысы кезінде Қазақстан халқына өзінің 5 жаңа әлеуметтік бастамаларын жолдады

Мемлекет басшысы Жолдау басында наурыз айының тәуелсіздік тарихындағы орны ерекше екенін баса айтты. Себебі, әз-Наурызда егеменді еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына қосылды, Қазақстанды барша әлем елдері таныды, тәуелсіз мемлекетіміздің халықаралық мәртебесі асқақтады. Осының бәрі, мемлекет құраушы қазақ ұлтының ежелгі қазақ даласында тәуелсіздігін жаңғыртып, Отанын түрлі тарихи себептермен мекен еткен барша хылақтар мен ұлыстардың басын біріктіріп, көрші елдермен терезесі тең мемлекет құруының арқасында еді. Сондықтан 2016 жылдан бастап Қазақстанда тұтас ел болып, Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күн – білімді де білікті мамандардың, өз тарихын біліп мақтанатын азаматтардан құралған бір ұлт, бір мүдденің нышаны. Міне, биыл да Мемлекет басшысының бастамалары тәуелсіз Қазақстан тарихының беттерінде алтын әріптермен жазылып, сақталмақ. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы қордаланып қалған өзекті мәселелердің басын ашып, мемлекет пен қоғамның болашақ дамуына серпіліс бермек. 5 наурыз тарихта барша республика азаматтарына аса маңызды күндердің бірі болып жазылмақ.

Қазіргі Қазақстанның барлық ұлттары мен ұлыстары тату тәтті, бейбітшілік пен келісімнің арқасында толыққанды өмір сүруде. Азаматтық қоғам, ұлт және дінаралық татулық – біздің басты мақсатымыз болып табылады. Сонымен қатар, еліміз дүниежүзілік дағдарыстың салдарымен табысты күресіп, экономикалық өрлеудің жоғары деңгейіне өрмелеп келеді. Президент, бұған байланысты, көркейген Қазақстан – бұл, ең алдымен өз өзіне нық сенетін, мемлекеттің қамқорлығын, қорғауы мен қолдауын сезінетін адамдар деп айтқан болатын. Елбасы ортақ Отанымыз жаңа мазмұндық мәнге ие болу керектігін ескертті. Сондықтан оның Парламент төрінен айтқан Жолдауы әлеуметті саланы жан-жақты жаңғыртуға бағытталады.

Жолдауда Президент ел-жұртты терең толғандыратын мәселелерге тоқталып өтті. Олардың қатарында – баспаналы болу, салықты азайту, сапалы да қол жетімді жоғары білім, шағын несие, мемлекетті газбен жабдықтау. Пәтерге ие болудың жаңа мүмкіндіктері қазақстандықтардың үмітін арттырды. Әсіресе бюджет саласында еңбек ететін, әрі ортақол азаматтар үшін бұл – үлкен жеңілдік. «7-20-25» бағдарламасы арқылы еңбекке тартылған Қазақстанның кез келген азаматы ең оңтайлы деген шартпен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Жасыратыны жоқ, қазіргі өзекжарды мәселелердің қатарында баспана сатып алу, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алдыңғы орында. Кез келген үйсіз-күйсіз жүрген, жағдайы жақсысын тілеуді қажет ететін әр қазақстандықты, отбасыны алсаңыз, арманы – тұрақты, меншікті үйінің болуы. Себебі, әр адамның «өз үйі – өлең төсегі», қамал-қорғаны, ал кейбіреулерге тіпті – отызында бұзар ордасы. Сондықтан Елбасының бастамалары әр адам үшін өзекті мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік туғызады.

Президент Жолдауындағы тағы бір маңызды бастама – жалақысы төмен жұмыскерлерге салық салымын азайту мәселесі, нәтижесінде 2 млн-ға жуық адамның жалақысы өсіп, жағдайы біраз жақсарады. Бұл, бір жағынан, халықтың материалдық әлеуетін серпілтіп тастаса, екіншіден, жұмыс берушіге де ауыртпалық салмайды.

Жалпы, Президент бастамалары мемлекетті әлеуметтік салаға барынша көңіл бөлуге итермелейді. Кейде, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет құру жолында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу барысында қоғамның негізін құрайтын қарапайым халықтың қиындықтарын байқамаған кездеріміз болады. Материалдық өсім, әрине, өз алдына маңызды рөл атқарса да, әлеуметтік бірлік те елдіктің маңызы кең емес бөлігі. Сондықтан Елбасы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының өмір сүру жағдайын жақсарту Қазақстанның экономикалық өсуіне де тиімді әсер ететінін түсінеді. Халықтың басты талаптарын өтеуге ерекше назар аудару арқылы, тұрғын үйге қол жеткізудің мүмкіндіктерін арттыру арқылы, еңбек ақысын өсіру, мұқтаж жандардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы, адамдарға тең мүмкіндіктер беру арқылы елдің жан-жақты жаңғыруын жүзеге асыруды көздейді.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұнда жүзден аса түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілі бейбіт өмір сүріп, қатар жұмыс істейді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев та әр сөзінде біз – Қазақстан халқы деп елдікті, бірлікті бағдар етіп алған мемлекет екенімізді басып айтады. Сондықтан Елбасының әлеуметтік бастамалары бейбітшілік, өркендеу мен тұрақтылықты ту еткен еліміздің халықтың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік мемлекетті қалыптастыруға оң септігін тигізеді.

 

Қуат САМАНБЕКОВ,

Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?