Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Біздің батыл мақсаттарымызға сай келетін бағдарлама - Г.Кан

1661
Біздің батыл мақсаттарымызға сай келетін бағдарлама - Г.Кан - e-history.kz
Георгий Канның оқулығында, мысалы Қазақстан тарихының ең маңызды бөлігі не және ел тарихындағы ең маңызды тұлғалар кімдер деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.

Президенттік «Халық тарих толқынында» бағдарламасы - біздің батыл мақсаттарымызға сай келетін жаңа үлгі, деді Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің философия және тарих кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан «Қазақстан тарихын зерделеудегі инновациялық әдістемелер» 3-секциясының жұмысы барысында, деп жазады BNews.

«Президенттік «Халық тарих толқынында» бағдарламасы – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Жолдауында айтып өткен біздің батыл мақсаттарымызға сай келетін жаңа үлгі. Философтар мен гуманитарийлермен болған алғашқы пікірталастар тарихтың міндеті өзгеруіне қатысты басталған болатын», - дейді Кан.

Георгий Канның сөзіне қарағанда, Қазақстанда әлемдік көзқарастың, әлемді танудың, және ең бастысы әлемді қайта жаңартудың негізі тарих болып табылады.

«Бес жыл бұрын біз оқулық дайындай бастадық. Сол кезде Қазақстан тарихын уақыт бойынша виртуалды түрде, кеңістік бойынша нақты түрде шолып өтуді шешкен едік. Оқулық e-history.kz порталында жасалды. Онда Қазақстан тарихыны жаңа көзқараспен қарауға арналған ақпарат көзін тану әдістемелігінде жөп жаңалықтар бар», - деп хабарлады Кан.

Георгий Канның оқулығында, мысалы Қазақстан тарихының ең маңызды бөлігі не және ел тарихындағы ең маңызды тұлғалар кімдер деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.

«Сондай-ақ, қазақтар ұлт болып қалыптасқанға дейін не болған. Осы жерде автор Қазақстан тарихының басқа елдерге қатысы бар ма және бұл тарихта көпшілік біле бермейтін маңызды бірдеме бар ма, және ең бастысы, Қазақстан тарихында оны зерттеп жүргендер білуге тиіс не бар екендігі туралы жазады», - деп түйіндейді Г. Кан.

Дерек көз: bnews.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?