Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түркі халқы «мәңгілік» болу керек

1744
«Мәңгілік ел» мемлекеттік идеологияға айналып, халқымыздың ежелгі тарихын болашаққа деген талпынысымен қосады деп, сенім білдіреді тарихшылар мен философтар.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ұсынылған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тұжырымдамасы бүгінгі күнде ғылым саласында белсенді талқыланып жатыр, деп хабарлайды 24.kz. 

Ел, мемлекет, еркіндік, Тәуелсіздік – сияқты осы қасиетті түсініктерге біздің ата-бабаларымыздан мұра боп қалған тарихи ескерткіштер толы. Дәл осыларда қазақстандықтардың қазіргі ұлттық идеясы негізделеді, деп ойлайды ғалымдар. 

Мұхтарбек Шайкемелев, философия ғылымдарының докторы:

 - «Мәңгілік ел» түсінігі көне заманнан келе жатыр. Ежелгі түркі ескерткіштерінде түркі халқы «мәңгілік» болу керек деген сөздер қашалып жазылған. Қоғамдастық, бірлік және халық күші идеясы халық ауыз шығармашылығында ақындармен және қарапайым адамдармен ауыздан ауызға берілген. Бүгінгі күнде жерді кейінгі ұрпаққа сақтап қалу сияқты нақыл сөздер өте өзекті.

Мұхтарбек Шайкемелев, философия ғылымдарының докторы:

 - Қазақтардың ұғымы туған жермен, оны қорғау ұмтылысымен, туған жерде бірлік пен бейбітшілікті орнатумен байланысты. Менің ойымша, «Мәңгілік ел» идеясы ел бірлігімен және де бүгінгі күннің басты құндылығы болып саналатын – Тәуелсіздікпен байланысты. Президент ежелгі даналық және де Қазақстан өз алдына қоятын заманауи міндеттердің қосындысын қамтитын, Патриоттық актіні әзірлеуге тапсырма берді. Осы жұмыста Қазақстан халқының Ассамблеясы белсенді атсалысады. Осы органның тәжірибесі мол екендігіне ғалымдар кәміл сенеді, және де осы тәжірибені этносаралық диалог пен өзара әрекет етудің жаңа нысанында іске асырудың уақыты келді.  



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?