Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда үкіметін құрушы Әлихан Бөкейхановтың кіндік қаны тамған Жекежал қыстағы қазір қалпына келтіріліп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекет қазынасынан қаржы бөлінген. Ал Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары туған жерден топырақ бұйырмаған ұлт көсемінің зиратын тауып, басына құлыптас орнатып қайтты.
Желтаудың баурайындағы Жекежал қыстағында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов өмірге келген. Арқаның Ақтоғай өңіріндегі бұл тарихи мекен бүгінде мемлекет қорғауына алынған. Қазір Археологтар ескі жұрттың орнын тазартып, екі бөлмелі баспана мен оған іргелес орналасқан қора-қопсыны қалпына келтіріп жатыр.
Арман БЕЙСЕНОВ, Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Бұл жерде тура 200-300 метр жерде ескі зираттар бар. Олар қалпына келтірілуі керек. Содан кейін Әлиханның ата-анасы, бабалары суын ішіп, пайдаланған бұлақ бар. Бұлақтың көзін ашып, оған дейін баратын сүрлеу жол салып, маңайын қоршау керек.
Жекежал қыстауынан 4 шақырым қашықтықта Әлихан Бөкейхановтың ата-анасы, бабалары жерленген «Талдыбейіт» зираты бар. Қысы-жазы көктеп тұратын зират ішіндегі зәулім ағашты Әлихан Бөкейханов өз қолымен отырғызған деседі. Мемлекет қорғауындағы бұл орын да бүгінде қалпына келтірілді. Ал ұлт үшін құрбан болып, басын бәйгеге тіккен Алаш Арысына туған жерден топырақ бұйырмай, сүйегі жырақта қалды. Жуырда Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Әлихан Бөкейханов Мәскеудегі әйгілі Дон зиратына жерленген деген дерек алады. Сол жерге барып, жерленгендер тізімі жарияланған кітапты қарап шығады.
Жанболат БАЙМҰРЫНОВ, ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Дерек көз: khabar.kz