Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ж.Таймағамбетов: Қазақстан аумағына адамдар 1 млн жыл бұрын қоныстанған

3207
Бұдан бұрын қазақстандық археологтар ел аумағын алғашқы қауымның адамдары 500 мың жылдан астам уақыт бұрын мекендегенін хабарлаған еді.

 Бұдан бұрын қазақстандық археологтар ел аумағын алғашқы қауымның адамдары 500 мың жылдан астам уақыт бұрын мекендегенін хабарлаған еді. Дегенмен таяуда жүргізілген зерттеулер бұл санды екі есеге дейін ұлғайтты. Бұл туралы «Геоархеология» халықаралық зертханасының директоры, профессор Жәкен Таймағамбетов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

«Бұл Қазақстан аумағында 10 жыл бойы зерттеу жүргізген Қазақстан-ресей археологиялық экспедициясы жұмысының нәтижесі. Біз Қазақстанның 4 өңірінен Олдувай мәдениеті деп аталатын Африка аумағынан табылған ежелгі саймандарға өте ұқсас тастан жасалған еңбек құралдарын таптық. Құралдар 1 млн-ға жуық жыл бұрын қолданылғаны анықталды», - деп хабарлады Ж.Таймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, артефактілер жердің үстінде емес, өте тереңде жатқандықтан еңбек құралдарының жасалған уақытын дәл анықтау қиынға соқпаған.

Дерек көз: bnews.kz


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?