Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Арал маңының тарихи ерекшеліктері

1634
Қызылорда облысы ежелден Шығыс пен Батысты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болып табылады.

Қызылорда облысы ежелден Шығыс пен Батысты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болып табылады, оның дәлелі осы өңірде 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи, сәулет, археологиялық ескерткіштері мен кесенелерінің орналасуы.

Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына ежелгі Сауран мен Сығанақ қалалары, Сунақ Ата, Айқожа ишан, Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз кесенелері мен мазарлары, Ақтас мешіті және аты әлемге әйгілі Қорқыт Ата мемориалды кешені кіреді.

Сыр өңірі бүкіл түркі әлемінің абызына айналған Қорқыт баба, атақты Әйтеке би, бүкіл Орта Азияға әйгілі қолбасшы, Самарқанның әміршісі Жалаңтөс БаҺадүр, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар туған жер. Өз отанының адал ұландары, нағыз патриоттар Ғани Мұратбаев, Мұстафа Щоқай, ел арасында дала академигі атанып кеткен Ыбырай Жақаев сияқты басқа да қазақтың мақтанышы бола білген көптеген атақты адамдарды өмірге әкелген де осы Сыр даласы. Оларды аттары тарихқа еніп, есімдері өздерінің кіндік қаны тамған шаңырақтырының қабырғасына ойып жазылған. Бұл жерде Олимпиада ойындарының тұнғыш екі дүркін чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы, қазақстандық зілтемірші - Илья Ильин де туған.

Өңірдің маңызды орындарының бірі – іргесі 1955-жылы қаланған «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы және т.б. факторлар ескерілді. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.

«Жол картасы» жобасына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде көрсетілетін нысандардың бірі болып табылады. Өңірдің инфрақұрылымы жаңартылып, жаңа нысандар салынады. Келешекте Байқоңыр ғарыш айлағы, Қорқыт ата кешені, Қамбаш көлі маңайы халықаралық туризм орталығына айналады.

Дерек көз: ortcom.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?