Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШАЙ ІШУ РӘСІМІ

5363
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ШАЙ ІШУ РӘСІМІ - e-history.kz
Шай қазақтардың тамақтану мәдениетінде өзіндік орынға ие болды. XIX ғасырдың ортасына дейін шайды негізінен ауқатты қазақтар ішкен. XIX ғасырдың ІІ жартысында шайды қазақ қоғамының барлығы пайдаланды

Шай қазақтарға Ресей арқылы жеткен және оны көшпенділердің қолдана бастауы олардың  тұрмыс салтының өзгеруімен байланысты болды. Қазақстанда шайдың және шай ішу рәсімінің кең етек жаюы ХІХ ғасырдың екінші жартысынды орын алды. Оның негізгі таратушысы ресей әкімшілігі еді. Шай алдымен қазақ қоғамының ақсүйектері – хан, сұлтандар арасында таралды, содан кейін тауардың арзандауы, көшпенділердің өмір салтының өзгеруі қарапайым халықтың арасына таралуына әкеледі.

Орынбор облысының мемлекеттік мұрағатында  вице-канцлер граф Нессельроденің Орынбор өлкесінің әскери губернаторы граф П.К. Эссенге 1829 жылы жазған хаты сақталған, онды былай деп жазылған: "Жайықтың ар жағында қоныстанған көшпелі халықтар (қазақтар мен башқұрттар) арасында Қытаймен, дәлірек Кяхтин кеденінде сауда-саттықтан Ресей мемлекетінің қазынасына пайда түсіруі тиіс кірпіш шайын қолдану әдедін енгізу". Мұның ең басты дәлелі Ресейге бағынышты көшпелі халықтар «бурят пен қалмық моңғол тайпалары» уақыт өте келе осындай шайға әуестеніп алғандығы және бұл затты салауатты, арзан тамақ түрі деп қабылдайтыны болды. Тіпті олармен көрші тұратын ауыл тұрғындары олардан осы әдетті үйренді, бұл бір жағынан олардың малын сақтап қалуға ықпал епті, өйткені кірпіш шайын ішетіндер етсіз күн көре береді". Ол: «қытай шайын сату үшін жаңа жолдар іздестіруді: Жайықтың ар жағында өмір сүретін көшпелі халықтарды осы шайға үйрету қажет" деп шайды қазақтар арасында таратуды ұсынады. «Өзге» сусыннан жасалған шай қоғамның өзгерісі кезінде «өзіміздің» сусынға айналады. Осы кезде ол халықтың барлығына қол жетімді болады. Бұл үшін ең басты шарт – көшпелі өмір салтынан жартылай отырықшылық немесе отырықшылыққа көшу.

Бейбіт Дауылбаев «Торғай облысы Николаевск уезі қазақтарының 1830 мен 1880 жылдар аралығындағы өмірі туралы» әңгімесінде 50 жыл ішіндегі қазақтардың өміріндегі мәдени-тұрмыстық өзгерістерді жазды.   Осы өзгерістердің ішінде ол шай ішу рәсімін көшпенділер дәстүріне қалайша енгізілгендігін көрсетті. "1853  жылдан бастап әуелі кедейлер, содан кейін байлар бидай өсірумен айналыса бастады, сол кезден бастап қазақтар ауқатты өмір сүре бастады және молшылықтың бір түрі ретінде шайды қолдана бастады. Шайды алдымен шойын құмандардан, содан кейін мыс шәйнектерден және ақырында самаурыннан ішетін болды.  1854 жылы бір халықтық жиында әңгіме арасында шай ішу тақырыбы қозғалып, самауырындарды есептей бастайды; 10 отбасының біреуі ғана шай ішпейтін болып шықты».  Қазақтардың отырықшы тұмысқа көшуі және орыс самауырындарының таралуы көшпенділер арасында шайдың кең етек жаюына алып келді. Орыс самауырыны тұрмыстық ыдыс қызметін ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқарды. «Орыс мұрағатында» самауырынның рөлі туралы қызықты әңгіме сақталған.  

