Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сауалнама: Жеті атаңызды білесіз бе?

1824
Сауалнама: Жеті атаңызды білесіз бе?  - e-history.kz
Көреген халқымыз жеті атасын білу арқылы ең бірінші генетикалық мәселеге жауап іздеді. Қан тазалығы арқылы ұрпағының саулығын, келешегінің кемелдігін тіледі

«Жеті атасын білмеген – жетесіз» дейді дана халқымыз. Қазақтың дәстүрі бойынша әрбір адам өзінің шыққан тегін, жеті атасын, руың танып білу керек.  Қазақ ертеден  «жеті ата» ұғымын туыстық қатынас ретінде қарастырып, жеті атаға дейін қыз алыспаған. Көреген халқымыз жеті атасын білу арқылы ең бірінші генетикалық мәселеге жауап іздеді. Қан тазалығы арқылы ұрпағының саулығын, келешегінің кемелдігін тіледі.

«Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын білер.
Жеті атасын білмеген
Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз осыдан қалса керек. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, шыққан тегін, өз руынан шыққан атақты батыр, игі жақсыларының есімін айтып, үйретіп отырған. Ол мақтангерлік немесе бөлінушілік мақсатында емес, өз ұлтыңды, еліңді, шыққан тегіңді біліп жүр деген мақсатта көксесе керек. 

Осы орайда National Digital History порталы Елорда тұрғындары арасында «Жеті атаңызды білесіз бе?» деген сауалнама жүргізген едік. Біздің сауалнама кейіпкерлеріміздің көбісі жеті атасын білетін болып шықты. Арасында 10-15 атасын айтқандар да болды. 3-4 атадан аспай, мүдірген кісілер де шығып жатты. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?