Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаңа зертхана археологиялық ескерткіштер мен жәдігерлердің жастарын анықтауға мүмкіндік береді

2415
Енді қазақстандық ғалымдар Алматыда ашылған геоархеология зертханасында археологиялық ескерткіштердің жастарын анықтай алады.

Енді қазақстандық ғалымдар Алматыда ашылған геоархеология зертханасында археологиялық ескерткіштердің жастарын анықтай алады. Бұл туралы ortcom.kz сайтына берген сұхбатында әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы «Геоархеология» халықаралық зертханасының меңгерушісі Жәкен Таймағамбетов мәлім етті.

«Археолог ретінде бұл зертхананың уақтылы ашылғанын айта аламын. Себебі, археология саласында өзім жұмыс істеп келе жатқан 30 жыл бойы барлық ескерткіштер мен жәдігерлердің мерзімдерін шетелдерде анықтап келдік. Енді Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚазМУ жанындағы зертханаға қаржы бөлініп отыр. Біз «Геоархеология» деп аталатын зертхана ашып отырмыз», деді Ж.Таймағамбетов өз сөзінде.

«Мысалы, алғашқы қауым адамдарының тұрақтарында жүргізілген қазба жұмыстарының барысында 8 метр тереңдікте жағылған от орны табылды. Сонда табылған көмірдің қалдықтарын зерттеу арқылы біз ол алаудың қай дәуірде жағылғанын анықтай аламыз, және соның негізінде біз археологиялық ескерткішті даталаймыз. Немесе қорғандарды қазу кезінде ағаш бөлшектері табылады. Енді сол ағаш бөлшектерін зерттей отырып, оның түрін, ескерткіштің қай дәуірде салынғанын анықтаймыз», деп түйіндеді өз сөзін ғалым.

Дерек көз: ortcom.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?