Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көкшетауда Абылай хан ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмi өттi

2812
Көкшетауда Абылай хан ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмi өттi - e-history.kz
Абылай ханның 300 жылдығын атап өтуге арналған мерекелiк шаралар даңқты қолбасшы Абылай ханның ескерткiшiне гүл қоюдан басталды.

Көкшетауда Абылай хан ескерткiшiне гүл шоқтарын қою рәсiмi өттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

Абылай ханның 300 жылдығын атап өтуге арналған мерекелiк шаралар даңқты қолбасшы Абылай ханның ескерткiшiне гүл қоюдан басталды. 

Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Мұхтар Құл-Мұхамед, Ақмола облысының әкiмi Қосман Айтмұхаметов және зиялы қауым мен БАҚ өкiлдерi қатысты. 

«Елбасы Н.Назарбаевтың осы мерейтой қарсаңында жарық көрген мақаласында Абылай бабамыздың қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуындағы баға жетпес еңбегiн зор бағалай келiп, «туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуiрi артқан ауыр жүктi қайыспай көтеріп, ел алдындағы парызын атқарып кеттi» деп атап көрсеткен. Бүгiн Сарыарқа төрiнде, Көкше жерiнде осы ұлы тұлғаның 300 жылдығын атап өткелi отырмыз. Екi күнге созылатын мерекелiк шараларға бiр кiсiдей атсалысуға шақырамын, - дедi Ақмола облысының әкiмi Қосман Айтмұхаметов.

Дерек көз: bnews.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?