Петерборда Кавказдан келген князь М.С. Воронцовтың орыс көпесі В.А. Кокоревпен кездесуі болады. Әңніме барысында князь бейбіт ауылдардың бүлікшіл ауылдармен сауда қатынасы арқылы жақындауы туралы әртүрлі тапсырмаларын орындату үшін Ставропольда лайықты адамдар іздестіріп жүргенін айтады. Оған  В.А. Кокорев былай деп жауап береді:

"… мен сізге баяу болса да мықты қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және ешқашан ештеңені шатастымайтын бір ықпалды ұсынайын. Менің ұсынып отырғаным – қарапайым орыс самауырыны. Шекараның батысында біз көршілерімізбен кейде сыра арқылы қатынасамыз, ал шығысында азияттықтар қатты сүйетін самауырын арқылы қатысатын боламыз ".

Патша билігі көшпенділер арасында шайды таратуға мүдделі еді. Сыртқы істер министрлігі кірпіш шайын сатуды арттыруды шешті. Оның тұтынушылары Сібір халқы болды және осы жерде мынадай сұрақ туындады: "Ресейде тұратын басқа ұлт өкілдерін де кірпіш шайына үйретуге болмай ма?". Барлығының назары қазақтарға ауды. ХІХ ғасырда қазақтардың шайды қолдана бастауының бір себебі «Торғай газетінде» көрсетіледі: «…біздің құрғақ, 45-50 градусқа дейін қызатын ыстық мекенімізде, шөліңді қандыратын сусынның жоқтығында осы жақсы сусын – шай өте қажет, қышқыл-тұзды қара суды ішкеннен кейін қалатын ащы дәмді кетіру үшін қажет".

Уақыт өте келе қазақтардың шай ішуі рәсімге айнала бастады. Қонаққа деген құрметі шайды кім және қаншалықты  құйғанына байланысты ажыратылатын болды. Егер шайды кесеге толтырып құйып беретін болса, сіз шықырылмаған қонақ ретінде қабылданасыз. Шайды аздап: жартылай немесе кесенің түбіне құятын болған. Алдымен сүт құяды, содан кейін барып шайды құяды. Қазақстан үлкен ел және шай ішу рәсімі әр өңірде әртүрлі.  Республиканың оңтүстігінде – Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ ік-Қавзақстан, не шай ішу рәсімі әр өңірде әр басқа. н сүт құяды, содан кейін барып шайды құяды. ьда лайықты адамдар іздес Атырау, Маңғыстау облыстарында және Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығыс бөлітерінде шайды кішкене кеселерге құйып береді, ал басқа өңірлерде – орташа немесе үлкен кеселерге құяды. Мұндай ерекшелік бұл өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларына тікелей байланысты. Ыстық жерлерде жартылай құйылған кішкене кеселерден шайды ұрттай отырып, шөлді қандыруға болады. Шайды әйел адам құяды, оның орны мен жасы қонаққа деген құрметін көрсетеді. Әдетте бұл үйдің келіні немесе отанасы. Олар ерлердің әңгімесіне араласпайды.

Шай құюшы көптеген қонақтардың үздіксіз келіп отыратын кеселерін бақылап, олардың сұрауын күтпей, өзі үнемі кеселерін толтырып отырады. Шайды түбіне дейін ішпейтін болған, бұл жаман әдет деп саналды. Жаңадан қайнатылған шай ұстағышы жоқ кеселерден ішіледі. Шаймен бірге кептірілген сүт өнімдерін: құрт, ірімшік, сарысу берілетін болған. Жалпылама ішілетін қою қызыл шаймен бірге көк шай да ішіледі, әсіресе тойымды және майлы тамақтан соң. Басқа өңірлерде, керісінше, салқын және бірқалыпты климатта, шайды кесеге толтырып ішеді. Шай ішу рәсімінің аяқталуы кездесу мерзімінің аяқталғандығын білдіреді. Осы кезде құрметті қонақтардың бірі шайдың батасын береді. Тамақтан соң үйдің иесі қонақтарға қол жууды ұсынады. Тамақтанып болған соң, қонақтар бірден емес, біртіндеп тарауы тиіс. Шай ішу рәсімінің кең етек жаюы шай ішу үрдісіне мәртебелі сипат беретіндігіне байланысты болды, сондай-ақ бұл сусын көшпелілердің тамақ үлесін толықтыра отырып, пайдалы қасиеттерге (қыста жылытатын және жазда шөлді қандыратын) ие болды.

Осылайша, шай ішу рәсімі қазақ мәдениетінің бір бөлігіне айналды.

Махаббат БОЛЬШИНА

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?